Бір орман ертегісі



Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін. Қайырымды болса да. Және көңілді болса да. Ол қызық әзілдер айтушы еді. Сол үшін де аңдар оны ұнатпаушы еді. Ұратын еді оны. Иә, өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе.

Қасқыр да сиықсыз және лас еді. Және ол сондай жауыз және мейірімсіз еді. Бірақ, аңдар оны жек көрмеуші еді және оны ұрмаушы еді. Себебі Қасқыр балалық шағында өлген еді. Өйткені, Аю Қасқырдан бұрын өмірге келген еді. Иә, Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.

Қоян да жауыз және мейірімсіз еді. Және лас еді. Қорқақ та. Қоян ешкімге жамандық жасамайтын. Өйткені қорқатын еді. Бірақ, сонда да бәрі оны ұрушы еді. Өйткені Жамандық үнемі жазалануы тиіс.

Тоқылдақ та жауыз және мейірімсіз болатын. Ол бірақ аңдарды ұрмаушы еді. Өйткені оның қолдары жоқ еді. Сондықтан бар өшін ағаштардан алатын. Аңдар да оны ұрмаушы еді. Өйткені оған жете алмайтын. Бір күні оның үстіне ағаш құлап, астында қалып өліп қалды. Аңдар ағаш Тоқылдақтан өш алды деп айтып жүрді. Бұдан кейін аңдар бір ай бойы ағаш түбіне сиюге қорқып жүрді. Сондықтан Қоянның үстіне сиюші еді олар. Қоянға салқын тиіп қалды да өліп қалды. Бәріне түсінікті еді бұл өлім Тоқылдақтың кесірінен екені. Тоқылдаққа ешкім тимеді. Өйткені, Тоқылдақты ағаштың астынан шығара алмады. Иә, кейде Жамандық жазасыз қалатын жәйттар да болып тұрады.

Көртышқан кішкентай және соқыр еді. Ол жауыз емес еді. Ол бар болғаны өз жұмысын жақсы жасаушы еді. Тоқылдақтың үстіне құлаған ағаштың түбін кемірген Көртышқан еді. Бұл туралы ешкім білген жоқ, сондықтан оны ешкім ұрған жоқ. Жалпы оны аз ұрушы еді аңдар. Көбінесе қорқытатын. Бірақ, оны қорқыту да оңай емес еді. Өйткені, ол соқыр еді, қорқытып жатқандарын көрмеуші еді. Қорқыта алмай аңдар қатты қайғырушы еді. Сондықтан Аюды ұрушы еді олар. Өйткені көңілдеріне қатты алып қалған еді. Бір күні Аю да Көртышқанды қорқытқысы келді. Бірақ, Көртышқан қорықпады. Өйткені оны Аю өлтіріп алды. Байқамай. Аю алаңғасарлау еді өйткені. Сол үшін аңдар оны қатты соққыға жықты. Аю оларға «тек, жәй әншейін әзілдеп қорқыттым» десе де. Иә, сенің әзіліңді ешкім түсінбегені де жаман.

Түлкі өте қу еді. Ол кез келген аңды алдап кете алушы еді. Алданғандар оны ұрмаушы еді. Бірақ, кейде сәтті алдай алмай қалатын кездері де болушы еді. Мұндай кезде оны бәрі ұрушы еді. Бүкіл орман болып. Ондай кезде Түлкі ешкімді алдай алмайтын. Өйткені сені ұрып жатқан кезде қулық жасау қиын болатын. Иә, өтірік түбі бір тұтам деген осы.

Қабан өте үлкен, күшті және қорқынышты еді. Одан бәрі қорқатын. Сондықтан оны бүкіл орман болып жабылып ұрушы еді. Немесе тас лақтыратын оған бәрі. Бұл Қабанға ұнамаушы еді. Бір күні түнде Қабан ормандағы барлық тастарды жинап алып, тығып тастады. Осынысы үшін Қабанды өте қатты ұрды бәрі. Бұдан кейін Қабан тастарды жинамайтын болды.

Ешкі жаман да жақсы да емес еді. Ол жәй ғана ешкі болатын. Ешкілік істейтін бәріне. Сондықтан оны ұруға бәрі қорқатын. Ешкілігімен Ешкі бәрінің жынын келтіріп болды. Сол кезде бәрі жабылып оны ұрды. Әйтпегенде Ешкі кәріліктен өлер еді. Бір күні, әйтеуір. Ешкі өлген кезде Аю қатты жылады. Өйткені ол Ешкіні ұнататын. Иә, махаббат деген жаман нәрсе, Ешкіні де сүйіп қалуың мүмкін.

Кірпі кішкентай және тікен толы еді. Ол егілетін. Ол мейірімсіз емес еді, ол табиғатынан солай инеге отырған еді. Сондықтан оны тек іштен тебетін бәрі, үстінде ине көп болғасын. Кірпіге бұл ұнамаушы еді, сондықтан бір күні ол қырынып тастады. Сол кезде оны жұрт қатарлы ұра бастады. Иә, жұрттан бөлек болу да оңай емес.

