Іздедім сені...



(Көңілдің кейбір кездері)

Іздедім сені қиялымдағы белгісіз жан… (немесе қиялымдағы идеалды жанға арнаймын)
Іздедім сені,
Орманды ағаш бақтардан.
Ақ қанат арман,
Аққулар ұшқан жақтардан.
Қиялымдағы жанды әйтеуір бір көрермін деп,
Күніне бір рет жыр дәптерді ақтарғам.
Іздедім сені,
Нөсерден, отты жасыннан.
Қырандар ұшқан,
Шыңдардың сонау басынан.
Талпындым саған,
Талабымды ұштап тәтті үміт
Қиялымдағы идеалды жанмен қауышпақ болып асығам.
Іздедім сені,
Өр өзен тасқан арнадан.
Сен үшін қиял қиянның бәрін шарлағам.
Іздедім сені,
Іздеумен сені өтермін,
Махаббат дейтін аяқталмайтын арман ән!..
(Қайдасың сен?)
Бөлісу:

10 пікір

satibaldi
Плагиат!!!
Я спросил у ясеня
Где моя любимая
Ясень не ответил мне
Качая головой
Я спросил у тополя
Где моя любимая
Тополь забросал меня
Осеннею листвой
Я спросил у осени
Где моя любимая...
estetika91
Қандай плагиация? Мәтін аударылғанға ұқсай ма? Мен шыны керек, мына өлеңді бірінші рет оқып тұрмын. Авторы кім?
AKY
Киршон Владимир деген жазған екен. Әні де бар бұның, «Ирония судьбы» фильмінде айтылады.
Музыка авторы Таривердиев М.
estetika91
ЖАқсы! Енді біліп жүретін боламыз. Бірақ, мәтін ешқандай да жерден аударылмаған. Таза қазақ тілінде жазылған…
AKY
Неге барлық жерден плагиат іздей бересің? Кейде бірнеше адам басына бірдей ойлар келе береді Ғылыми жаңалықтар да солай
estetika91
Кейде бірнеше адам басына бірдей ойлар келе береді…
Пікір түзетілген: 3 шілде 2011, 10:34
estetika91
Сіз өлең жазғанда маған дейін осы тақырыпта кім қандай нәрсе жазған екен деп қарап отырмайсыз, басыңызға келген ой оралымдарын ақ қағаз бен қаламыңызды сероік етіп түтре бересез…
estetika91
Көбіміз идеалдылыққа ұмтыламыз, соны іздейміз солай емес пе?..