Орта есеппен қазақ мұғалімі

1. Көп бөлігі әйелдер.
2. Жоғары білімді сырттай оқу арқылы алған.
3. Компьютерді білмейді, білетіндерді қатты сыйлайды.
4. Информатиктері Windows – тың стандартты бағдарламалары мен Offiсе – ден ары аса алмайды.
5. Комиссиядан өлердей қорқады, себебі білім аз.
6. Өз білім деңгейін папкаларға компютерде терілген қағаздарды жинаумен өлшейді.
7. Оқушыларға: «жұмыс дәптерін толтырыңдар» — деп қақсайды, бірақ ол оқушының білім алуы үшін емес, тексеруші комиссияға көрсету үшін қажет.
8. Олар ешкімге керегі жоқ «Сабақ жоспарын» жазудан әбден қажығандар. (тым болмаса өзімізге қажет болсашы сол бір бет қағаз)
9. Еркектері мереке сайын бірігіп арақ ішеді.
10. Оқушының бұзықтық жасағанын көрген кезде, өзінің де кезінде осындай қылық жасағаны есіне түсседе, ол оқушыға ұрса жөнеледі.
11. Формалды нәрсеге әбден еттері үйренген, өтілуге тиіс тәрбие сағатының жоспары тек қағаз жүзінде өтіліп папкасының ішінде сақтаулы тұрады.
12. «Нұр-Отанның» мүшесі.
13. Сайлау бола қалса барлығы бір ауыздан, бір адамға дауыс береді.
14. Өз еркінен тыс екі республикалық, бір облыстық, бір аудандық басылымға жазылады, (көбісі пайдаланар алдында оқылмайтын газеттер)
15. 3 ке жауап берсе 5 қояды. 0 ге жауап берсе 3 қояды.
16. Жеке веб сайт ашқандары «Қызыл кітапқа» тіркелген. (деп жыртылсаң ә)
17. Сайт пен Е-маіl ды ажыарата алтындар өсіп келе жатыр.
18. Жалақыларын айтуға ұялады.
19. Барлығы интернетке басқа біреу дайын қазақша материалды салып қойса деп ойлайды.
20. «Білім туралы» заңды бірде бір рет оқып көрмеген, есесіне папкасында тұр.
21. Шілдеден бастап жалақысы 30 пайызға өседі.
Бөлісу:

96 пікір

Zako
5. Комииссиядан өлердей қорқады, себебі білім аз.
Комиссияның оңған білімі барына күмәнмен қараймын.
9. Еркектері мереке сайын бірігіп арақ ішеді.
Спорт залда шөлмектер жатушы еді.
14. Өз еркінен тыс екі республикалық, бір облыстық, бір аудандық баслымға жазылады, (көбісі пайдаланар алдында оқылмайтын газеттер)
Осындайда Егеменнің пайдасы бар ма?
alisha
Компютерді

Күніге қырық мәрте көретін қарабайыр сөздердің өзін қате жазады деп қосып қойыңыз.
serjan
Қымбатты пікіріңіз қабылданды, талқыланды, түзетілді.
alisha
баслымға, Комииссиядан 
дегендерді еш талқылаусыз түзете салыңыз.
saken
ажырата алтындар
guljainat
"қазіргі заманғы озық технологиялар" арқылы қойылған дәл диагноз екен. айтпақшы әйел мұғалімдер де арақ ішеді. Сосын кабинеттері бытықы-шытықы көрнекілік құралдары деп аталатын, шалақазақша тақтайларға толееееп тұрады.
Aizhantabyn
оқушыға білім беруден гөрі, ақша жинауды жақсы көреді.

ата ана жиналыстарын өткізгенде тағы да «мектеп фонды», «сынып фонды», «жөндеу жұмыстарына», «соңғы қоңырауға» тапсырылуы тиіс қаражат мөлшері жайлы әңгіме айтады.

оқушы өзінен ақылды болса жыны келеді.

