Ағайын, жаңа блогтұғырды қарсы алыңыздар!


Армысыздар, керекші ауыл тұрғындары! Бүгін мен сіздерге өзімнің жаңа блогтұғырымды пайдалануға ерекше қуанышпен ұсынбақпын! Көптен бері осындағы көпшіліктің wordpress тұғырындағы блогтары ашылмай қалған соң «Бұл жағдайдан қайтсек шықсақ болады?» деген ой ұйқы бермей қойғаны рас. Сол үшін де осыған дейін "Өзіңе жеке сайт қалай ашуға болады?" тақырыбында бейне-сабақтар түсіріп, назарларыңызға ұсындым. Алайда, «Бірақ қалай болғанда да қазақ блогтарының басын қосатын бір ортақ желі һәм жүйе керек болар?» деген сұрақ тынымсыз әрекеттің нәтижесінде дәл қазір сіздерге ұсынып отырған "Қазақы блогтұғыр" блогтар желісін өмірге әкелді. Бәлкім, доменнің һәм желінің аты сіздерге «тізесі шыққан көтриоттар әлемі» секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен де ізгі ниет, пәк көңілден шыққан жұмысты шын жүректен қабыл аларсыздар деген ойдамын.

Блогтұғыр толықтай өздеріңізге жете таныс wordpress платформасында отыр. Бұл әрине, көпшілігіңіздің жазбалараңызды пікірлерімен қоса оңай экспорт жасау үшін әрі әлемдегі озық тұғыр болғандықтан қолданылды.

Дәл қазір блогтұғыр «бета» нұсқасында тұр. Сондықтан келеңсіздіктер мен ақаулар орын алса кешірім сұраймын. Бірақ олай бола қоймас деген сенімдемін. Ал сайттағы тіл мәселесі өте жақын арада шешімін табады, иншаллаһ! Барлығы да қазақ тіліне аударылады. Оған дейін ағылшын тілінде пайдалана тұруларыңызға тура келеді. Сол үшін алдын-ала кешірім сұраймын.

Сізді сайтқа кіргенде алғашқы бет қарсы алып, тіркелуге шақырады. Содан кейінгі қалыпты тіркелу процесі ағылшын (әзірше) тілінде жүреді де поштаңыз арқылы тіркелгеніңізді растайсыз. Сонсоң өз блогыңызбен сіздіңатыңыз.qazaqblogger.com атты сілтемеде жұмыс жасай бастайсыз.

Қазіргі таңда 10 шақты ерекше көйлектер қондырылды. Жақын болашақта да қосымша плагиндер мен темалар қойылатынына сендіргім келеді.

Егер де алып-қосар игі-тілектеріңіз бен ұсыныс-өтініштеріңіз болса, мархабат…

Баршаңызға рахмет!

Құрметпен, Тимур Бектұр
Бөлісу:

43 пікір

yerbol89
Ойыңыз жақсы! Бірақ мына КазЖур-мен қалай болмақ екен! Бұл сайт да сіз айтқандай мақсатта ашылған екен! kazjur.kz/
timurrr
Рахмет, Ербол інім! Көптік етпейді ғой? Біреуге ҚазЖур домені ұнар, біреуге Қазақблоггер домені ұнар. Бәлкім екеуіне де тіркелер. Бірақ менің түсінгенім, ҚазЖур аты айтып тұрғандай журналистерге арналғандай көрінеді…
yerbol89
Ағасы несін жасырайын. Бірақ мен үшін Қазақблоггер.ком тым ұзақ. Қысқа боғанын қалар едім, интернеттің не екенін алғаш түсініп жүргенде мән бермейтін едім, түсіне келе қысқа домен болғанын қалайтын болдым. Мүмкін ҚазБлог.ком болса болар. Себебі серікбай89.қазақблоггерю.ком тым ұзақ болып кетеді екен!
timurrr
Келісемін! Толық! Осы доменді аларда көп адаммен ақылдастым. Осыған тоқтадық. Менің ойым жаңадан тіркелген адамның өз атын қосқанда құлаққа жағымды естілуі болды. Мысалы сен айтқан «серікбай89.қазақблоггер». Яғни, мағыналы болсын деген пиғыл ғой…
patick
Дизайнын хуярить етпедің ба?
timurrr
Неше күн ұйқы шала, бітіп отырмын бауырым. Дизайн-мизайн, тіл-міл, лого-пого барлығы болады, иншаллаһ
timurrr
Негізгі халыққа дәл қазір басты беттің дизайны маңызды емес болар деген ойдамын. Ал қолданушылар үшін ерекше көйлектер (шаблон) қондырдым. Әлі де толығады ғой…
Aizhantabyn
Жарайсың! Қазір ақ тіркелем)))))))))))
KILYZAMAN
Тіркелуін тіркелдім… Мәзірінің өңгеруге шамам келмейтін үшінші тілде(ағылшын)болғаны қыйындау. Үміт апайымыз орны бар оңалар дейді әйтеуір.

