Ортаға бір қыз кірсе...

Коллектив кілең еркектер ғой бізде. Соңғы кезде көп боқтайтын болып кеткем. Кен орнында авария бола қалса, әмпай-жампайға уақыт жоқ, сөздік ашып, синоним, евфемизм, ұйқас қарап отыратын жай да жоқ, бірден нақ-перенақтан жібересің.
Бірен саран «горничныйлар» мен столовыйдың тәтешкілері болмаса, әйелдер аз. Кейде бір нәзік жынысты жұпар иісті қыз топырлап отырған жігіттер арасына кіре қалса, бүкіл атмосфера өзгеріп шыға келед. Сұлу болса, тіпті күлкілі жағдайлар болады.
Содан ғой айтатыны, «женщина на борту к беде» деп. Мәселе, әйелдерде емес, мәселе кейбір жігіттерде. Тек боқтығын тыйып, тақырыпты өзгертсе мейлі ғой. Бірақ кейде басының орнына тасы жұмыс істеп, бүкіл жұмысты артқа тартып, қаншама адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Тым жақсы әңгіме айтып отырып, емін-еркін, сондай табиғи болып отырып, ортаға қыз кіре қалғанда, бірден өзгеріп, сыланып-сипаланып, аяқ астынан тыйылып, иманды-инабатты, әлгі қыздың көзінше тек жақсы жағын көрсетіп, мәмөңке, жағымпаз боп, құбыла кететін, сасқалақтап не істеп, не қойғанын ұмытып дір-дір етіп кететін жігеттерге қарап, түсінбеймін. Сырттарынан жасырын камерамен түсіріп алса ғой, ортада қыз пайда болғанға дейінгі, және кейінгі әрекеттерін, сөйтіп өздеріне көрсетсе ғой, қаншалықты клоун болып отырғанын. Бәлкім, азайтар ма еді.

«Инстинкт» деген жақсы ғой, бірақ жауапты кездерде саналы салқындық таныта алсақ ғой.
Бөлісу:

49 пікір

Abilakim
Келіспеске шара жоқ." Қандайсың солай болып қал!" деген ұстаным жоқ көп жігітте.
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 18:53
Beytanis
Қаталдық керек, мінезге! Мейлі, біреулер «сезімсіз» дер, біреулер "қыңыр" дер, бәрібір. Қыздармен беттен сүйісіп амандасатын жігіттерді қолдамаймын. Жылына бір көрсе ештеңе демес ем, құдайдың құтты күні осы! Қалыңдығы болса базар жоқ!
Gastarbaiter
Кішкентай жеп-жеңіл сумкасын «Ойбай көмектесем» деп қоймайтындардың шығарып салып кеп, "өй біздікі бір тығып алу ғой" дегендерін естігем, сорлылар-ай…
Beytanis
Сол сөзін әлгі бойжеткенге айтса, сояудай тырнақтарымен көзін тырнап-тырнап ағызып жіберетін шығар  «Тәттінің» орнына эпицентрінен «зік» еткізіп.
Gastarbaiter
Долы болса сөйтеді, ал шын сеніп жүрген болса жылап қалады.
konvict
Ық-ық! Бір сүюге зар болып жүріп па
zhazular
жүретін қызының, әйелінің сумкасын көтеріп жүретіндерге қаным қайнайды. Бұтақбастықтың ең семіз түрі осы. (егер біреу-міреуге тиіп кетсе, кешіріңіз. бұғып қалсаңыз болады  )
Gastarbaiter
Негізі ауыр дорожный сумка болса болады. Әйелдерский сумканы енді бұтақбастың бұтақбасы ұстамайтын шығар.
zhazular
жоқ, ол әрине, енді сүйгеніңе, әйеліңе белін қайқитып көтертіп қоймайсың ғой. ішінде небір пәле батыр толған кішкентай сумочкаларды айытп отырмын.
көшеден талай бұтақбастарды көрем.
