Қалыбын бұзбағандар.

Тақырыпты түсіндіре кетейін. Алла тағаланың жаратқан қалыбын кейін келе бұзып алатын жандар болады. Әңгіме қалыбын бұзбағандар жайлы. Негізі әншілерден жұлдыз ауруын көп байқайтынымыз рас. Тіпті ол эстрадада таныла қоймаған қала деңгейіндегі жас әнші болса да. Менің байқағаным Халық әндерінің орындаушылары өте қарапайым келеді. Қандай қонақ үйге орналастырсаңда риза. Бірншіге борщ, екіншіге гречка котлетімен әкеп берсең жей береді. Ал, эстрада бағытындағылардан бәрін күтуге болады. Қарағандыда жылына екі-үш конкурстар мен фестивалдер өтіп тұрады. Халықтық бағыттағы жас әншілердің конкурсында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас әншілерді күтіп алу мен қонақ үйге орналастырудың басы қасында жүрдім. Бұларды жалпы қонақ үйге орналастыра салды. Күзгі мезгіл. Қонақ үйде жылу жоқ. 4 адамдық, 6 адамдық нөмірлерге тықтық барлығын. Олар жамырап ән айтып дайындалып жатыр. Жеке дайындалуға мүмкіндік жоқ. Не істей аламын,қолда билік жоқ. Мына қонақ үйге қанша төленетінін де біле алмаймын. Ертесіне тамақтары қырылдап тұрды біразының. сонда да қабақ шытпайды өздері.
Осы тектес эстрада бағытының жас әншілерінің конкурсында оларды басқа қонақ үйге орналастырды. Жылы.Жеке-жеке бөлмелер. Осыдан кейін олар атақты болған кезде қалай өзгермесін…
елге танымал азаматтардан Рамазан Стамғазиев ,Қайрат Байбосынов, Қатимолда Бердіғалиев сынды атақты адамдардың қарапайымдылығын сөзбен жеткізе алмаймын.Қайрат аға есік алдындағы бардюрға отырып алып әңгімені жібере береді))))
Ерік Жолжақсынов бір шаруаларымен қаламызға ат басын бұрыпты. Тура сол күні Бибігүл апамыздың кеші болып жатқан. Сол кешке бас сұға салыпты. Бір шетте тұр сопиып. Ол кісімен ешкімнің ісі жоқ. Барып амандастым, жөн сұрастым. «Жүріңіз жақсы жерге отырғызайын» десем,«ел-жұрт отырып алсын.Орын болса арт жағына отыра салам» дейді.Неткен қарапайымдылық. Екеуміз қазақ киносы жайлы біраз әңгімелестік. Бұл оқиға «Лавэ» фильмі жарыққа шықпай тұрып, бірақ түсіріліп біткен кезде болғантын. Ерік аға сол кинода киллердің рөлін сомдаған.
Тізе берсек бұндай қарапайымдар көп. Ерболат Құдайбергеновте осы тізімге кіреді, Қайрат Нұртаста адаммен тез араласады.
Бөлісу:

13 пікір

asaubota
тегіне де байланысты ғой. дым көрмегендер әрине өскенен кейін сондай боп кетеді.
Zilola
сенің осындай жазбаларыңды жақсы көремін!!!
Abilakim
Сенің мені жақсы көрген кездеріңді жақсы көремін)))
patick
Ерік Жолжақсынов, Нұржұман Ықтымбаев — менің жақсы көретін актерлерімнің бірі.
Nurgisa
менің жақсы көретін актерлерімнің бірі
Сенің жақсы көретін актерлеріңнің екеуі ме деп қалдым
Пікір түзетілген: 24 маусым 2011, 15:56
meirzhan
Халық әндерін орындаушылар енді «жалған дүние», т.б.-лар туралы айтып жатады ғой. Эстрада әншілері сияқты арзан дүниелерді емес.
Егер халық музыкасы — ұлттық классика орындаушылары эстрадаға қарағанда танымал болса, олар (халық әндерін орындаушылар)өзгерер ме екен.
Nurzhol
Жақсы адам ашуы — шәй орамал кепкенше, жаман адам ашуы — басы жерге жеткенше дейді.  

Әрине, адамның тегіне де байланысты. Бірақ,
Жақсыдан жаман туса — емі болмас,
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас, — деген нақыл сөз еске жиі оралады. Өмірде өзін қарапайым да салмақты, тәртіпті ұстай алған адамдар көп жамандықтан аман қалады. Кересінше, өзім білемге көшіп басқалардың жағдайын түсінуге де тырыспайтын адамдар өмірден көп таяқ жейді деуші еді. Рас, айналадағы адамдар сан түрлі. Бәрі бірдей еместігінен, сақ болу керек. Жақсыны басынба — қиын қыстау күн туса, сол табылар қасыңда деген аталы сөз ең дұрысы болар.
Lyaila
Рас, қарапайымдылықты — Кісіліктің келбеті, адамгершіліктің белгісі дейміз… Дегенмен, көп жағдайда бұл қасиетті тек елге танымал адамдардың іс-әрекетімен байланыстарғанда ғана «кереметтілігін» айтып деп тамсанамыз… ал,қатардағы адамның бойынан табыла білетін осы бір «тамаша» мінезді байқасақ «тым қарапайым екен» дейтін түсініктердің бары да рас…
satibaldi
Сіздің аузыңызбен ақиқаттың өзі бақырып жылап тұр!
Dzhuli
жақсы сөз жарым ырыс... жақсы адамды сөзінен байқау әбден мүмкін, тіпті бет ажарында да бір өзгешелік нұр болады, жан-жағына мейірім төгеді. ал менменсініп напокозуху қанша жақсы адамнің кейпін ойнайтын адамдардың жанарлары суық, сөз тартпайды.
KILYZAMAN
Негізі әншілерден жұлдыз ауруын көп байқайтынымыз рас.
Жылы.Жеке-жеке бөлмелер. Осыдан кейін олар атақты болған кезде қалай өзгермесін…
Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас…