Бір саусағы шолақ (молақ) қыз

Ауылда нанды табаға жауып, қидың қызуымен пісіреді. Біздің ауылда солай әйтеуір. Нан таусылып қалу деген мәселе болады кейде. Сол кезде көрші үйден бір таба нан сұрап аласың. Бір күні біздің үйде нан таусылып қалды, қырсыққанда қантта бітуге таяпты(мыналар жарымаған сорлылар екен демеңіздер, бұл сонау 90-шы жылдар, әйтеуір 90-91ші жылдың біреуі). Әжем мені ауылдың орталығында тұратын үлкен ұлының үйінен қант пен нан алып келуге жіберді. Әжемнің үлкен ұлы менің әкем.Мен сөйтіп сары «Пионеріме» мініп ап, балағым жыртылғанша айдадым.Неге екенін білмейм, менің триколарымның балағы қырқаяққа ілінуге құмар. Тізесі туралы әңгіме айтпай-ақ қояйын.Алға бір метр шығып кеткен олда. Біз Талдыбұлақ деп аталатын 15 үйлі мүйісте тұратынбыз. Зырлап отырып жетіп бардым.Не тапсырмамен келгенімді айтып бердім. Тәтем (шешемді кейде тәте деп, кейде атымен атай беретінмін) шүберек қалтаға қантымен бір нанын салып берді. Қалтаны рөлге іле сап орнымнан қозғалып кеп қалдым. Бақ ете қалған дыбыстан шошып кеттім.Сөйтсем белесебетті шұқып көрші қыз отыр екен артқы дөңгелек жақта. Саусағы артқы кішкене қырқаяқтың арасында қап қойыпты.Қан сулап жатыр, анау бақырып жатыр.Менің де есім шығып кетсе керек дөңгелекті ақырын артқа айналдырудың орнына бір-екі айналдырып жібердім. Әйтеуір үлкендер кеп ол қызды медпункт жаққа алып кетті.Мен үй жаққа зымырадым. Ол қыз менен 3 жастай кіші көрші қыздары екен. Үкіметтің жапсарлас салатын үйлері бар еді ғой. Полдомик деуші ме еді?! Бұл оқиға маған сор болып жабысты. Ағаларым «Біреудің қызын кемтар қылдың, енді оны кім алады? Өзің аласың өскенде» деп жынды қылатын.ана қыздың бала кезіндегі түрінен-ақ әдемі қыз болу мүмкіндігінің аз екенін болжағам. Түрі онша емес, бір саусағы шолақ әйелмен тұрып жатқанымды бала жүрегім қабылдай алмаушы еді. Кейінірек мен әскерде жүргенде ол қыз байға тиіп кетті.Бәрібір алмаушы едім))))
Бөлісу:

21 пікір

Beytanis
Негізі, бір немесе екі қолы жоқ адамды шолақ дейді, бір саусаққа қолданылмайды. Мына әңгімең шәбенезімге толы екен:

Түрі онша емес, бір саусағы шолақ әйелмен тұрып жатқанымды бала жүрегім қабылдай алмаушы еді. Кейінірек мен әскерде жүргенде ол қыз байға тиіп кетті.Бәрібір алмаушы едім))))

Адамды дене ақаулығына қарап кемітуге болмайды, өзіңнің де болашағың бар. Сондықтан тақырыпқа үлкен — қойдым.
alisha
мен де осы әңгімені Әбілге қимай-қимай, кетіп қалып ем…
Abilakim
Сенің мына ақылыңды бала жүрегім қабылдай алмапты ол кезде
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 14:59
Gulistan
Балаң кезде адамды сыртқы келбетіне қарап -ақ баға бере салады да, сол психикасында мықтап қалып қояды."Қолы шолақ қызды алмас ем" деген сол кезден қалып қойған шығар.
VKM
Болған оқиға ғой)Немене минус қоятын?
Beytanis
Біреудің мүгедек болып қалғанына пілүс қою керек пе? Тарқылдап күліп, мысқылдап әзілдейін бе? Құдай, сабыр бер әрі рухани мешеулерден сақта!
VKM
мен әңгімеге қойдым. Күлгенге емес(
Beytanis
Әңгімеге дейді?! Е, қоя сал, болды.
Abilakim
Негізі, бір немесе екі қолы жоқ адамды шолақ дейді, бір саусаққа қолданылмайды. Мына әңгімең шәбенезімге толы екен:

Мен жақшаға молақ дегенді де қосып қойдым ғой.Басқаша қалай атар едің?! Минусыңа жарылып кетпеймін, немесе менің бір жерім шолақ болып та кетпейді.Өз пікіріңді білдіргеніңе рахмет.Жасырынып қалғаннан осылай істеген артық. Мен сол кездегі бала сезімімді айттым.Бала кезімде рас олай елестете алмадым. Қазір пайымымыз өзгергені рас. Құдай бетін аулақ қылсын, кемтар болып қалсақ қарайтын шығар деп үміттенем келіншегімді, Алла басқа салса мен де келіншегімді өле-өлгенше күтіп өтемін.
Ана қызды мазақ қылған жоқпын. Тек өзімнің ағаларымның сөзіне бола қорыққаныма күліп отырмын. Шын сезім оянса қолы не аяғы жоқ болса да үйленеді адамдар.Мен бала кездегі оқиғамды жаздым.
VKM
соны айтып едім мен де)))
Abilakim
Ол қыздың саусағы тырнақтан төмен, бірінші буыннан шабылып қалған.кластас қыздарының арасынан ең бірінші кетті -ау деймін тұрмысқа. еш қандай кемдігі жоқ.Бетіне басатындай немесе ақымақтанып кемсітіп күлетіндей
alisha
мұрын шұқитын саусағы емес шығар, әйтеуір
Beytanis
Сенікі мені бір түртіп қалу ғой. Реваншистік инстинк.
Abilakim
Мен сені түсінсін деп жазып отырмын. Сенімен реваншта кездесетіндей нокаут немесе нокдаун алып қалып па ем? Жеңілсем жеңілдім деймін. Бұл жазып отырғандарым естелік.Кейін орынды орынына қойып кітап қылып шығарып қалармын))))
Beytanis
Әбеке, бұл саған емес, Венераға!
Abilakim
кеңк-кеңк))) онда Венера оқи салсын десең,ә)))
Beytanis
Молақ деп аяғы жоқты айтады. Сенің еш жерің «жарылмай-ақ» қойсын, ешкім де жазым болмасын ләйім, аман-сау құдай қосқан жұбайың мен бала-шағаңның қызығын көріп жүре бер.
Abilakim
Саусақты не дейтінін айтып жіберші енді. Білмейді екенмін. Молақ сөзін аяққа қана қолданады дегенді естімеппін. Жылқы малын «Молақ құлақ» деп айтып отырған жетпістегі жылқышы шалды көргенмін
Beytanis
Негізі, саусақсыз, бармақсыз деп жататын еді бұрындары. Бүгіндері шолақ десе дейтін де.
Abilakim
Айтып кеткенімдей түбімен жоқ емес енді…
Beytanis
Е, мейлі, басы аман болса болды. Аяғы, қолы толығымен жоқ адамдар да өміршең, ширақ болып жүргендері қаншама!