Керекинфо жұмбақтары

Керекшілердің назарына: мына мүшені 3 коменттен тауып көріңіздерші.
Жалпы аналитикалық қасиеттері жақсы. Оқығаны көп. Ғылыми публицистикаға құштар болуы мүмкін.
Бірақ кейде әзіл, жеңіл желпі тақырыптарға комент жазғандағы байсалдылығы «резеңке қуыршақты қалай пайдалану керек» деген нұсқаулықтан да бетер сөриөзный. Объективті болуға тырысушылығы күлкілі деңгейде.
Сөзінің байсалдығына қарап, флудтан алшақ кісі деп ойлауға болады. Бірақ, бұл жігіттің эмоциясыз жазу мәнеріне алданбаңыз! Бұл керекшіміз — нағыз флудер. Тақырыпты талқылап отырып, түрлі иірімдермен ойын жеткізем деп, кейде шатасып қап, басқа ойды бастап кеткенін байқамай қалады. Пост көп жазбайды. Көбіне коментарийлер ғана.
Әдетте сайтта бір мүше болса, сонымен сағаттар бойы еш эмоциясыз, монотонды түрде бір біріне еш қатысы жоқ абзацтар мен ой үзінділері арқылы сұхбаттаса алады.
Бір қарағанда бір тақырыптың майын езіп отырғандай болғанымен, мұқият оқысаңыз, Дарвин теориясынан бастап, жұлдыздың дамбалымен аяқтауы мүмкін.

Бұл кім? (егер өзіңізді тауып отырсаңыз, коментарий жазудан ұстанғаныңыз жөн)
Бөлісу:

21 пікір

Arhun
Адам психологиясын тамаша бейнелеп шығыпсың…
Бағанығы бейнелеген адамың — өзің емес пе?
satvaldo
кiм болса да бақытты екен. Гаста хазреттің өзi «каранывәт» етіп жатса, тойыс тұрса. ПыСы дебатер сияқты ғой, андағыдай мәймитетінi бар болса…
just19
Әркім өз қабілетіне қарай ғана басқаның жағдайын түсіне алады.
AKY
Мейіржан
Erkekyz
мен де оқып жатып бірінші сол-ау деп ойладым.
VKM
аналитикалық қасиеттері жақсы
Гастаның өзі)
ickep
жатқан анал…
konvict
Мен емес па деп ойлап отырмын
AKY
уа-ча, адам өзін қалай бағалайды)))))
Gastarbaiter
@Aky — бетті әкеш
AKY
 мә )))))) Беті табақтай Ысмайыл жоқ екен ще.
edige
Мәнсіз-мағанасыз пост жазбай ақ қояйын дейтіндер жеткілікті ортада "Ұлы мәртебелі Флудшы" претенденттері жеткілікті сыңайлы...Әрбірінің беті қызарған сыңайлы… Осылай ойламаган жерден соятының бар сенің…
sigma
Гаста кім екенін өзің айтатын боларсың
Gastarbaiter
Мейіржан дедік ғой, @AKY мен Erkekyz дұрыс тапты.
Қарапайым нәрсені күрделеп түсіндіру мэтры.
«Осырықпен шарды қаншалықты ісіндіруге болады?» деген трольдық тақырыпқа, ерекше байсалдылықпен гугл шарлап келіп, адам «пыст» етіп, және «бырқ» етіп осыру үшін тік ішекте қанша атмосфер қысым жиналу қажеттігі жайында мәліметтер тауып кеп, обьективті пікір жазады.
AKY
Бізге жүлде бар ма енді?
Gulistan
Қазір ғана көзім жетті. "Қызға қырындауда" иттердің үруі арқылы не ұқтыра алмай жатқандарыңды игере алмай шығып кеттім
meirzhan
))
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 19:52
Gastarbaiter
«Бізге жүлде бар ма енді?»
)))
Телефоныңды жібер, 2 күннен соң қалада боламын
sigma
Сонда хабарласып, балмұздақ әперем десей
Beytanis
Бір қарағанда бір тақырыптың майын езіп отырғандай болғанымен, мұқият оқысаңыз, Дарвин теориясынан бастап, жұлдыздың дамбалымен аяқтауы мүмкін.


Жазбайтыны жоқ-әй…   
Gastarbaiter
@Sigma, қазір кен орнындамын ғой, мұнда баланс лақтыратын нүкте жоқ.)))
AKY
17 шілдеден сон лақтырсаңыз)
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 20:06