Қырым жағалауында
Көптен күткен теңізбен таныстым бүгін. Ағзам үшін үлкен стресс болды, негізі… Біз таңдаған жағажайға түсу үшін 800 баспалдақпен түсу керек екен. Физикалық тұрғыдан дайындығым нашар болғандықтан, түскеннің өзіне аяғым дірілдеп қалған. Одан суық суға кіргенде өліп кете жаздадым))) Әйтсе де, су температурасына бейімделе алдым. Рахат!
Ең қиыны, кейін қайту болды, 2 сағат көтерілген шығармын, басым айналып, көзім қарауытып… «Теңіздің сұлулығына биіктен қарашы» деген серігіме "қарай алмайм, құсқым келед" дедім. Кім ойлаған… Бір жағынан, түні бойы пойызда ұйықтай алмағаным әсер еткен болар.
Түс қайта аздап демалып алған соң, тау жаққа бүлдірген теруге шықтық. Дені дұрыс бүлдірген жоқ екен, «біздің Бурабайдыкі мың есе артық» деп мақтанып қойдым. Жорық бекер болмасын деп жолай Қырымның флорасы мен фаунасын суретке түсірдім:
Мак
Кактус гүлдеуде
Мынау біреулердің жағаға алып шыққан лилия гүлдері. Өз ауласындағы көлшікке бейімдемек
Дәәәу ұлу
Аралап жүріп 450 мыңдық халқы бар Севастополь суын ішіп отырған "Қара өзенге" келдік. Бұларда бәрі қара ма деп қалдым)) Суретте жасыл секілді көрінгенмен, негізі, шынымен қара өзен))))
Кечроң, өзенді түсірудің орнына, мен бірінші планға шығып кетіппін
Кешкісін велосипедпен жарты сағат қыдырыстап келдік. Бүгінге осы.
(Айгерім, шашың "қыз жібек" бовкетиптиго)
Украинада ұзақ жүрсің ғой)
Өте керемет жер екен мынау! )))