34 пікір

Altygradus
Осындай бәлелерді қайдан ғана табасың
пысы Әйгерім түспейтін бопты ғой тэгтеріңнен
AKY
Импакт-факторымды көтеру бағдарламасын бастап кетті
nurjanbay
жерден жеті қоян тапқандай мұны да сұрақ қылып тестке кіргізіпті.
Zilola
шоқынған қазағы нес? мен ващще сұрақты түсінбедім
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 11:01
Abilakim
Сүндеттелген орыс дегендей ғой…
Zilola
ана жерде қазақтар ғо қателеспесем, біріншісінен басқасы
мен точны түсінбей отрм сұрақты
direct
Былайғой, кезінде орыстың «христиан православ» дінін қабылдап, аты-жөндерін орысша етіп өзгерткен қазақтар болған, солар жайлы сұраққой. Бұл жайлы Қазақ тарихынан оқығаным бар еді, қазір онша еске түспей тұрғаны. Меніңше би немесе сұлтан әулетіне жақын адамдар еді олар. Қазіргі Ислам дінін қабылдаған орыс немесе кәрістер барғой, дінді қабылдаған соң аты-жөндерін арабша етіп өзгерткен, осыған ұқсас.
sigma
ЕНТ кезінде осындай қуған сұрақтар болады
Шыңғысханның шапанының түсі қандай деген сияқтылар
Zilola
Абылайдың атының тісі деген де болды иә ұмытпасам
asaubota
осы тест сұрақтарын дайындайтындар қай жерлерімен ойлайды екен? лібә ана жерде мүмкін бәрі шоқынған шығар, кім біледі? нақты жауабы жоқ сұрақтарды қоймау керек қой.
meirzhan
Меніңше бұнда сұрақты жасақтау жұмысы атағы дардай пірәпессірлерге жүктелгенмен, олар жас ғалым, студенттерге бұл жұмыстарды беретін сияқты. Сөйтіп осындай қателер кетіп жатады.
Beytanis
Сұрақтың жауабы А нұсқасы.

directтің айтқанына толық қосыламын.
direct
Кезінде бір бөлем мектеп бітірерде ҰБТ-ға дайындалып, күнде тест кітапшасы қолынан түспеуші еді, сол кітаптан сұрақты біз қоятын едік, «Бұрын қандай оқиға болған?» деген сұраққа бәріміз құлаушы едік)))
Менандр Прожектр дейме, әйтеуір қызықты топас сұрақ жеткілікті еді))
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 15:46
Beytanis
Менандр Протектор ))))
Altygradus
ол не нәрсе тағы?? әлде адам аты ма?
meirzhan
Адам аты, Византийлық болуы керек.
edige
«Отырыстарға әзіл болсын деп ҰБТ кітапшасын алып жүретін едік» дегендей
direct
Бешірге ҰБТ кітапшасын алып бару ТЕМА идея екен!!!
Тост айтқандар отырадығой, қызықты оқиғасын немесе анекдот айта алмай, соларға таптырмас шпор екен))
Beytanis
Градосты азаматтарға аса бір бас ауыртудың қажеті жоқ, кез келген нәрсеге күле береді…
Zilola
қатықтан соң деси, градустан соң көбінесе төбелес болмаса жаппай ұйқы болады
Beytanis
Кейбір «мейірімді градосшылардың» әнекшіл болып кететіні бар.
Marat
Бұл жерде тест құрастырушы Аптыровтың Қазақстан тарихы оқулығын алады да, Я.Беляков — 1812 жылы Отан соғысының басты оқиғаларына белсене қатысқан шоқынған қазақ деген сөйлемді кездейсоқ көріп қалады. «Интересно, дә» деп тест жинаққа қоса салады.

Негізі, осы соғысқа Қазақстан тарихында Француз-Орыс соғысы деп сипаттама беретін уақыт келген секілді.
Gastarbaiter
Мансуров, Назаров, Куралов, Сабуров деген орыстардың фамилиялары бар ғой. Солар шоқынған орта азиялықтар ма деймін.
ken
оларның көбі татарлар
konvict
Мынандай сұрақтар болушы еді ғой: Берілген жауаптардың қайсы дұрыс? және кей сұрақтарға былай деп жауап беріген: берілген жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес!
konvict
Мектеп бітірген түлектен атасы:
— менің насыбай шақшам кайда?
— Берілген жауаптардың дұрысы жоқ!
Gastarbaiter
«А-ля konvict стиліндегі әзіл» деген жанр бастау керек саған амиго))))
meirzhan
Жауабы — В, С, Д, Е деп ойлаппын. )) Себебі шоқынған қазақ деген сұрақ болғасын, Беляков ол орыс қой деп ойласам.
just19
Саясаттың исі аңқыған сұрақ. Әйтпесе, шоқынған қазақты білу міндет емес, тәйірі сол шоқынған қазақты предьява ғып, амиголарды шоқындырғанбыз деген дүрдараздық аққұлақ политикаңдысс.

Анау тұрған қазақеместің аты тұруы орынды нақ) Мәсімовыңдысс.
satibaldi
Саясаттың исі аңқыған сұрақ.
Мұрныңыздың рецепторларына қол соқпасқа болмайды.
just19
күткен жауап, тошны келді нақ
Adiletshu
Тақырыпқа смайлик қойылмайды, модератор
ken
былтыр ашылған тақырып. ол кезде ол модер емес еді)))