этикадан жұрдай…

З.Ы. бәрі емес, менің өмірімде тек бір МҰҒАЛІМ кездесті, қалғандары жай, случайные люди в сфере образования…
19852407
Нагыз МҰҒАЛІМ деген атқа лайықтылар біздің мектепте болды
Мектеп бітіргенімізге де 10 жылға жуықтады, сол ұстаздарымыз қартайып қалыпты. Досымыз үйленіп, ұстаздарымыз тойға келген-ді жуықта, көргенде жылағым келді
satibaldi
9. Еркектері мереке сайын бірігіп арақ ішеді.
Әйелдері тек тассай ішумен тарқасад деЧ?
19852407
«Выпускной балда оқушыларға білдірмей өздерінше нааан сырлы шайнектерге арақ құйып, ата-аналармен бірге ішет»
деп жазу керек еді
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 11:46
Zilola
Выпускной балымызда бәріміздің стөлімізде болған ішімдіктер. Екі қолды бос қойып, алдымызға ішімдік толы шөлмек қойған. Ішкісі келетін адам амалын тауып ішеді бәрібір
Ата-аналар да, мұғалімдер де сыпакойны отырып ішкен, бастысы ешкім асылып қалып, бірін-бірін балағаттап, төбелес шығарған емес
satibaldi
бастысы ешкім асылып қалып
Емтихан тапсыру арқылы аттестат алудың соңғы жылдары болатын…
Zilola
керісінше біздің кезде асылып өлуге повод көп етін да, бірақ біз ол мүмкіндікті наққа жіберетінбіз, тәрбиеміз бен ортамызда ерекшелік болды
satibaldi
Бир қулоғи чандық қиз.
19852407
да
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 13:37
19852407
 біздің мектепте ондай атымен болмаған екен
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 13:35
patick
Көбімен келіспеймін.
satibaldi
Бұ қазақ қашан шындығын жазып еді. Өзінше ішкі асхана сырларымен бөліскен болғанымен, мұғалімдерде адам кейпін қалдыруға тырысыпты, корпоративтік ауызбіршілігіңдісстің.
serjan
бөліскен болғанымен,
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 14:00
Gamk
Қазір көрнекілік құралдарын оқушыларға "ілетін" болыпты. Оған куәлік беремін. Екінші сынып оқитын қарындасыма Абай мен Мұхтар туралы 20 беттік пыртпөлиө берген.
saken
нөлебайда оқитындарға сайт жасатып қоймасын дейік )
patick
Бұл жерде мұғалімге жалпы баға бергенде көп нәрселер сәйкес келмей қалады. Неге? Өйткені, олардың салалары мен географиялық ерекшеліктері жетерлік.

Мысалы, біздің мектепте БҰТ-қа дайындық кезінде консультациялар күштеп тегін жүргізілсе, көрші ауылда оқушылардың еркімен ақылы жүргізілді. Біздің мектептің мұғалімдері «яғни», «болып табылады» деген сөздерді себепті-себепсіз қолдана берсе, көрші ауылдың мұғалімдері ондай қолданбады…

Сол секілді ерекшеліктері өте көп. Бұл жерде оқытатын пәндерін де ескеру қажет. Сондықтан, «Орта есеппен математика мұғалімі», «Орта есеппен тарих мұғалімі» деп қарастыру керек.
serjan
ерекшеліктері өте көп болғандықтан да орта есеппен сөзі қолданылады.
patick
Жасаған орта есебің де мұғалімнің орташа сипатын көрсете алмағанын айтып отырмын.
patick
Мысалы, жоғарыдағы 21 пунктіңнің бәріне де тоқсан түрлі қарсы аргумент айта аламын.
Gamk
Медиктер туралы кім жазады? Оқып көрейік.
Aikona
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйрете алмайды, өйткені өздері оның не екенін жете түсіне алмайды.
Мұғалім ауылдағы крутой мамандық деп ойлайды, сол үшін білімі болмасада әйтеуір кітаптан оқып беріп, жұмысын істеген болып ақша алу керек.
Олимпиадаға оқушыны дайындау, ата-анасына «ақшаларыңды реттеңдер» деумен шектеледі.
ЕНТ тыға дайындықта солай.
sigma
Ауылдағы крутой мамандық екеіне сөз жоқ енді, Мектеп директоры болса, тіптен керім.
sigma
2. Жоғары білімді сырттай оқу арқылы алған.
Бұның өтірік енді айып етпе, бірен саран болмаса орта есепке келмейді.

6. Өз білім деңгейін папкаларға компютерде терілген қағаздарды жинаумен өлшейді.
Қай саланы алсаңыз да, қағаз бастылық. Сондықтан пака жинау тек мұғалімдікі деп телуге болмайды.

7. Оқушыларға: «жұмыс дәптерін толтырыңдар» — деп қақсайды, бірақ ол оқушының білім алуы үшін емес, тексеруші комиссияға көрсету үшін қажет.
Оқымаса да, бала өз қолымен жазған болса сол жазылымның кемінде 10 пайызы есінде қалады. Құрығанда қайдан іздеу керектігі есінде болады. Сондықтан дәптерді толтырту керек.

