Қарлығаш адамнан неге қорықпайды?

“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмді көбіміз көрдік. Соның да әсері бар, басқасы да бар, осы кішкене бір құсты барша қазақ жақсы көреді. Шыны керек, осы қарлығаштың адамға үйір әрі жақын екендігі мені таң қалдырады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, басқа құс атаулы адамдардан қорқып, үркіп қашып жүрсе, қарлығаш керісінше адамдарды паналайды. Үйіңнің ішіне үйін салып, балапандарын қанаттандырып ұшырады. Одан қалса, сарай, қора т.б. дегендей. Адамдар да оған тиіспейді. Мысалы, наурызек, тырна, шымшық, кептер т.б. құстарың адамға жоламайды ғой. Олардың үркіп тұрғанына қарап, адам мен адамзат атаулы соншалықты қатігез, қорқынышты ма екен деп те ойланып қаласың. Сол кезде, адамдардың мейірімді екенін, олардан барлық уақытта жамандық шықпайтынын басқа құстарға осы қарлығаш қана дәлелдеп жүргендей көрінеді де тұрады маған. Астанада кептерлер адамнан онша қорқа бермейді. Қу тамақ не істетпейді дейсің? Кейде саябақта, Минфиннің алдындағы фонтанда шемішке шағып отырсам, кептерлер сенің айналаңнан үйіріліп шықпай, пістенің қалған дәнін таласа-тармаса жеп жүреді. Оларға да “Қойшы, байғұстар, аш жүр ғой” деп шемішкеңмен бөлісесің. Бірақ, олар қарлығаш сияқты сенің жақсы екеніңді дәлелдеу үшін емес, қу тамақ үшін жаныңа жақындап келеді. Білмеймін, осыны не үшін жазып отырғанымды… Ауылымды сағынғам-ау, шамасы. Отпускада барып келем ғой, ауылға… Сол кезде қарлығаштар туралы арнайы репортаж жасап келмесем
Айтпақшы, ауыл деп қоям, біз ауылдан көшіп кеткелі біраз уақыт болды. Кемпір-шалды (атам мен апам ғой) қоярда қоймай қыздары мен күйеу балдары қалаға көшіріп әкелген. Мен Астанада едім. Сол кезде атам кетерінде қара шаңырақпен, оның есігімен, табалдырығымен қимай жылап қоштасыпты. Оны естіген кезде жаман болдым. Атам арқылы дала қазағының тас қалаға амалсыз көшіп келе жатқан рухының азалы үні мен күйін естігендей болдым. Бірақ, амал қанша, жағдай солай болып тұр.
Бөлісу:

54 пікір

konvict
Біздің үйде гаражда бар еді. Қос қарлығаш келіп-кетіп жүреді жыл сайын
Beytanis
Қарлығаш та анау-мынау адамға жолай бермейді, үйінің маңына ұясын салмайды. Жаугершілік замандарда үйінің маңына қарлығаш ұя салғандықтан Төле би көшпей отырған деген аңыз бар. Сол себепті, "Қарлығаш би" атанған, өзбектер әлі күнге дейін ол кісіні осылай атайды.
Beytanis
Қарлығаш (Hirrundinidae) — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.
Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.
Дереккөзі: Қазақша уикипедия
Beytanis
Мысалы, наурызек, тырна, шымшық, кептер т.б. құстарың адамға жоламайды ғой.

Тырна, наурызек, шымшықтарды білмедім, бірақ кептер асырайтын кемі 5-6 жігітті танимын. Кептер адамға жақын жүретін құс негізі, адам үркімесе, құс үркімейді.

