ҚИА: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек

13 шілде 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында «Интеротель Астана» қонақ үйі, Құрылтай залы) ЗТБ "Қазақстан Интернет Ассоциациясы" Kcell қолдауымен: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» -тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.



Талқылау барысында: әйгілі сайт басқару жүйелерін (CMS) аудару, қазақ тілді жас вебмастерлерге және программистерге жәрдемақылар құрастыру.

Қоғамдық бірлестіктер лидерлері, әйгілі интернет-ресурстардың өкілдері, байланыс операторлары және де ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.

Өткізу күні: 13 шілде 2011

Өткізу орны:
Алматы қаласы, Байтұрсынов к., 113, Сәтпаев көшесінің қиылысы
«Интеротель Астана» мейманханасы, Құрылтай залы

Дөңгелек үстелдің басталу уақыты: 9.30

Байланыстар:

Нүрпеисов Ә.Қ. – ҚИА атқарушы директоры
Тел: +7 (701) 921-01-82
e-mail: Nurpeisov@gmail.com

Дөңгелек үстелге келулеріңізді сұраймыз!
Бөлісу:

23 пікір

VKM
қазақ тілді жас вебмастерлерге және программисттерге жәрдемақылар құрастыру.

Аршат аға, баратын шығарсыз.Тағы бізде кім программист, информационщик еді?
asaubota
Әсет мені шақырды. бірақ, бара алмайтынымды айттым. уақыт жағынан да басқа жағынан да себептер бар.

бір рет Ақтөбеде жастарға салауатты өмірді насихаттау туралы акция-концерт болды. сол концертте сахна сыртында ән айтуға келген рокер достарыммен арақ және коньяк ішкенімді айта кетуді жөн көріп отырмын
VKM
давайте,«Керектен» біреуді жіберейік!Өкілді)А?
KILYZAMAN
Нүрпеисов Ә.Қ. – ҚИА атқарушы директоры
Тел: +7 (701) 921-01-82
e-mail: Nurpeisov@gmail.com
-ке телефон шалсам орысша сөйлейді… Атқарушы жарап тұр!!!
satibaldi
Білмейтін шаруаға мұрныңды тығып, бәдіктенуіңді қашан қояды екенсің осы сен? Міндетті түрде қамауға алу керек пе әлде?
konvict
Оның кім екендігі белгілі емес пе? Бар тындыратын шаруасы сол ғой
KILYZAMAN
Тәәк, сенде құйысқанымдағы Қи болғың келдіме? Абайла…
Пікір түзетілген: 10 шілде 2011, 21:31
konvict
Сіз ҚИлызаман болғасын елдің көбі сізге еліктейтінін айта кетуді өзімнің міндетім деп есептеймін
meirzhan
Бұл кісі туралы шынайы ақпаратыңмен бөлісе кетсең?
konvict
Еліктеушілік, жағымпаздық, флуд жасау, троль, кірмейтін жерге қыстырылу, елдің ашу-ызасын тудырып содан ләззат алу
meirzhan
Кімге еліктейді, жағымпазданады?
елдің ашу-ызасын қалай алып жүр?
бұның еш белгісін байқамаппын.
konvict
Бұл менің басымдағы жағдай. Қилы атайға еш қатысы жоқ
satibaldi
"Қазақстан Интернет Ассоциациясы"

Жаман бомбардировщиктің атын Dassault Rafale қойыпты
satibaldi
Тегін телефон, нөмір, 3G-байланыс үлестіріле ме, а?
asaubota
осындай бір альянс ұйымдастырып көрсек ше өзіміз? мен ана ИАКқа қосылғым келмеуімнің басты себебі: ол жерде қазақша сайттармен айналысып жүрген ешкімнің болмауы. мысалы қазақтілді БАҚ мәселелерімен орыстілді журналистер айналыспайды ғой, сол сияқты қазақша сайттармен айналыспаған адамдардың қазақша аудармаларына күмәнмен қараймын. қазақша нәрсе жасау үшін адам алдымен қазақша ойлау керек деген ойымнан таймаймын.
urimtal
@asaubota менің де бұл ұйыммен байланысқым келмейді. Алайда қазіргі кезде өзіміздің мәселелерімізді жүзеге асыру үшін белгілі бір мәселелерде бірігіп шешу үшін ниеттесуге тура келеді. Билік көп ретте орысша сөзге құлақ асады. Мұндай ұйымды құрушылардың түпкі мақсаты саяси мақсаттармен өрілетіні саған да маған да жақсы таныс. Егер арамызда алдына үлкен саяси мақсаттар қойып отырғандар болса, осындай ұйым құрар еді. Бірақ түсінуімше керекшілерден арамызда ҚР Ақпарат Министрі болуды көздеп жүргендер көрінбейді.
qisyq
13 шілде 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында «Интеротель Астана» қонақ үйі, Құрылтай залы) ЗТБ "Қазақстан Интернет Ассоциациясы" Kcell қолдауымен: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» -тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
қате емес пе?
Талқылау барысында: әйгілі сайт басқару жүйелерін (CMS) аудару, қазақ тілді жас вебмастерлерге және программисттерге жәрдемақылар құрастыру.
мен ғана меңгере алмадым ба?

қажыдым…
satibaldi
программисттерге жәрдемақылар құрастыру.
Мүгедек болу шарт па? Есептен шығарылған II топ мүгедек-программистердің үміттенуіне бола ма?
VKM
Мен жап-жақсы түсіндім. Несі қате?
asaubota
ұйымдастырушылардың бірі Балжан хабарласты. дұрыстап түсіндіріп берді ИАК не үшін, не істейтіндерін. Балжан айтса босқа айтпайды деп сеніп отырмын. бұлар қазақша ойлап, қазақша нәрселер істеу үшін қазақтар тартылу керек екен. @urimtal сенің бір минусыңды айтты  сыпайылықты қойып, шамалы агрессив болған дұрыс дейді. Астанада өткізіп қалулары да мүмкін, егер олай болып жатса барамын. ал қазір Алматыға баратын мүмкіндік және уақыт жоқ.