Ерін

Шаттанғым – ақ кеп тұрғаны,
Лапылдаған отқа айналдым.
Ерініңнен өптім-дағы,
Өз – өзімді таппай қалдым.

Болмысыңды ұғынғандай,
Тек бір маған сенші-дедім.
Ерніңнен шырын балдай,
Ерніме енші бердің.

Көңілім саған құлшынар ма?
Көкірегімді басты ма елес.
Ерініңіз құлпынай ма?
Тәтті де емес, ащы да емес.

Жігерімді ұйытты үміт.
Еңсемді әрі биіктеттің.
Өзіңді мен сүйіп тұрып,
Өмірді де сүйіп кеттім.

Махаббатты қиын дер ем.
Ақ жолыңда өлсем мейлі.
Бірақ, сені сүю деген.
Сүйісумен өлшенбейді.
Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

10 пікір

konvict
Мен сүйіскенде көзім ашылып кете береді
Gastarbaiter
Дұрыс қой, монитор жалпақ болғасын жерде, көзіңді ашпасаң, аузы қайсы-көзі қайсы білмейсің ғой амиго
konvict
Лібәәә, мынау енді жетті маған.  
Beytanis
Анар. Ерін. Келесі не?
Altygradus
Анар. Ерін. Келесі не?
Beytanis
Әбілдің, енді жазылар өлең үшін уайымдап жүрмін. Әй, бір резонанс туғызады-ау...
Altygradus
айтпа
Beytanis
Флудтың жөні сол дегенімен, «шектен шығушылар» қаптап кетті.
satibaldi
Дерьмо. Құрметті қойшы қауым, жайлауға кетпей тұрып, поэзияның ақырғы демін көріп кетіңдер.