Қолсағат

Дедің бе дүниедегі сыйлы адамым,
Ұсындың көңіліңнің қилы амалын.
Санамнан сырғыр емес сандуғаш қыз,
Қол беріп, қолсағатты сыйлағаның.

Сен десе менде қанша тағат қалды,
Тұтаттың кеудемде өшкен сан оттарды.
Есептеп жүргендейін қоңыр сағат,
Екеуміз сайран құрған сағаттарды.

Шәрбатын сезімімнің татып тым көп,
Жаныма жақындайсың жақұт-нұр боп.
Уақыттың қадірін біл, қадірлім-ау!
Білмесең, сырғып кетер уақытпын деп.

Тал бойың нәзік күйге толы шығар,
Жігітті жанарыңның оғы сынар.
Сағатымның «тық» еткен дыбысында,
Жүрегіңнің «лүп» еткен соғысы бар.

Біздерге ұсынды ғой төрін ол да,
Жердегі ғашықтардың жолын оңда.
Білегімде берік боп сағат тұрса,
Дәл солай жан-дүниеме берік орна.

Жүрегім дүрсілдесе қанша қатты,
Сырғалым сыйлай білдің сонша бақты.
Жоғалтып алам ба деп қорқам сені,
Жоғалтып алған күні қолсағатты.
Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
Бұл да оң бағасын алып қойған өлең бе?
konvict
Бұл өлең оңбағасын бір жүз грам алып қойған секілді
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 21:35
Aizhantabyn
осы өлеңді бұрын бір жерде оқып ем, содан авторын ұмытып қалғам!
Керемет болды)

Ұнайды.

З.Ы. Менменшіл боп кетпеңізші тек.
satibaldi
Тап Сізге ұнамағанын білемін, сеземін. Несіне қолдайсыз, өзіне қол жұмсайд деп қорқасыз ба?
Abilakim
естіп ем немесе оқып ем бұл өлеңді.