Буырқанған көк теңіз немесе "Құдай елі"

Бүгін күн райы бұзылыңқырап тұр. Есесіне, буырқанған теңізді тамашалау мүмкіндігіне ие болдым. Сапасы үшін алдын ала кешірім өтінем, мынау Фиоленттен бейнекөрініс:

«Фиолент» — грек тілінен аударғанда "Құдай елі" дегенді білдіреді.
Фиолент 150 млн жыл бұрынғы вулкан қалдықтарының нәтижесінде пайда болған екен, жартастардан лава ағындарының ізін әлі де көруге болады.

Видеоны көре алмағандар, фото қараңдар))))



З ы: Фиолентте нудистік жағажай бар екен
Бөлісу:

19 пікір

KILYZAMAN
Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген
-деген дерек бар
Altygradus
мынауың жартас қой жағажайы қайда??
AKY
Осы жартастан төмен түсетін жол бар, сонымен түссең, жағажайға барасың). Жаңбырдан соң жер тайғақ болар деп, түсе қойғамыз жоқ.
Altygradus
мяяяя сонда да, жартасқа қарай келгесін қатты болад ғой толқындар…
Бәсе басың айналып жүргенін енді түсіндім
Altygradus
видео қойып күЧт. Теңіздің шуы, иісі деген супер ғой. Қазір енді аса парқына барып жүрген жоқпын, кейін сағынааам ғой
AKY
Сендерде жағасы құм ба?))) Мында жағасы тас, сонысы ұнамайды))) Су асты да)) «Мынамен жүру мүмкін емес қой» десем, бұлар «теңізде жүрмейді, теңізде жүзеді» дейді. Сосын, бір жаманы, жағадан 3-4 адым аттасаң, су тереңдігі бойыңнан асып кетеді, жүзе білсем де, қорқынышты) Елдер қалай қорықпай бала-шағасын суға жібереді екен?
Азов теңізі жақсы екен ондайға, қанша жүрсең де, суы тізеден келетін көрінеді
Altygradus
Ана жоғарыдан жартасты, толқындарға қарап Гоа еске түстіМа-ма толқындары қатты ғойМен өзі жарытып жүзе де алатын адам емеспін. Қасымдағы подругам ол біраз-біраз жүзіп қояд бірақ андағыдай толқындарды көріп ол да батпад жүзуге. Содан жәй жағаға жақын жатайық деп судың шетінде жатқанбыз, бір кезде бір толқын ұрды да подругамды ап кетті Мааама деп ол маған жармасып, содан құұұрсын мынауы деп одан әрі жағаға жақын жаттық, бір кезде өзі былай 1-2-3 дейді де 4- қатты толқын келеді, уже мені ап кете жаздадыСодан подругам мені ұстап қалды
AKY
 Ужыс)))

Жоғи, тынық күндері шомылады елдер осы жерде де))
Altygradus
Жұмыстағы бір апай айтқан маған, Үндістанға барам дегенде Гоаға барар болсаң байқа ол Арап теңізінің толқындары қатты деп естігем деп, көрдік қой сосын
Еске түссе әлі де қорқам бар ғой сол ГОадағы теңізденЕкеуміз ал кеп шыңғырамыз, қайта теңіздің дыбысы заглушает, әйтпесе мұлдем ұят екен деп қоямыз еще Білмим елдер не деген мастер екенін, сол жерде жүзіп жүрген.
теңіз асты бірден тереңдеп кететіні жаман екен, сосын тас болса ол да
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 03:14
Altygradus
ааааа
Мында енді әртүрлі, бірақ көбіне жапондар арнайы жағажай жасап қояды.Қазір енді жаңбыр боп аса қызық емес, әйтпесе теңіз жылы. Бірақ шілде ортасына қарай жаңбыр маусымы бітед содан елдер теңізге бара бастайд
Біз Нагасакиге жақын бір аралға барамыз көбіне, менікі енді жәй еріккен, түспейм де, жәй компания боп барып қайтам. Бір күні жазайыншы пост, жаздық тақырып екен ғой шынымен
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 03:35
boztorgai
шағын теңіздің толқыны көбірек қиындық келтіретінін бір теңізші әңгімелеп ед
Arhun
видео жақсы шықты…
Осы жерге мені бір жетіге тамақпен қамтып тастап кетсе ғой шіркін
Janasil
нудистік жағажайға барма.
Beytanis
Неше түрлі фигуралар…
direct
«Фиолент» сөзінің бірнеше шығу тегі бар екен
ru.wikipedia.org/wiki/Фиолент
AKY
Ия, көргем))) Өзіме ұнаған нұсқасын таңдадым
Daniar-Alan
Фиолентте нудистік жағажай бар екен

оған да бардыңыз ба?
AKY
Жанасыл
нудистік жағажайға барма.
дегесін, бармадым.
ken
бір-бірімен араласпайтын екі теңізді осы жерде деп көрсетуге болады екен. "Құдай елі" деген атау да как раз келісіп тұр