8. Олар ешкімге керегі жоқ «Сабақ жоспарын» жазудан әбден қажығандар. (тым болмаса өзімізге қажет болсашы сол бір бет қағаз)
Жоспарлы істің жоспарсыз істен айырмашылығы мол екеніне ешкім қарсы келмес

15. 3 ке жауап берсе 5 қояды. 0 ге жауап берсе 3 қояды.
орта есеп емес бұл статистика

20. «Білім туралы» заңды бірде бір рет оқып көрмеген, есесіне папкасында тұр.
Жалақы туралы жерін жатқа соғады деп қой, әсіресе G есептегенде дес бермейд деп
Gamk
Ал менің ауылдағы мұғалім боп жүрген сыныптастарыма қарасам бұлар рас сияқты көрінеді. Сапалы мұғалімдер зейнетке кеткен.
sigma
Онда ажыратып жазу керек „Орта Есеппен Ауыл Мұғалімі„ деп, ауылда оқымадым, жұмыс та істемедім ештеңе айта алмаймын
satibaldi
Интернет бас әріппен жазылатынын білмейді…
alisha
Кетші, қазір түзетіп қойып жүрер
nurjanbay
мектеп оқып жүргенде кім болсамда әйтеуір мұғалім болмаймын деуші едік. мұғалім болғанның бір артықшылығы бар: білімі, санасы, ақылы, жасы өзінен төмен аудиториясы болады. соларға ақыл, білім үйретеді. сол үшін ақша алады.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 12:44
satibaldi
білімі, санасы, ақылы, жасы өзінен төмен аудиториясы болады.
Тап осы тұрғанда өзіңді педагог ретінде сарқып біткеніңізге байланысты, №АР 569874009 сериялы дипломыңыз жарамсыз деп табылсын.
nurjanbay
қарапайым қазақ тілінде жазбасаң дәруішөлген тілін кейде түсінбей қалам
19852407
тура тусіпсіңіз
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 13:39
meirzhan
Мынауыңыз стебқа ұқсап кетіпті.
Beytanis
Мұғалімдердің «Сен де мен сияқты мұғалім бол» деген жәмән қарғысы бар ғой.
manshukn
Негізі, оқушы төртінші сынып оқып жүргенде мұғалім боламын дейді. Өтйкен,і оны көз алдында мұғалімнен басқа ардақты мамандық жоқ. Оған дәлел, кішкентай кездерінде барлығы апай мен оқушы болып ойнайды. Менде армандағам кішкентай кезімде, бірақ ол саланы таңдамадым.
Beytanis
Мұғалім жақсы болсын десең бірінші Білім жүйесіне аударып-төңкеріп реформа жасау қажет; екінші мұғалімнің қарнын тойдыру керек (жалақы)!
satibaldi
Дұрыс! Үштік Сот институтын қайта жаңғыртып, әрбір сегізінші мұғалімді табанда атып тастау керек.
Beytanis
Ешкімді де атудың қажеті жоқ, тек мұғалімді дұрыс даярлау керек. Со мұғалімдер балаларды қалай оқытса, солай өсіп-өнеді.
satibaldi
Стекеңнің уақытында мұндай қойнялар болмапты деседі…
gunner
Сол ғой, жалақы көтерсең коррупция көтеріледі, өйткені мұғалімдік орынға, сағаттарға талас басталады. Барлығы бір бірімен байланысты.
meirzhan
Жалақы көтерсең мұғалім арасындағы білімдері бойынша бәсеке де болады. Сапалы мұғалімдер қалып, сапасыздары жардан лақтырылады.
nurjanbay
қазір педагогикалық техналогиялар қаптап кетті. мұғалімдер үйретудің орнына сол техналогияларды игере алмай қор болып жүр. техналогия болғаны жақсы шығар. бірақ менімше "қалай үйретсең солай үйрет әйтеуір баланы жазу-сызу мен есеп-қисапқа үйретсең болды" немесе «еті сенікі сүйегі менікі» деген педагогикалық техналогия дұрыс.
asaubota
көбісімен келісем.

p.s осыдан журналистер, қыздар, бухгалтерлер үшін өш аламын деп Орташа есеппен қазақ админі туралы жазсаңдар және сондағының көбі менімен сәйкес келсе айдаймын!
saken
ол туралы интернет беттерінде емес, газет беттерінде жарияланатын шығар
sigma
Жазар едім админ болмағанда
edige
Күнделікті жоспар жазу орнына «Барлық мәлімет интернетте жиналып тұрса» деген арманмен кательни мен еңбек кабинетінде тығылып ішу
omarbirat
«Қызыл кітапқа» тіркелген
деп хайуанға теңеп, қатты кетіп қалған жоқсың ба, Секе?

