Футбол синдромы...
Басталды менің ауруым тағы да… Бүгін футбол. Менің «Ақтөбем» Еуропа лигасында Венгрияның «Кечкемет» командасымен ойнайды. Әрине, біздің ТВ ол ойынды көрсетпейді, ақша жоқ, техника жоқ сгин. www.livetv.ru сайты аман болсын, интернет арқылы көремін ойынды.
Менде осындай маңызды футбол болатын күндері ауруым басталады. Күні бойы барлық жұмыстар жайына қалады. Тек осы футболды ойлаумен боламын. Ойын басталады ауру асқына бастайды, айналаңдағы бәріне жының келеді, ешкіммен сөйлескің келмейді. Ойын бітеді, ұтасың немесе ұтыласың. Қуанасың немесе боқтайсың. Сосын бір темекі, сок, ұйқы. Ертеңіне түк болмағандай өмір қайтадан жалғасады…
бұл фильмдегі кейіпкер сияқты мен де негзі өмірде тыныш адаммын. бірақ, стадионда адам танымастай өзгеріп кетемін. тек мен емес айналамдағылар да сондай. былайғы өмірде мұғалім, банк менеджері, инженер, дизайнер т.б неше түрлі мамандық иелері, ешкімнен айырмашылығы жоқ адамдар. бірақ, футбол кезінде бәрі өзгеріп кетеді.
-Әке үйдегі добымды әкеліп берейікші мына ағаларға. Әйтпесе бәрі бір допқа таласып жатыр ғой. — деген екен.