Оқыңыз, қызық!

Тулардың да тарихы бар



Әлемде жалғыз-ақ вексиллогия («вексиллиюм » -«ту» деген латын сөзінен шыққан, вексиллология -ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтардың бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысқан. Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор энтуазиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтқан. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексиллологтартар тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылған дұрыс деп есептейді екен.
Бөлісу:

12 пікір

TERISKEY
қызығы қайда?
estetika91
Іздеген жетер мұратқа деген...))))))))))))))
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 12:27
satibaldi
Әлемде жалғыз — ақ вексиллогия
Қалғандары қара болса керек…
Zilola
жалғыз-ақ деп жазбақ болған бірақ
жалғыз — ақ
басқаша шығып қалған ғо
estetika91
)))))))))) Техникалық қателіктерге байланысты болғаны үшін айып етпеңіздер… Пунктуациялық жағынан кеткен жоқ еді негізі.
direct
@estetika91, меніңше «Оқыңыз, қызық» деген қауымдастық ашып, осыған ұқсас посттарды сол жаққа ілген дұрыс сияқты, қалай ойлайсыз?
estetika91
Қауымдастық дейсіз бе, жақсы идея екен! Алайда, сол қауымдастықты қалай ашуға болатындығынан бейхабар екенмін.
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 13:11
direct
«Жаңа пост» дегенге басыңыз, мына жазулар шығады «Тақырып
Сауалнама
Сілтеме
Қауымдастық бастау»
just19
Осы біздің ту әлемдегі ең "әдемі" әлде «күрделі» әлде «мағынасы терең» деген осы үш номинацияның бірін жеңіп алған еді ғой. Нақтысын кім білед? Мақала осы туралы жазыллған деп ойлағам суреттегі туды көріп.
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 02:25