Өзіңнен баста немесе қандай тақырыптардан қажи бастадым?

Интернеттегі ұлтшыл белсенділіктен шаршай бастадым. Бұрын да айтатын едім, қазір де айта кетейін. Мұны тек мен емес КерекИнфо қолданушыларының көбісі айтады. Иә, шаршадық «Ойбай, қазақ» стиліндегі құр-айқай мақалалардан, пікірлерден.
Не үшін жазылатынын да түсінбеймін. Ондай нәрселерді орыс тілінде немесе басқа тілде жазу керек деп ойлаймын. мәселе көтеріп, біреулерге арналған нәрсе жазған кезде ол оны қазақша оқымайтын, түсінбейтін болса не керек деймін қазақша жазып? Астына мыңдаған ұлтшыл камент жинау үшін бе?

Неге тек қазақ оқи беруі керек? Ұлттық идеологияны қалыптастыру ма әлде бұл?

Қазақпын деген адам онсыз да ұлтшыл болады. Ұлтшыл екендігін басып айтпайды да. Ұлтыңа, тіліңе пайдаңды тигізгің келеді ме? Ең қарапайым нәрсе: қазақша сөйлес, қазақша өмір сүр, қазақша ойлан. Болды. Осының өзі жетіп жатыр. Сен қазақша сөйлесең айналаң да сөйлейді. Сөйлейтіндер көбейеді. Үнемі қолданыстағы тіл өлмейді.

Керекшілер мұны әлдеқашан түсінген. Бұл жерде ондай мақалалар өтпейді, ренжімеңдер.
Бөлісу:

27 пікір

Abilakim
Сенбі күні Алма Тв төлеуге соқққам. сол жерде бір орыс шал Медведевті «Наш президент» деп… ой не айтып кеттім)))))
Жұрттың көбі шаршады шыны керек осы тақырыптан. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетеді» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған болар
Zhan
Әсіресе «Абай кз» пен «Маса кз»-ке қарасаң, қазақ қүрдымға кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. Сонша дүрліктіретіндей дүние төңкеріліп бара жатқан жоқ қой. Ұлтқа жан ашудың жаңа тәсілі керек. Оның қандай екенін жақсы айтыпсың. «Ең қарапайым нәрсе: қазақша сөйлес, қазақша өмір сүр, қазақша ойлан. Болды. Осының өзі жетіп жатыр. Сен қазақша сөйлесең айналаң да сөйлейді. Сөйлейтіндер көбейеді. Үнемі қолданыстағы тіл өлмейді. — Осы сөзді Елбасы да әр шенеуніктен талап етсе ғой хотя бы апта сайын.
Abilakim
Ол кісі таңертең талап етсе, барлық әкімдер қазақша баяндамамен түстен кейін есігінің алдында тұрар еді.Бірақ ол кісі олай етпеді және етпейді
kokbori
Осы сөзді Елбасы да әр шенеуніктен талап етсе ғой хотя бы апта сайын
Мүмкін Елбасы талап етпегесін, басқалар талап еткісі келген шығар
dark_nazgul
Мына пікір жазылғанда «шын.кз» деген шықпай тұрған кезі екен ғой әлі)))
VKM

Орысша не ағлышынша жазылса, шалақазақтар оқу үшін.Біз онсыз да патриоттармыз
Gastarbaiter
Done
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 16:17
meirzhan
 Бұл туралы өзге тілде айту керек. Тек орыс тілді БАҚ-тың үндемей қалуы өкінішті.
blackbeard
@abaubota осыдан кейін сені қалайша әулие демейміз
boztorgai
темучин айтпақшы, ұлы істі үндемей тындыру керек қо
біздің тірлігіміз түбі мезі ететін әншейін сөз бе деп қалам
sammita
Уа, Админ мырза, дат
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ
Armanjan
қазақша сөйлес, қазақша өмір сүр, қазақша ойлан.
өкінішке орай көбісі орысша ойлап алады да сосын оны миында қазақшаға өзінше аударады, сосын барып ойын жеткізгенде сапасыз шығады. Меніңше тілге қатысты мықты заң қабылдап, соның аясында әрекет еткен дұрыс шығар. мысалы жол жүру ережелеріне қатысты заң шықты да, оны бәрі мұқият орындауға кірісті, өткенде СТО-да көліктің мотор және тормоз майларын ауыстыртып тұрмын, сонда стошник айтады мәшинеңе отырып тормозды кашайттап жібер деп, ал мен отыра салып ременді тағып жатырмын, міне заңның миға соншалықты кіріп кеткені, тілге қатысты да солай миға ұратындай етіп заң қабылдаса неге болмасқа.
Botik11
дұрыс! браво Арчи! ұлттың мүдде туралы айта беретін адам өзіне өзі сенімсіз лох деген сөз. ал біз қазақтар әрқашан өрміз)
asaubota
маған Арчи дейтіндей пибілес немесе сауналас болып па едік? а?