сосын ел-жұрттың көзінше, тәмпіш танау, шибут қисық аяғынының белінен ұстап, шашынан иіскеп, тіпті дүрдек, кетік тісті жамап тұрған еріннен шөлп еткізіп қойып, маңғазданып өтіп кететіндерге қаным қараяды. өліп-өшіп бара жатса оңашада иісекесін, сүйсін. Елдің көзінше тәлпіштенетіндері несі. елдегі қызға қолы жеткен тек сол ғана секілді.
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 02:25
meirzhan
сосын ел-жұрттың көзінше, тәмпіш танау, шибут қисық аяғынының белінен ұстап, шашынан иіскеп, тіпті дүрдек, кетік тісті жамап тұрған еріннен шөлп еткізіп қойып, маңғазданып өтіп кететіндерге қаным қараяды. өліп-өшіп бара жатса оңашада иісекесін, сүйсін. Елдің көзінше тәлпіштенетіндері несі. елдегі қызға қолы жеткен тек сол ғана секілді.
Осы пкіріден мынандай мораль шығады екен: егер қыз сіз сипаттаған қасиеттерге қарама-қарсы қасиеттерге ие болса, онда көшеде оны бас салып сүюге болады деген.
Егер сіз жалпы қыз атаулымен көшеде өліп-өшу туралы айтсаңыз түсінікті болушы еді. Жалпы бұл комментті қыз бала жазған сияқты немесе жүйкесі жұқарған ер адам. Сөйтіп сипаттауға бола ма.
AKY
Қызы жоқ ер адам жазған шығар
VKM
Бұрынғы кезде фирмалардың кіре берісінде «Аяқтарыңды сүртіңдер» деген жазу болған ғой, ескі фильмдерде қөп көруге болады.
Сол сияқты, Керекке кірерде«Егер настрың болмаса,100 ге дейін санап, жүйкелеріңді дұрыстап кіріңдерші» деген жазу жазғым келіп кетеді.
Қатты кетпесек жақсы болар еді, достар.
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 08:17
meirzhan
Кейбірлер жүйкесін дұрыстау үшін келіп неше түрліні жазатын шығар.
VKM
иә, мен де солай ма деп ойлаймын
VKM
Жалпы қыздар да солай...өзгеріп қаламыз))
Beytanis
Ол сендердің табиғаттарың ғой.
Gastarbaiter
Білем) Бірде қыздар парктен өтіп келе жатыр екен. Олар мені көрмейді. Артынан бір екі ит еріп келе жатыр екен. Содан аздап қорқып, бір жағынан ыңғайсызданып келе жатыр екен. Ішіндегі екеуі кезек кезек әлгі итке бұрылып, беттері тыржиып:
«Кет! Кет албасты!» деп қолымен сермеп, жерден тас алып күлкілі движение жасап келе жатыр екен. Мені көрді де сап тыйылып, етек жеңін жиып, майысып ары қарай кетті. Артына әлгі итке сонда да жалтақтап қояды.
Abilakim
мүмкін олар итті көріп етек-жеңдерін жинап алған шығар?
Gastarbaiter
ол да мүмкін)) бір қой әлгі көрініс бұтқа жіберуге тұрарлық.
konvict
Ол енді қызға жарасатын тірлік. Қыз қылығымен сүйкімді дейді ғой.
just19
Ашық қыздармен ұстамды сөйлесуге болад. Көбіне орыстың қызары ашық, олармен байланыс та жақсы. Қазақи ұяң қызбен бетпе-бет кездескенде, кірерге тесік таппай қиналам. Не бір қызықты әңгіме бастап кету де қиынға соғатын дүние бокетед.
VKM
мораль:қазақтың қыздарымен сөйлеспе
just19
на тебе -1!
just19
Ұялшақ, момақан орыстың қызын көргенім жоқ әлі күнге дейін.
Gastarbaiter
Деревнядағы орыс қыздар ұялшақтау келеді негізі.
