Этюд

Аспанның төсінде тебіскен арай,
Бұлттардан нұр атылып.
Қойлардың соңынан өріске қарай,
Қою шаң шұбатылып.

Үр сұлу шықты үйден нұрлана қарап,
Бұрымын күнге сүйгізіп.
Табиғат қанығар сырға ғаламат,
Әжесі жүрмесін біліп.

Көл бетін шиырлап жүзеді аққу,
Тазалық тамшысын ішіп.
Қойшының көңілі шырқайды гәкку,
Қолынан қамшысы түсіп.

Жігіт те келеді уәделі жерге,
Қойнында қуаныш әні.
Ару қыз шығады мәуелі белге,
Гүл толы бұла құшағы.

Шал салып айғайға ұлын іздейді,
Қыздарға бір бармағандай,
Кемпір де үздігіп қызын іздейді,
Өзі де қыз болмағандай.

«Бір болсын өмірде жұлдызымыз»-деп,
Қос ғашық сырласып тұр міне.
Шал менен кемпір де ұл-қызын іздеп,
Достасып алады бір күні.

Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

5 пікір

konvict
Даланың төсінде жетіскен Абай,
Қолтығынан кетіп.
Қыздардың соңынан қарай,
Қою… шұбатылып.

Сұр сұлу шықты саунадан жәймен
Кіндігін күнге сүйдіріп.
Күйеуі қанар сырға ғаламат
Жігіттер жүрмесін көз тігіп.

Абай Мақсұм
satibaldi
Кеше келгенде бақұлдасып үлгіретін бе едім?
Abilakim
Мен Олжастың өлеңдерін түсінем дегенше қартайып өлетін шығармын))) анау, Анар туралың жақсы еді негізі
Beytanis
Аспанның төсінде тебіскен арай,

Тағы да төс жайлы...
TERISKEY
«Бір болсын өмірде жұлдызымыз»-деп,
Қос ғашық сырласып тұр міне.
Шал менен кемпір де ұл-қызын іздеп,
Достасып алады бір күні.