Еуропа Лигасында Қазақтар күні


Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның «Кечкеметімен» ойнады. Сырт алаңда соғылған бұл голдар келесі аптада ойналатын реванш матчтарына үлкен жеңілдік әкеліп отыр.
Сондай-ақ командаларымыз УЕФА рейтингіне де ұпайлар қосты.

Жеңіс көп болсын!
Бөлісу:

22 пікір

balzaminka
Osy joldan tez wygp kalmasn endi
blackbeard
Jana uaiymdap otyr edin Arsheke Kutty bolsyn
Nurgisa
Мажарларды жеңу керек еді. Кемінде екі жақсы мәмент қапыда кетті. Өз алаңында енді ашылар Ақтөбе.
Ирландияның командасы соққан бір голдан қорқып отырмын. Өз алаңында 1-0 жеңсе жетіп жатыр… Шахтерге сырт алаңда бір гол соғуға тырысу керек. Ойын алмакезек шабуылға құралады деген сөз.
Ертіс өз алаңында "құрғақ" итжығысты да місе тұтады. Бірақ жеңетін сияқты.
VKM
Админ аға бүгін норм жұмыс істеп, темекі көп шекпейді екен) Құтты болсын!
asaubota
Малик Маненің (Ақтөбе) голы www.youtube.com/watch?v=3jBmgJoZYFI
satibaldi
Малика-ау, тезкаң гол соғыпты, сенен екі қияр!
asaubota
Кечкемет — Ақтөбе матчының голдары, қауіпті сәттері kiwi.kz/watch/f9ktlvhwg8sm/
saken
құтты болсын, жамаат!!!

Мәліктің ойынына тәнті болып едім алдында бір көріп. Жараған екен қара бала!
asaubota
бүгін келесі раундтың жеребесі болады.

Кечкемет — Ақтөбе жұбының жеңімпазы келесі раундта мына командалардың бірімен ойнайды:

«Атлетико» (Мадрид, Испания), «Янг Бойз» (Швейцария), «Млада Болеслав» (Чехия), «Црвена Звезда» (Сербия, «Алания» (Ресей)
Nurgisa
ЦСКАға рахметінайтқыр Алания десейші… Тәк, осылар ыңғайға көнбіс сықпытты…
asaubota
Млада мен Црвенаны да өтуге болады бірдеме қылып
Nurgisa
оптимист — хабармен кемшін жарақтанған пессимист?!
asaubota
Егер Ертіс өте қалса келесі раундта мыналардың бірімен кездеседі: Hapoel Tel-Aviv FC (ISR), Stade Rennais FC (FRA), PFC Levski Sofia (BUL), Vitória SC (POR), FC Minsk (BLR)/Gaziantepspor (TUR)

Ал Шахтерға: US Città di Palermo (ITA), FC Dinamo Bucureşti (ROU), KR Reykjavík (ISL)/MŠK Žilina (SVK), FC Karpaty Lviv (UKR), FC Tauras (LTU)/ADO Den Haag (NED)
Nurgisa
Ертіс өте қалса болгарлықтар дұрыс келетін сияқты тебісуге.
Шахтерге — Рейкьявик…
asaubota
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 11:50