22. Тойларда тост айту жағын қатырады
деген тармақ қосса қалай? Көп тойдан көрдім, ортаға бір топ шығып, біреуі ғана сөйлесін деген кезде, бәрі жан-жағына қарап, «Мұғалім қайсың барсың?» деп іздеп жатады
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 14:20
Beytanis
22 тармаққа сәйкес келмейтіндері де бар…
omarbirat
Сенің айтқаның еркек мұғалімдер шығар. Ал сәйкес келмейтін әйел мұғалімдерді сирек көрген екенмін.
alisha
Тостты сөйлеп-сөйлееееп ап, «Біздер 45 минут бойы сөйлеп үйреніп қалғандармыз, айып етпеңіздер» деп ақталады сосын
konvict
Мен тура осылай жазамын деп ойлап отыр едім
asaubota
точно! мұғалімдер күшті тост айтады!
meirzhan
Мұғалімдер тостты қатырады. Басқа адамдармен салыстырғанда, біраз оригинальный, әдемі тосттар айтады.
edige
Жұмысы сол ғой…
meirzhan
Ұрысып кетпесе болды.
edige
Төбелес болып қалса «Мұғалімнің баласы ақталып» шығады… Жәй жұмысшының баласы бұзақы болуы шарт деген ой…

Мектепішілік жарыстар болып қалса тізімнен Әбілқазы алқасы «Мұғалімнің баласын не қызын іздейді». Солардан қалған орын басқаға тиеді.
asaubota
мынау мұғалімдіктен тәжірибесі бар адамның сөздері ғой
Zilola
Қызыл аттестатты да мұғалімнің баласының қанжығасына жабылып жүріп байлап береді. О бала, Қазақстан тарихы пәнінен емтиханға 2-3 рет кіріп жүріп әзер деп 5 алады!!!
Altygradus
Bul end tym siaqty
Men oqygan mektepterde qaita mugalim balalaryna talap jogaryraq bolatyn
Zilola
ну енді менікі жеке бастың проблемасы болып кетті негізі, просты сол оқиға естен кетпейді да
konvict
Қайдаааам! Мен тоғызды бітірген кезде қызыл куәлік алатын болып емтихан тапсырдым. Математикадан есебімді тексерген мұғалімнің өзі қателесіп, ақыры менікі дұрыс екендігін дәлелдеп шыққан едім. Сондықтан, мұғалімнің баласына шүйліге бермеу керек. Оқитын бала — әрқашан оқиды. Оған сіз айтқандай жағдай жасайтын болса ол баланың не мұғалім ата-анасының емес, сол ата-анаға жағымпазданғандардың қателігі
konvict
, бірақ менің анам өмірі мені кінәлі қылушы еді.
meirzhan
Мұғалім балаларына талап жоғары қойылатын.
Altygradus
Serjan CUT qoldansan tuk renjimes edik
meirzhan
99. Орта есептегі мұғалім CUT қолданбайды. Және онымен мақтанады.
bazuka
8. Олар ешкімге керегі жоқ «Сабақ жоспарын» жазудан әбден қажығандар. (тым болмаса өзімізге қажет болсашы сол бір бет қағаз)
жоспарсыз сабақты тек жиырма жыл стажы бар ұстаз ғана беруі мүмкін. практикаға барған кезде талай рет сабақ жоспарына ілесе алмай төмен баға алып қалғанымыз бар.
Janasil
Жаңа маған бір мұғалім келді/универдің/.
powerpoint-ты таппай жатырмын. Стандартныдың бәрін ақтардым. Маған өзіңнен поверде жасалған бір құжат берші, апарып өзгертіп аламын.
дейді.
satibaldi
Енді? Кемшілік байқап қалдың ба бұдан?
Janasil
Асықпай қайталап оқып шық.
satibaldi
Мұқият оқып шығып тұрмын, сонда да: ол енді сен үшін кембағал сорлы бейшара мүсәпір ме?
AKY
Білмейм, өзіме мектеп мұғалімдері университет мұғалімдерімен салыстырғанда, нағыз мұғалім секілді. Қойған сұрағымызға жауап алатынбыз, құдайдай сенетінбіз. Бәлкім, қойған сұрақтарымыз да қиын болмаған шығар)))
meirzhan
Иә, ЖОО ұстаздары атына заты сай ма деген күмән туады. Мен басқадай деп ойлап едім.
asaubota
орташа есеппен қазақ мұғалімінің кличкасы болады, бірақ оны өзі білмеуі мүмкін.
bazuka
мен жұмыс жасаған мектепте бір апайды Maccoffee дейтін, қйткені түрі осы кофе жарнамасындағы кісіге ұқсайтын болғандықтан))))))))
AKY
«Баран», «Рим папа», «Сиська», «Пупсик апай», «Черепаха» деген мұғалімдер бар еді, жарықтықтар.
edige
Астына авторды жазып қойса жауабымен жұмбаққа айналмас па екен
айып болмасыншы
aza
Жігіттері жігерсіздеу, ұяңдау болады. Әсіресе, әдебиет пен тілден сабақ берген, беретіндері…
asaubota
бәрінен де балаларына қиын. «мұғалімнің баласы» деген атпен жүреді мектеп біткенше, жүгі ауыр.
aza
Балаларын білмим, мұғалімнің қыздарын алыстан таним