Жарияны неге жасырады?

Алматыға 30 маусымда редакциялық тапсырмамен келдім. Бас қаланың ауа райы әдеттегісінен де әлдеқайда құбылмалы екен. Алматының аспаны бірнәрсеге, жұмыр басты пенделерге қатты өкпелеген бе деп қаласың. Сол күй адамдарға берілген бе, қалай...

Сонымен бүгінді қосқанда 14-ші күн болды, журналистік зерттеуді өз дәрежесінде жүргізе алмағанымызға. Кедергі бар. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан Исматулла Мақсұм, Саят Ыбырай және басқаларына қатысты іс бойынша ашық сот процесіне келген журналистерді сот қызметкерлері қатыстырмады. Ал, заңда жариялылық қағидаты бойынша, кез келген адам қатыса алатыны айтылған. Бірақ судья Қасым Қалмағамбетовтің айтуынша, оның «сот отырысы прессаға жабық» екен. Біз үш барып, үшіншісінде сот мекемесі ауласының есігінің алдынан «мәдениетті» құқық қорғау қызметкерлері «жылы» сөйлеп, шығарып салды. Бұған да шүкірлік еттік. Оның алдында (шілденің бірі күні) «31» телеарнаның тілшілері көшенің арғы бұрышынан сығалап қана қайтқан еді.

Осыған байланысты, кеше «Алаш айнасы», «Орда-kz» басылымдары журналистері атынан Жоғарғы соттың төрағасы Бектас Бекназаровтың атына арыз жолданды. Ендігі хабар Астанадан күтіледі. Одан нәтиже болмаса, сот қызметкерлерінің заңсыздықтары жөнінде арнайы журналистік зерттеу жүргізіп, қоғамдық пікірге жүгінгенді жөн көріп отыр.

Сот процесіне келген журналистердің айтуынша, ашық істің жабық өтуіне қарағанда «сопыларға» қарсы істің тапсырыспен жасалғаны байқалады. Менің ойым соған саяды. Әйтпесе неге жасырады, неге жабық өтеді?

Құрметті оқырман, осы блогым арқылы сіздерге осы мәселенің барысын алдағы уақытта жеткізіп отырамын.


dauren.kazjur.kz
Бөлісу:

10 пікір

Zilola
бұл қай жылы жазылған әңгіме? бүгін 15 шілде қателеспесем, ал сіз 30 шілдеде келіпсіз
AKY
Маусем шеғар))
Zilola
журналисттер күн-айдан шатасып отырса, роддомдағыларға реніш жоқ екен да е
tolagai
кетіңдерші на хрен сектанттар! исматуллаң да, басқаң да, сақалдың да, бахабың да! адамның нервісін ауыртып біттіңдер! сотталып, сотталып құрыңдаршы, и битті байыма айттар!
Daurenn
кешірім өтінем, қателік кетіпті, түзеп қойдым...)))
nurjanbay
дін мәселесінде ойын ашық айтуға көп адамның жүрегі дауаламайды. бәрі басын алып қашады. «не керек сол, тып тыныш жүрмей ме. маған мұның қатысы жоқ. әйтеуір балаларға абай болып қадағалап отыру керек. болды» деген сияқты «сен тимесең мен тимеймін» бадырақкөздер.
satibaldi
Ал кеп жыла, ал кеп жыла!!!
nurjanbay
сіздерге осы мәселенің барысын алдағы уақытта жеткізіп отырамын.
жақсы жаңалықтар жеткіз.
Lyaila
заңның қайсібірі «заңды» орындылып жатыр дейсіз… кімнің "өкілетілігі" бар, соның айтқаны «заң» Бұл жерде қоғамдық пікірдің "құзіретімен", «салмағымен» кім санасады?
Botik11
Алаш айнасының журналистері де өлетін жерін білмейді екен)