Пайым
Өтірік сияқты көрінер,
Біз оған сенеміз, шын дейміз.
Ақ қарды ериді дегенмен,
Ол бірақ, жылайды білмейміз.
Жөңкілген бұлақты көреміз,
Ал, оның күлгенін сезбейміз.
Сырғыған құмдарды көреміз,
Ал, оның жүргенін көрмейміз.
Қаңбақты жел қуды демесең,
Бір жаққа жұмсайды жел оны.
Жұлдыздар ағады деме сен,
Біреудің жарығы сөнеді.
Аспанға қарасаң төбеңді,
Құс жолы шиырлап көмкерген.
Өлеңі секілді ол енді,
Арманшыл ақынның ерте өлген.
Жырымды оқып ап ұқтырар,
Өмірім уақытша мекенім.
Ақынның өлеңі дегенді,
Ақынның тағдыры екенін.
Олжас Қасым
Біз оған сенеміз, шын дейміз.
Ақ қарды ериді дегенмен,
Ол бірақ, жылайды білмейміз.
Жөңкілген бұлақты көреміз,
Ал, оның күлгенін сезбейміз.
Сырғыған құмдарды көреміз,
Ал, оның жүргенін көрмейміз.
Қаңбақты жел қуды демесең,
Бір жаққа жұмсайды жел оны.
Жұлдыздар ағады деме сен,
Біреудің жарығы сөнеді.
Аспанға қарасаң төбеңді,
Құс жолы шиырлап көмкерген.
Өлеңі секілді ол енді,
Арманшыл ақынның ерте өлген.
Жырымды оқып ап ұқтырар,
Өмірім уақытша мекенім.
Ақынның өлеңі дегенді,
Ақынның тағдыры екенін.
Олжас Қасым
4 пікір