Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды. Содан Салтанатқа хабарластым, ол біраз адамды құлақтандырыпты. «Астра» қонақ үйінде асықпай тамақ жеп отырғанымызда телефоным шыр ете қалды. Ар жағынан «Мен Silk Way City-дамын, сендер қайдасыңдар» деген жағымды дауыс естілді. Дауыс иесін бара көрерміз деп, қонақ үйден жүгіре шықтық. Жолшыбай бір көлікке міне салдық. Ол да бір Құдай жарылқағыр жігіт екен. Барлық проблемаларын соткасымен шешіп әуре. Машинасының артқы орындығында жатқан шақыру билеттері мен «Тілек бұрышын» көріп шумақтатып құттықтап жіберіп едік, риза болып кетіп қалаған жерімізге қолымызды қалтамызға салдырмай әкеліп тастады.
Содан сүйкімді дауыс иесі бар нөмірге қоңырау шалдық. Кездесуге жұрттан бұрын кеп қойған Қалдықыз болып шықты. Не керек сол жерде Айкона, Садық (Қабасақал), Теріскей, Мәншүк, Жалғас, Қуаныш жанұясымен, Мадлен, Салта, Ақұдай (ұмытып кеткенім болса ренжи қоймас) т.б блогерлер бас қосып біраз кәукілдесіп қалдық. Содан, саябаққа бардық. Ол жерде бізге Олжас Қасым (Анар жайлы өлеңі бар жігіт) Димаш, Айжан, Асхаттар(Өрімтал) қосылды. Оны-мұны әңгімелерді айтып біраз шертарқатып болған соң, қонақ үйге барып Арқадан арқалап әкелген қымыздан ауыз тидік. Өкініштісі бұл шараға блогер қыздардың ешқайсысы қатыса алмады.
Қымыздың арты жақсы отырысқа ұласып, 303-ші нөмірде Сатыбалды оқуларына ұласты.
Айтпақшы, МашшАллаһ Қарасақалдың сақалы блогқұрылтайдағы кездегіден қарағанда өсіп қапты.
ПыСы: Сәкен ағамызға (Ақұдайға) алғысым шексіз.
Бөлісу:

18 пікір

VKM
Сурет көргім келеді)))
Abilakim
Суреттер пошта арқылы келіп қалуы керек)))
asaubota
Алматыға барғым келедіде тұрады. сол жақтағы кездесулер күшті, иә?
Abilakim
Аха, мен сен қойған рекордты жаңартып кеттім. Әлгі… фонтандағы…
konvict
 Қаншаны бағындырдың бұл жолы?
asaubota
халық асулар алынды ма, қамалдар бұзылды ма соны білгісі келіп отыр. Ботабек қалай?
Abilakim
Ботабек аман-есен. Біз бағындырған асулар мен қамалдарымызға тоқмейілсіп кетпеуіміз керек. Біздің асар асуларымыз бен шығар биіктеріміз әлі алда)))
manshukn
Ия, жақсы отырыс болды. Әбіләкімнің екі сөзінің екеуі де әзіл екен.
AKY
Күшті)) Мен де барғым келед Алматыға!
LemonadeJoe
sonda kilen osy saittagy blogerler ma kezdesken))?
rakisheva
Иә, өте қызық болды
balzaminka
блогерлер ме, блоггерлер ме? тіл заңына сүйенсек, соңында тұрған дауыссыз әріп қосарлануы керек емес пе еді, әлде…
Gastarbaiter
Блогкер десе де болады тіл заңына сүйенсек
Abilakim
Патик пен Омарбраттың жоқтығын-ай деген өкініште кетті іште
saken
Арқаның қымызы керемет екен!!!
рахмет Айеке!!!
Abilakim
Арқаның қымызына сөз жоқ қой, келесі жолы қолтықтың қымызын апарамын))))
qisyq
Келемін деп келісіміңді беріп, ғазиз жүзіңді көрсеткеніңе рахмет.
Aikona
қымызды ішпегеніміз қиын болды тек
TERISKEY
@satibaldi оқулары қызық болды бәрінен. По полной программе біттік қой ішпей-жей. Рахмет Әбеке, қымызыңыа да,әзіліңе де! Аман жүр, ағасы…