ПыСы. Бұл тұғырнаманың құрал-жабдықтары болама?
timurrr
Оңалар, оңалар...
Бар ғой құрал-жабдығы?
KILYZAMAN
Бар екен, көрдім… Сонда, бұрынғы тұғырнамадан өзгешелігі(ерекшелігі) қай жерінде?
Пікір түзетілген: 25 маусым 2011, 19:45
timurrr
wordpress-ке тәуелді емессіз… Әрі домені өзгеше
Пікір түзетілген: 25 маусым 2011, 19:45
konvict
Рахмет! Мен тіркелдім. Бұрынғы блогымды да жүктеп алдым.
zhazular
мен тіркелдім, бұрынғы блогымды жүктемедім… күту кеерк вордты
timurrr
Рахмет! Қош келдің!
timurrr
Саған да рахмет! Игілігіңе пайдалан!
Zako
Әркім өз блогын басқару жағынан мейлінше көп мүмкіндіктерге ие болса... деген ұсыныс бар.
AKA
Рахмет сізге Тимур Бектұр, Аллаһ разы болсын! Көптен бері жеке блогым болса деп армандап жүр ем, тіркелдім, алақааай, жәймендеп үйрене беремін. Енді жеке блогым бар Әльхамдулилляһ
timurrr
Бәрекелді! Іске сәт!
Altygradus
Тіркеліп қойдым мен де Мадисс Тимур.
Бірақ бәрібір УПті қимайт екенбіз
timurrr
Рахмет! Енді қара шаңыраққа қайдан жетейік))
monti
түсінгенім сіз УП сияқты блог тұғырнама жасадыңыз? күчт.

сұрақтар:
1.qazaqblogger.com доменіні өзіңіз сатып алып, бізге тегін бе?
2. УП ашпайтынын кім қай жерде анық айтты?
timurrr
Ия, УП сияқты блогтұғыр.

Жауаптар:
1. Ия
2. Бүгін-ертең ашып не ашпайтынын білмедім. Олай айтқан жоқпын ғой? Мен тек «Көптен бері осындағы көпшіліктің wordpress тұғырындағы блогтары ашылмай қалған соң» дедім. Бәлкім ашылар, бәлкім ашылмас…
monti
еңбегіңізге рахмет дегім келген
imanigul
Жаным! Ісіңе сәттілік! Wordpress жабылғалы қиналып жүрген блогшыларға бұл бір жақсы болатын болды. qazaqblogger.com маған ұнады. Wordpress.сom деп те шұбартып жүрдік қо. Мынаның оның жанында мәні бар. Қажыма)))
KILYZAMAN
Парөлімді ұмыттым деген Арызыма келген жауаптағы уақытша парольді қолдана алмадым
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 22:27
timurrr
Тәкссс… Недеватр?
timurrr
Логин және кілтсөз енгізетін бетте қауіпсіздік мақсатында шаралар қабылдаған едім. Сәл төменгі жағындағы шағын есепті шығаруыңыз керек. Бәлкім соны байқамай тұрған боларсыз?
VKM
Сол жаққа кету керек ғой деймін,«Керектің» аурасы ұнамай барады(
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 22:36
timurrr
Лебізіңізге рахмет! Алайда, олай демеңіз. Админ аға Аршат көңіліне алып қалар…
Gastarbaiter
домен аты ұзындау емес пе?
timurrr
Сондай ыңғайсыздық бар енді… алғашқы Ербол ініңнің кәментінде сол туралы сөз болған еді. Мақсат, доменнің «звучаниесі» болды.
Gastarbaiter
ауызша айтылғанда есте сақтау қиындық туғызуы мүмкін. q мен k әріптері шатастырады көп адамдар. Уақыт таразы болар. Құтты болсын!
timurrr
Сол q мен k әріптері проблема болғалы тұр. Алайда оның да ретін тауып редирект жасауды қарастырармын. Егер бос болса. Сонда k мен келген адам бәрібір q-ге кететін болады. Тек мен оны алам дегенше біреу қақшып кетпесе Әмин, рахмет!
Gastarbaiter
Блог арқылы пысықкөтендік (остроумие) сайыстырудан басқаға жарай алмайтынымды түсіндім. УОрдпресс жабылып қалса, бар бәле сомен кетсіннен басқа айтарым жоқ. Интернет арқылы Қазақстанды дамытып, біреуге нақты пайда тигізіп қарқ қылмаспын.
Үлесімізді басқа жағынан қоспасақ, дәл мен үшін Қазнет қалай ермек боп қалыптасты, солай ермек боп қала бермек.
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 01:22
meirzhan
Пікірдің салмағы ауыр екен.