Майдангер атамен әңгіме

Түртпектеумен түні бойы, күндіз де,
Мың сан күдік маза бермей жүр бізге.
Ата, сіздер қанмен жазған тарихты,
Біз қаламмен қайталаумен жүрміз бе?

Тыныштық қой, арманымыз әр күндік,
Дей алмаймыз жалындарға шарпылдық.
Ата, сіздер жасап кеткен ерлікті,
Біз өлеңде жасай алмай шарқ ұрдық.

Уақыт таяу, сүрлеуімен жүргізгіз,
Қайратыңның қаһарынан нұр жүзгіз.
Ата, сіздер жеңіп келген жаулардың жалауларын,
Желбіретіп біз жүрміз.

Сізге, тағы айтар болсам бір шағым,
Жайма шуақ күйіңізді құртамын.
Ата, сіздер қорғап берген жерлерді,
Өзгелерге арнап жатыр ұрпағың.

Арнасам да батыр баба лағыл жыр,
Тауыңызды тентек ұлың шағып жүр.
Сіз ерлікпен тағып келген орденді,
Бізде көбі ерліксіз-ақ тағып жүр.

Абзал ата, маған сәл-сәл мұң шаққыз,
Көкірегіңе көктемдерден гүл таққыз.
Сіз соғыстан жұқтырдыңыз сырқатты,
Қазір біздер соғыспай-ақ сырқатпыз.

Дәл өзіңдей таба алмаспын сыйлы адам,
Кеңдігін-ай, кең далаға сыймаған.
Батырлықты «боевик» деп ұғамыз,
Сіздің кезді көргеннен соң кинодан.

Тұлпарға да мінген жалғыз аяқпен,
Аюға да хат танытқан таяқпен.
Ата, сіздер алып берген жеңісті,
Ұрпақтарың сезінбейді-ау, әй, әттең…

Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Түртпектеумен түні бойы, күндіз де,
Мың сан күдік маза бермей жүр бізге.
Ата, сіздер қанмен жазған тарихты,
Біз қаламмен қайталаумен жүрміз бе?

Скажи-ка дядя, ведь недаром:
Москва, вспаленная пожаром
Французам была отдана?
Плагиатор, кетнақ!!!
Jacqabaies_Chirac
Плагиатор
еш сөлекетігі жоқ нақтың, пер пер енесстің жаза бер тігіндіріп Қасым, әлде Олжас па едің