 әзіл ғо, ойнап айтам.
a63a1
негекенін қайдам кейінгі кезде ұлтшылдар мен діншілдер, жыныс аралық қақтығыстар жетіспей жүр.=)
kokbori
Троларалық қақтығыстар жалғасын табуда
Gastarbaiter
Мен әлем тарихының арнайы тақырыптарында ізденіп, ақпарат жазатын қолданушыларға плюсымды аямас едім.
Және ол тақырыпта жазуға осы жердің потенциалы(қауқары) жетеді. Кешегі отырыста жа шет жағасы айтылды.

1) Билердің тарихы. Жоғей нақ, Әйтекесі нес, кәдімгі мың бұралған, танымал би түрлерінің тарихы (ВКМ). Экзамен тапсырып байып кеткелі жатқан ешкім жоқ, бірақ танымдық бірдеңелер оқу үшін, осы тақырыпта ізденіп, біреу қызықты ақпаратар салынса, ауыр-ауыр плюстардан жауыдырып, респектімді айтар едім.

2) Театрлар мен ойын-сауық түрлерінің тарихынан біреу әу деп жіберсе.

3) Экзотикалық тайпалар, олардың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық құрылысы туралы серия.

4) Киім-кешек және Мода тарихы (Мәселен, аяқ киімдер тарихы ежелден бастап)

5) Аңызға айналған көтерілістер (Өзіме алып қойғанмын, бірақ жазам дегендерге жол берем)

6) Энергия көздері сериясы (Ежелден бүгінге дейін)

Осындай тақырыптарда ізденіп, түрлі сурет, видеоконтенттерді, және бастысы қазақша мәтінді оқығым келеді, және менің ғана емес деп ойлаймын.

Жазба жазудан, және жалпы таным үшін (жеке бас пайдасы үшін емес) ақпараттанудан ләззат алам деушілер осыған назар аударса деген үміт.
kokbori
Жақсы екен, бірақ оны танымдық сайт, газеттерге жазар еді, бейнеттеніп тапқан олжасын. Содан соң барып осында салады. Ал ондай жағдайда дәмі кетіп қалатыны айқын ғой
Gastarbaiter
Енді олай ешкім жасамайды деп ойлау, тек кейбір қазззақтарға ғана тән.

Қарулар сериясын тым жақсы жүргізді Сатыбалды, Қисық та қылмыскерлер жайлы салып жүр.

Сосын мынаны қайта оқы:
«Жазба жазудан, және жалпы таным үшін (жеке бас пайдасы үшін емес) ақпараттанудан ләззат алам деушілер осыған назар аударса деген үміт. „
kokbori
Үмітіңді түсініп отырмын, бірақ айтып отырған кейіпкерлерің ақсақалдар ғой, одан да жастарға блоггер болам десең эксклюзив жазбалар жазыңдар деп бағыт сілтей салсай, әңгімені көбейтпей. Өйткені, қазір блог деген жай жылаңқы әңгіме айтып, ұрысқақ пікірлерді тоғыту деп түсінетіні жасырын емес
Gastarbaiter
шайнап бердім ғой бірінші пікірімде-ақ. Айтарымды ішімде түйіп, жарты пікір жазу әдетімде жоқ. Мазамды алма бостан-бос. Алатын адам тіпті базарда да бірден түрінен белгілі, сенікі әншейін мен жақтан қандай да болса жауап тудыру амалы.
kokbori
Жауап бере берсей, нең кетеді? Зерттеуім үшін керек ед
burkitshi
ал мен бар ғой анау кезінде сөйткен, мынау кезінде сөйткен, анау сондай адам, мынау сондай адам, анау ананы анадан ұрап алаған, мынау мынаны мынадан ұрлап алған деген секілді бір-бірінің артын ашқан әңгімелер мен посттардан шаршадым
Соңғы түзету:
ken
келгеніңе жарты-ақ ай болыпты. әлден шаршап жүрсің бе?