Мына сөзіңіз жоғарыдағы сөзіңізге қайшы келеді екен:

Кейде саябақта, Минфиннің алдындағы фонтанда шемішке шағып отырсам, кептерлер сенің айналаңнан үйіріліп шықпай, пістенің қалған дәнін таласа-тармаса жеп жүреді.
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 13:42
Dinara
ия, кептердің адамнан үркімейтініне көз жеткіздік күні кеше ғана. Үйдің маңында кептер көп бізде, сосын оны аңдыған мысықтар да көп. Асүйде балконның есігі ашық тұрса үйге емін еркін кіріп кететін.
Сол қызық болғаны, бір кептер біздің қылтимаға  жұмыртқа тастап кетіпті кішкентай сыпырғының үстіне. Оны тұра берсін тимейік деп жүргенде құрбым алып жұмыртқаны тоңазтқышқа салып қойыпты. Қарасам кептер отыр кетпей, жұмыртқаны алып қайтадан сыпырғының үстіне мата төсеп мамық қылып қойып қойдық сосын. Кеше мен үйден кетерде сол жұмыртқа екеу болыпты, кептер болса шөп шалам тасып ұя жасап жатыр енді сол жерге. Нан қоқымдарын жібітіп қойсақ жемей жатыр оны, үй салумен қолы тимей жүр ау…
Бір қарасақ жұмыртқаның үстіне келіп жатады, кәдімгі күрік тауықтар ұқсап балапан ашайын жеп жүр сөйтіп.
Біздің аз уақыт ішінде кетіп, біздің қылтиманың тыныш тұратынын сезіп жүрген сияқты тура  Күзде келгенімізде балапандар жүретін шығар балконда  
Сондай қызық болды. Біз қуаанып оған, жақсылыққа жорыдық.
Ауылда үйге қарлығаш ұя салғанда ерекше қуанатын едік, бұл да солай болды.
Beytanis
Кептердің пүүүүр-пүүүүр деп ұшқаны қандай керемет! Негізі қоршаған әлемнің ғажайыбы шексіз ғой.