Күзен шамамен дәл Қоян сияқты еді. Бірақ, өте сасық еді. Одан өте жаман иіс шығатын. Сондықтан да оны ұрған кезде үстіне полиэтилен пакет кигізіп ұрушы еді. Иісі қатты шықпаған кездерде. Бір күні Күзеннің туған күні болды. Ол барлық аңдарды шақырды. Өйткені ол сараң еді және сыйлық алғанды жақсы көруші еді. Аңдар оған жаңа полиэтилен пакет сыйлады. Сосын есі танғанша ұрып тастады оны. Күзен пакетте тұншығып өлді. Оны солай жерлей салды. Пакетімен. Өте Алыс Орманға апарып. Өйткені өлі Күзен одан сайын сасық еді. Кейін Өте Алыс Орманның тұрғындары келді, бәрін ұрды олар. Өйткені, өлі Күзеннің иісі оларға ұнамаған еді. Иә, көршілермен тату тұру керек.

Атжалман да сараң еді. Және бай еді. Егер ол байлығымен бөліскен болса оны былай қатты ұрмас еді. Бірақ, ол сараң еді. Сол үшін оны қатты ұратын. Ол бәрібір бөлісетін байлығымен амалы болмай. Қатты жылаушы еді. Иә, байлар да жылайды.

Арыстан аң патшасы еді. Ол орманды басқарушы еді. Патшаны ұруға болмайды. Бұл заң. Бірақ, аңдар заңды ұмытқан еді. Аңдар Арыстанды да ұрушы еді. Еш себепсіз.

Өйткені бұл жерде солай.

P.S авторын білмеймін, өзім аудардым орысшадан.
P.S.S ешқандай терең ой, астар, мағына іздемеңіз.
Бөлісу:

30 пікір

KingBilly
Авторы — Андрей Паденко
asaubota
рахмет, ертегімен бөліскеніңе.
Zhan
 Аңдардың бір-бірін ұра беретіні қызық.
Zhan
Қанша ертегі оқып жүрсем де дәл мынадай шедевр ертегіні оқымаппын. Жүре берсең, көре бересің деген осы. Асау бота, ішегім түйіліп өліп қалсам, сен кінәлі боласың
Zhan
P.S.S ешқандай терең ой, астар, мағына іздемеңіз. — мынау маған намек па?  Сенен астар іздемейміз, үйретері бар адамдарға әрқашан қызығатыным бар. Қате түсініп қалғаныңды-ай, а.
JAKO
+Негізі қарап отытсам бұл ертегіден ғибрат алатын нәрселер өте мол, астарына үңіліп қарау керек екен.
asaubota
иә, осындай адам түрлері болады ғой.

оффтоп болса да айта кетейін: Аю деген лақапатты бір авторитет түрмеде вахтарға күн көрсетпеген екен, күнде ұрады екен. сол жақында еркіндікке шығыпты, сосын оны вахтар атып кеткен. енді қалада қырғын болып жатыр: менттер-вахтар-бандиттер махаббат үшбұрышы епты…
Nurgisa
Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін.

Құмалаққа қарап тұрғандай айтыпсың, ертегі де болса…
Пікір түзетілген: 26 шілде 2011, 17:16
asaubota
соны айтам ертегідегідей…

бұлар Арыстанды да ұрудан тайынбайды, өйткені бұл жерде өмір солай…
Zilola
Осы ертегі қатты ұнады, әпкеме де оқып бердім, күліп алдық. Сосын ше ана жануар кім күзен деген?
asaubota
негізі Скунс еді оригиналында, мен Күзен деп жібердім
KILYZAMAN
КЕРЕКИНФО — ОРМАН
VKM
бірден кім кім екенін жазып жіберіңізші, танкіде отырғандарға
asaubota
мынаны да Ертіг қауымдастығына қосып қояйын ба? :) балалар болмаса үлкендер оқиды ғой. мынаны балама айтып көріп едім, меңгере алмады.
Adiletshu
Күлкіден біреу өліп кетсе Асауботаны ұрамыз
Ereke
Барлық аңдарды өлтіре беретіні қызық екен
bi2
күлкілі екен… осылай аударылғаны әсер етті… редакциялаудың қажеті жоқ
dark_nazgul
асықпай отырып оқымаса…
dark_nazgul
Оқып шықтым. Теке неге ешкі болып кеткен?
ademi_alem
Өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе. Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.Жамандық үнемі жазалануы тиіс. Кейде Жамандық жазасыз қалатын жәйттар да болып тұрады. Сенің әзіліңді ешкім түсінбегені де жаман.Өтірік түбі — бір тұтам. Махаббат деген жаман нәрсе, Ешкіні де сүйіп қалуың мүмкін! Жұрттан бөлек болу да оңай емес. Көршілермен тату тұру керек.Байлар да жылайды
Иәәәә, өйткені бұл ӨМІР.))) Мағынасы өте терең ертегі екен…
ken
Скунс аударылмайтын болса керек. Біз жақта ондай аң тіршілік етпейді. Күзен басқа жануар.
Abilakim
Басқа хайуан екені басқа, бірақ «Күзен» деген аң да өте сасық және сол скунсқа ең жақын аңдардың бірі шығар біздегі
asaubota
аудармашы кей аңдарды өз қалауы бойынша өзгерткен. неге, неге деп сұрамаңдар на!
aikarakoz
Керекинфода неге помидор лақтырып, қызыл ала қылатынын енді түсіндім
asaubota
ертегі оқыңдар детилер