VKM
саған да
VKM
мен саған +1 қойғанмын, если б что)
just19
Жомарттығым тасып, саған деген +1„лер талай қарша борағанын айтпай отырсам, жалғыз +1„ді әңгіме қып, онысын -1 беріп тартып алып апты. :Қандай смайлик қойсам:
VKM
just19, дабай,2-ші фронт ашпайық
just19
Бопты
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 21:46
Gastarbaiter
сенбе оның сұлу көздеріне)))жылы сөздеріне чарыларын іске қосып жатыр, саналы салқын қандылықтан тайма)))))) әжең өзім әзер шыдап отырм))
Beytanis
Жәстің айтқанына ренжімеңдер. Оның айтпағы, томсыраймай адаммен адамша сөйлессеңдерші дегені ғой.
konvict
@AKY-ге қарасам сенің пікірің қате екеніне жүз пайыз сенімді боламын
Gastarbaiter
АКУ-ге шын өмірде қарасаң, рас екендігіне екі жүз пайыз сенімді боласың По крайне мере алғашқы кездесуде
AKY
Періштемін ғой негізі мен, айтшы, Гаста
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 01:10
konvict
 Ойлануға тура келіп тұр
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 01:09
Gastarbaiter
Әзірейіл періште))
konvict
 Сондай жігіттерді көрсем жыным ұстайды. Қызды сыйламасын емес, сыйласын. Бірақ подкаблук болудың не керегі бар. Өмірде қалайсың, қыздың алдында да сондай болу керек. Бәрібір кейінірек бет жүзің ашылады. Сол кезде сенің шын жүзіңді көрген қыз бетіңе түкіріп кетеді.
Gastarbaiter
Бірден түкіртіп алу керек бетіңді Кейінгіге түкірік қалмайтындай етіп. Жақсы қасиеттеріңнің бары рас болса, кейін онсыз да көрінеді. Жоқ болса, қыздар өздері ойлап табады оны сен үшін
konvict
Не бірден жұтып қою керек деп қуалап кеткенсің ба
Gastarbaiter
Қуалау жағынан саған тренинг қажеті жоғы белгілі))
Gastarbaiter
Жазулар былай деп сиіпТ:
«сосын ел-жұрттың көзінше, тәмпіш танау, шибут қисық аяғынының белінен ұстап, шашынан иіскеп, тіпті дүрдек, кетік тісті жамап тұрған еріннен шөлп еткізіп қойып, маңғазданып өтіп кететіндерге қаным қараяды. өліп-өшіп бара жатса оңашада иісекесін, сүйсін. Елдің көзінше тәлпіштенетіндері несі. елдегі қызға қолы жеткен тек сол ғана секілді. „
Әр жерде махаббатым ашыла кететін әдетім жоқ әрине. Бірақ сағынғанда әйелімді қатты жақсы көріп кетем, онсызда жарты өмірім далада өтіп жатырғандықтан, кейде сезім жиналып қалғанда, жаңа көргендей боламын. Сондай кездерде көшеде болсын, көлікте болсын, бас саламын
Алайда сенің не ойлап тұрғаныңа, қаныңның қараймақ түгілі сідік түстес боп сарғайып кетсе де үлке-е-е-н болт қойып тастағаным бар шыны керек.
Мүлде басқа тақырып. Шынайылыққа қатысы жоқ.
asaubota
ал егер кілең қыздар, әйелдер істейтін коллективке бір жігіт кіріп келсе ше?
Gastarbaiter
@asaubota, тым болмаса осырар алдында "әлгі еркек жақын арада жүрген жоқ па?" деп жан жағына қарайтын болатын шығар)))
Zilola
Мен табиғатымнан аса дөрекі болмасам да (аса сыпайы да емеспін), менің көзімше боқтап жатса «э, фильтр қосып сөйле» деп айтып қалатыным бар.
Және өз кезегімде арамызға жігіт келді екен деп майысып та қалмаймын
madlen
Жігіттер пайда болса, автомотически переключаться етіледі екенмін. Оны құрбыларым айтты. Әдейі жасамаймын ондайды, өзі солай болады
Beytanis
Табиғатқа шара жоқ!