Таңғаларлық жағдай.
Жұмыс бабымен қаламыздан 60 шақырымдай жердегі Алға қаласына барып қайттым. Кешке шейін жұмыстарымды бітіріп болып, одан әрі әке-шешем тұратын Тамды ауылына тартып кеткенмін. Содан келесі күні кеше таңертен, кейін қайтуға таксилер жүретін жерге келдім. Біраз адам жиналып тұр екен ол жерде. Алдыңғы аптап ыстықтан кейін, түнімен жаңбыр жауған соң ба?! күн біраз тоңатындай салқын жел болып тұр.
Ыққа тығылып тұр едік бір такси келе қалды да бірінші топ мініп кетті. Одан шамалыдан соң тағы бір такси келіп оған жүгіргендер мініп үлгерді. Неге екенін білмеймін тоңып тұрсам да біртүрлі аяғым жүрмей қойды. Опшым жалқаулық ұстап қалды жүгіртпей жалғыз өзім тұрмын екі таксиды жіберіп қойып. Іштей өкініп тұрмын жаңа жүгіргенде ендігі кетіп бара жататын едім деп. Сүйтіп тұрғанда шамамаен 15 минуттан кейін бір машина келіп тұра қалды да шофері терезесінен,- брат барасын ба дейд. Отырып алдым. Содан келе жатсақ алдымызда трассаның үстінде масқара авария болыпты. Трассаға көлденең үлкен ЗИЛ машинасы аударылған цемент тиеген екен, олар шашылып қалған. Алдыңғы екі дөңгелегі жоқ ұшып кеткен. Жаңағы алдымызда ғана кеткен такси трассадан шығып кеткен быт-шыт болыпты. Трассаның келесі бетінде тағы екі жеңіл машина шығып кеткен қырғын болып қалыпты.адам шығыны болды ма ол жағын білмеймін әйелдер жылап тұр. Үш-төрт адамды жолда келе жатқан машиналар алып кетіпті ауруханаға Алғаға. Содан кеше үйге келіп күнұзақ біртүрлі күйде болдым. Ана таксиге мінгенде мүмкін қандай жағдайға ұшырар едім деп… Бұл кездейсоқтық па әлде қалай… Жалқаулықтың да пайдасы тиеді екен-ау?!.. Басыңа жазылса болатын нәрсе болар-ау мүмкін… Дегенмен де бір апаттан аман қалдым не болса ол болсын достар.
Пы.Сы Айтпақшы суретке түсірмедім. Адамдар жылап бақытсыз жағдай болып жатырғанда суретке түсіріп жатырғанды артық көрдім. Денең түршігіп кетеді екен тіпті…

Аман бол!
Мұндай белгілерден кейін әдетте көбісі тәубәсіна келіп, сәждеге бас ұратыны бар сосын.