Динара, Анкара шаһарындасыз ба қазір?
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 14:13
Dinara
Дәл қазір Ыстабұлдамын, таңертең келгенмін.
Алла бұйырса түнде ауылым қайдасың деп ұшамын
Beytanis
Түркістанға ма? Ауыл дегенге сұрағаным…
Dinara
ия Түркістанға жеткенше асығып отырған сол, соңғы күндері күн жеткізе алмай кеткен едім, аяқтан тозып. Қазір уақыт өтпеейй отыр енді
just19
Алматыда жүргенде, парктің ортасында үлкен сары мұнаралы славян шіркеуі бар екен. Алдындағы алаңшада кептерлер көп болып жерде жүреді екен. Ақырын ортасынан өткенімде үркіген жоқ, қалтамдағы шемішкелерімді шашып жібердім. Кейін олардың ортасынан шығып кетуге адымдай бергенімде, пүүүүр-пүүүүр етіп, жер аспанға көтерілгендей болды. :-)
saken
үлкен қалаларда қорықпайды ғой кептерлер. Ауылда болғанда тамның төбесінен адамды көре сала безуші еді
Beytanis
Адам шалыс қимыл жасаса әлбетте үркіп ұшып кетеді. Бәледен машайық та қашқан деп.
direct
Мен өзбек елінде өскенмін. Ауылдағы үйге, аудан орталығындағы үйіміздің подьездіне қарлығаштар ұя салып, жұмыртқалап, балапан ашып, күзде жылы жаққа ұшып кететін, жылда осылай жалғаса беретін. Ал мына жақта қарлығаштың ұясын көру — бір эксклюзив жағдай екен. Неге екенін білмейм, қаншама жора жолдастарымның үйіне бардым, біреуінің үйінен қарлығаштың ұясын көрмедім. Ал өзбек елінде әр екінші үйде қарлығаштың ұясы бар.
Beytanis
Оңбағандар салулы тұрған ұяны қиратып кетеді. Бұрын дәл есігімнің жоғарғы жағына жыл сайын қарлығаш ұя салатын еді, мазасыз көрші, жүгенсіз жасөспірім, бұзылған жастар бұзып кетеді, сазайларын тартқырлар өңшең. Балапандарының мойнын бұрап, қанын подиезге шашып, психтар… Өздерін сөйтсе қайтер еді?!
Dinara
біздің үйге де жылда салады қарлығаш ұя
балапандарын тамақтандырғанын тамашалап отырсаң сосын, күшті.
Beytanis
Сол бақыттан айырған басбұзарларды ех, жазаласа ғой…
Dinara
ех, өмірде болады сондай адамдар, таусылмаңыз Беке…
Алла өзі жазалай жатар, босқа күйіп піспеңіз енді
Beytanis
Терең күрсініп, терең-терең тыныстап, сабыр, сабыр дегеннен басқа амал нешік?!
Dinara
Күрсіну деген ең жаман нәрсе, білетінім. Әсіресе ол терең болса.
Білдіртпей жәй жәй терең дем алып, сабыр деп отыра беріңіз
Beytanis
Құдай қуат берсін!
boztorgai
өзбек елінде әр екінші үйде қарлығаштың ұясы бар
қазақ қарлығаштар бөлек шығып кеткен
ал өзбектер өз ағайынынан алысқа қоныстанбайды, сондықтан
ken
негірлер бұларды жейді екен. энимэл планеттен көрдім
Beytanis
Әр елдің салты…
AKA
Жақында ғана рухани астанамыз — Түркістанда болғанда бір шәйханаға кірген болатынбыз. Сол жерде алғаш рет қарлығаштың екі ұясын көрдім, «шебер құрылысшылар» деп тамсандым. Қарлығаштар да еркін ұшып жүрді…
Dinara
ойй, жан жақтың бәрі Түркістан боп кетіпті ғой
Beytanis
Сіздің құрметіңізге ғой бәрі!
Dinara
ішім қайнап бара жатыр
сағыныппын
Beytanis
Өз үйім — өлең төсегім!
Dinara
Иә, ары қарай басты тақырып қарлығашпен жалғасын тапсын бұл жер енді
Beytanis
Басқа сайыт, пырталдарда модтар «флудтадыңдар, оффтоп етіп, далаға лақтыңдар, ереже бұздыңдар» деп әжептәуір кіжінетін еді...---
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 18:40
Dinara
Керекинфо жақсы сайт©
Админ жақсы бала©
meirzhan
Айтпайды екен деп, флудтауға да болмайды ғой.
Beytanis
Ду қол шапалақ, бауырым!
Erkekyz
Мен естігенім кімнің үйіне бақ-дәулет қонайын деп жатса, сол үйге барып қарлығаш ұя салады екен деп. Біздің үйге көктемде ұя салып бастаған еді. Сосын күлеміз ғой қайсы үйге бақ қонар екен, бізге ме, әлде жаңа қоныстанушыларға ма деп)).
Кемпір-шалды (атам мен апам ғой) қоярда қоймай қыздары мен күйеу балдары қалаға көшіріп әкелген. Мен Астанада едім. Сол кезде атам кетерінде қара шаңырақпен, оның есігімен, табалдырығымен қимай жылап қоштасыпты. Оны естіген кезде жаман болдым. Атам арқылы дала қазағының тас қалаға амалсыз көшіп келе жатқан рухының азалы үні мен күйін естігендей болдым. Бірақ, амал қанша, жағдай солай болып тұр.
Тура менің жағдайым екен. Мен қатты сағындым бәрін. Қайтайын десем ол жақтағылар қайтпа деп, жете алмай жүрмін енді, соларды уайымдап жаңа ғана көзіе жас келіп еді.
monti
Мен естігенім кімнің үйіне бақ-дәулет қонайын деп жатса, сол үйге барып қарлығаш ұя салады екен деп.
қызық кен бірінші рет естуім)) ауылдағы үйде бұрын салып тұратын  бірақ оған мән бермейтін, сосын анандайы* бар, өндір тазап тұру керек деген)))
жақында мамканы бұрынғы көршісінің үйне апарғам… от со кезде көршісі мәз 2 жыл қатар ұя салмай кетіп еді, быйыл ұя салды деп)) кіре беріс дәлізге ну андай* тағы))) астына қағаз төсеп қойыпт)))) бірақ қызық суретке түсіріп алғам, балаларын үйретіп атр ұшуға)))) біраз қарап тұрдым, тура адам дейсің қылықтарын))))

