Алғашқы графиттикалық сүгіретім... /мүмкін соңғы да шығар/



Бүгін мәшінеге арналған бояу балоншигімді алып, бір керек жоқ қаңырап қалған қиранды үйге бардым да қабырғасына сызықтарды салып көрдім

Әрине, қиын екен бастапқыда… Ол үшін не бір арнайы түрлі түсті болоншиктер болуы тиіс Менде сол қарасы ғана болды…

әрине нашардың нашры шықты
Бөлісу:

13 пікір

Togzhan
Алғашқы болғаны жақсы екен, соңғы болмайтын шығар деген үміттеміз, оюланған әріптеріңіз әдемі шығыпты! Іске сәт!
omarbirat
Бастама жаман емес. Алдымен ақ түсті бояуды бірнеше шаршы метр аумаққа шашып, сурет салатын жерді дайындап алсаң, оның үстіне шашылған бояулар ашық түсті болады
Картоннан трафарет жасап алудың да сөлекеттігі жоқ, айтпақшы
Arhun
Сабақтарың керемет екен! Келесіде солардың ең болмаса да біреуін істеп көрейін
omarbirat
Баллонның қалпағындағы бояу шығатын тесікке қаламның шаригі алынып тасталған ұшын кіргізіп қойған бір граффитерді көргенмін. Қалай жасағанына басым жетпеді. Әлгі ұшпен бояу шашқанда, жіңішке сызық болып түседі. Тэг жазуға, суреттің жиек сызықтарын жасағанға таптырмас нәрсе.
Arhun
тагы бір тәсілін білем /көргенмін/ Ол; балонның ішіндегі артық газды төңкеріп қойып шығарып таста, сызық қалыңдығы бір шама кішірейеді екен…
asaubota
бір балончикпен граффити салуға барғаның қызық екен
Beytanis
Мынадан параққа салған сүгіреттерің сәттірек шығатын секілді.
meirzhan
Адам граффитині бірінші рет салып тұр. Ал суретке бұрыннан салады. демек салыстыруға да келмейді.
Beytanis
Мен салыстырған да жоқпын. Пікірімді айттым.
Altygradus
бір ақ баллон болса кішкентай ғана ғып салған дұрыс ед,
мынау граффитиден гөрі құр шимай боқалған, ренжіме Архун
omarbirat
Қабырғаларға жазылған кез келген жазу граффити болып есептеле береді, негізі. Граффити өнері осындай жазулардан басталған
boztorgai
мүмкін соңғы да шығар
адамның зәресін алатын сөздерді қалай тауып аласыңдар