"Голубой" құстарымыз


Алдында блогымда австралиялық амадин құстарын ұстаймыз деп жазған едім. Бела, Мала атты жұп болған, кейін Мала жұмыртқалады да қайтыс болды. Бела жалғызсырамасын деген оймен осы түрінен тағы екі құс сатып алғанбыз ғой, бірі ұрғашы, бірі самец деп. Сөйтсек, бәрі де самецтер болып шықты.

Барлығының самец екенін бір ай өткенде білдік, ұрғашысын әні аламыз, міні аламыз деп жүргенде арада көп уақыт өтіп кетті. Басында бір-бірлеріне тез үйреніспесе де, төбелес, жанжал болмаған. Екі күнде тіл табысып тату-тәтті өмір сүріп кеткені. Табиғатқа қарсы шығуға болмас деп жақында ұрғашысын сатып алдық. Қызықтың көкесі басталсын енді. Екі апта болды ма қызымыздың келгеніне, ұлдар әлі қабылдамай жатыр. Бишара қызды қуып жүргендері тырқыратып. Үш күн үндемеген қызымыз ақырында олармен төбелесетінді шығарды. Қайтсін енді, оған да жан керек. Торда екі үйшік, соның бірін қазір қыз жеке иемденіп алды. Ұясын уютно қылмақ болып тасығандарын ана ұлдар алып қашып маза бермейтінін қайтерсіз. Мен ұлдарымыз «көгілдір» болды, енді адам болмайды деген диагноз қойып тастағаным қашан, ал көршімнің үміті әлі өшер емес . Дені дұрыс болса ендігі қызбен бірге ұялайтын уақыттары болды, ал біздің ұлдар бір-біріне жабысып айрылмай, ана қызды қуып жүргендері. Кішкентай тар ұяшыққа үшеуі тығылып несі бар екен
Бөлісу:

38 пікір

JAKO
Шынында таңқаларлық жағдай екен.
satibaldi
ұрғашысын әні аламыз, міні аламыз деп жүргенде арада көп уақыт өтіп кетті.
Оған қажеттілік барына түсіністікпен қарағандарыңа рахмет
balzaminka
енді түсінушілік деген болу керек қо
meirzhan
Тағы бір ұрғашының алсаңдар жақсы болушы еді негізі. Ана жігіттер өздерінше бірін-бірі аяп ұрғашыға жақындамай жүрген шығар.
Beytanis
Бәлкім, мәселе "ұлдарда" емес, қызда болар… Лесби, феминист дегендей
satibaldi
Иелеріне тартқан шығар…
balzaminka
мысығымыз кімге тартты екен онда
Beytanis
Мысығыңыз +18 фильмдерін көп көріп қойған!
meirzhan
Кіммен көрген десейш
Gamk
+ «Камасутра» оқыған.
meirzhan
Табиғат өз дегенін бәрібір істетеді ғой. Просто сол ұлдар «сен бар, сен бар» деп біріне-бірі жол беріп жүрген шығар.
Beytanis
Түрмедегі тордағы достық өлгенше деген қағида болар. Ұрғашыға көңіл бөлсе, братсвалары бұзылады, т.т. құстардың кодексі…
meirzhan
Оны әлгі құстармен сөйлесетін Жүсіп Мероғлының досынан сұрау керек.
Beytanis
Бұ жағдайда Құсшы бей де қауқарсыз-ау
satibaldi
Табиғат өз дегенін бәрібір істетеді ғой
Істемей жатыр ғой енді мына құстар…
meirzhan
ПредМатчовый Синдром
Beytanis
Ұялшақ тотылар болуы әбден мүкін. Халық арасында «тормыз» деп айдар тағады ғой. Сол секілді қарама-қарсы жыныстылармен «тіл табысу» жағынан «тормызы ұстаған» шығар. Әлгі үшеуін үш бөлу керек, сонда барып бір әрекет болмаса…
meirzhan
Егер чынның жүзіне қарар болсақ, жалпы жануарлар әлемінде мұндай бір жынысты жұптар кездеседі. Сонымен қоса бұл попугайлар иесінің экспериментінің құрбаны да болуы мүмкін.
balzaminka
 солидарные деп қойыңыз
meirzhan
Голубой дегенше солидарный деген жақсы ғұә
meirzhan
Негізі жануарларды сатып алып ие болғансын жауапкершілік болу керек.
Бірақ өзімнің дде аквариумым атылған болатын.
VKM
Менің тетямда Николь мен Михель деген попугайлар бар.22 Наурызда 2 жұмыртқа басып шықты. аттарын Наурызгүл, Наурызбай қойыпты. Бір орыстарға сатқанда айтыпты: аттарын өздері біліп қалды,өзгертпеңдер деп… прикол)
Beytanis
Тотыларына қойғанша, бала-шағаларына дұрыс есім қойса игі еді. © Құрметсіз жарты данышпан атай өсиеті.
balzaminka
Венерджон, одан кейін не болды екен?
meirzhan
Тотылар христиан болып кетіпті деседі.
saken
есімдері Мартин мен Марта болыпты десей )
VKM
Білмедім ол жағын) Николь мен Михельмен олар кәдімгіше сөйлеседі
Gamk
Тірі табиғат бұрышың қызық екен. Көтеріп қоя беретін мысық, «көгілдір» құстар. )))))
balzaminka
 іш пыспайды
satibaldi
Еее, маған бірнәрсе жаңа жетті…
Есіктің алдында жүретін шал бар, ермегі — кептерлерге бөлке лақтыру. Біз лақтырсақ — жоламайд: аурамыз жаман ба, әлде… Әлде шал көгілдір???
balzaminka
бар гәп өзіңізде емес пе екен?
Altygradus
Тірі табиғат бұрышың қызық екен. Көтеріп қоя беретін мысық, «көгілдір» құстар. )))))

не ғой Гүлшок осы марғауларын қайтесіңдер, жылына қырық балалайды ғой өзі
balzaminka
өзі кіріп алды үйге, кет дегене кетпейді, одан қалды көршім жақсы көреді))
Abilakim
1 комнаталы үйге бір қыз бен екі жігіт қонса не болады екен?
balzaminka
жігітке салса әрине бірнәрсе бүлінеді, ал қызға салса қырықтың ішінен де аман шығуға болады
asaubota
еркек құстардың біреуін өлтіріп тасаңдар немесе жеп қойыңдар
satvaldo
обал болар. алдымен белсендiciн анықтап алған жүн.