28 паркте, қыста Э'поль екеуміз кептер тамақтандыруға барамыз,)))) мен романтик болып кеттім Э'польданың арқасында)))) былай кептер үстіңе байқаусызда нетіп* кету қаупі бар ғо))) бірде неге көктем/жазда бармаймыз деп)))) қой қыста қорқып әрең барам, керек емес деп әрең көндірдім)))

28 паркте еще тиын бар))) оны да тамақтандыратымыз бар))))
Zhan
Тиіндерді тамақтандырған қызық шығар. Сүйкімді ғой олар…
Gulistan
сол, нетіп кетсе, «бір жақсы хабар болады» деп жұбатады ғой
Altygradus
Кейде саябақта, Минфиннің алдындағы фонтанда шемішке шағып отырсам, кептерлер сенің айналаңнан үйіріліп шықпай, пістенің қалған дәнін таласа-тармаса жеп жүреді.
кептерлерді тамақтандырған экожүйені бұзады.
Бейбітшілік белгісі деп елдер соларды тамақтандырғанды жақсы көреді ғой, бізде сол көбіне Панфиловшылар паркінде, Жапонияда әсіресе Хирошимада көп солай істеп келген.Содан олар қаааааптап кеткен нереально боп, былайынша табиғи жауы жоқ құс қой, содан көшеде кептердің боғы, одан қалса балкондардың бәрі сол кептердің боғы, сосын жуған кірді далаға ілуге болмайтындай дәрежеге жеткен
СОдан жаңа ереже қабылданған кептерлерді тамақтандырмаңыздар деп халыққа түсіндірме сабақтарын жүргізіп, Бейбітшілік паркінде кептерлерге жем бермеңіздер деген плакаттар іліп, сосын қоқыс салғыш жәшіктердің үстіне қақпақ қойылып,қорғаныс шаралары арқасында табиғи түрде саны азайған екен.
@Dinara байқыңдар енді балкондарың боққа толып кетпесін, бірақ ұясы бар жерге олай істемес деп сенейік енді
Beytanis
көшеде кептердің боғы

Адам атты жанвардыкінен цацыкмес болар…
Altygradus
мәселе тек сасықта мекен сонда?
Біріншіден санитария нормаларына қайшы, сосын асфальттың ала-құла болуы дым әдемі емес
Beytanis
Кептерлер-ай, кептерлер, неге былықтырасыңдар, а?!
Dinara
Сол кептерлер есімнен шығып кетіпті балкондағы, үйде қалған құрбымнан сұрау керек екен. Былғаса тазалап ала саламыз да енді, қоя берші
ауылдағы үйдегі балконды да тазаладым өткенде сондайдан
balzaminka
Tuski uziliste sol minfindegi kepterlerge tamak beretin edik, pysykatry, auzy awyktary, arturlisi bolatn edi, ehhhhhh

Kepter uya salganda uide sabi duniege keledi degen bar go, sol ras, kozim jetti sogan. Bizdin aulette sabi keler jyly kepter balkonda jumrtkalap, bylainwy jyldarda jumrtkalamaitn, atten ol uidi satp jiberdik, endi kalay biledi ekem
Dinara
Сәби дүниеге келеді деген сөзің жағып қалды Бальзаминка ))
иншаллах солай болсын
KILYZAMAN
қарлығаштар туралы арнайы репортаж жасап келмесем
-кейіпкерде азайып бара жатқанын ескерсек, орынды құлшыныс!
satibaldi
Сақалыңды саудаға салып, бәдіктенуіңді қашан қояр екенсің осы сен?
Gulistan
Атыс-шабыс басталды. @satibaldi — душқа бара бер
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 13:25
Khan
Қарлығаш адамнан неге қорықпайды?

Себебі, адамдар оны зорлап кете алмайды
honour-2030
менде мынадай сурак туындап турганы....
honour-2030
карлыгаш сарайга уя салган болатын, енди оны казирги танда сарайды ягни бузу кажет болып тур! не истесек болаы екен, а?!
Daniar-Alan
балапаны өсіп ұшып кеткенше күту керек енД
Daniar-Alan
“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмді көбіміз көрдік.
а ол құс па еді… тьфу, быратаным алдаған кен ғой…