Қуанышты хабар
СҮЙІНШІ… Біздің Меруерт (Жастардағы БАБАЙКА) жақын арада күйеуге шығады. Той 11 шілдеде Луговойда болады екен. Жездеміз Жамбылдан. Қазір екеуі де Қытайа жүр, Алла жазса осы аптаның соңында не келесі аптаның басында Қазақстанға келеді. Тойға дайындық қарқынды жүріп жатыр екен.
Маке БАҚЫТТЫ БОЛ!!! Сіз үшін қуаныштымын...
Маке БАҚЫТТЫ БОЛ!!! Сіз үшін қуаныштымын...
Сүйіншіге бірдеңе сұрайды Мая, сүйіншің менен, бұл бүгіндікке естіген 3-ші жақсы жаңалығым болды!
Рахмет, көңілім көтеріліп отыр!
Меруерт бақытты болуға лайық қыз, жақсы жар әрі ана болуына шын жүректен тілектеспін!
Барған жеріне судай сіңіп, тастай батсын. Бақыт тілеймін!
Ал,құрбым, @babaika, тойыңа шақырған пейіліңнен айналдым,өткенде қатты разы болдым саған! Әлемдегі бар жақсылықты тілеймін!
Тараздан емес пе едің?Әлде сен де Луговойдансың ба?Өйткені біз Мерудің жолдасын танымаймыз да, Меру арқылы танысамыз
Меру біздің жерлес, так что әпшең
әпшемәпкем болсын!Байға тиюіңмен, МИКОШ!
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын! ИншАллаһ махаббатқа толы иманы ұйыған отбасы болуларыңызға тілектеспін.
Асығың сақа болсын,
Өмірің шат, баққа толсын,
Кіршігі жоқ аққа толсын,
Алланың нұрына бөлен,
Ақынның жырына кенел!
Дос болам десең, дабаймын» ))))))) емес пе? Құтты болсын талабың!
Бабайға неге қас Қабақ?
Жастарға қумай тойға кел
Боласың құда бас Қабақ.
Құдаша бір партияя деп
Боласың жүдәә мас Қабақ!
Бабайка жақсы, тиспе оған
Жаман қыздарға фас, Қабақ!
Қош келдің Ханша!
Әмин! Әмин! Әмин!