Орта есеппен қазақ мұғалімі. Сержанның тұжырымына қарсы тұжырым.

@serjan деген қолданушы төмендегідей сипаттар келтіріпті. Мен оның айтқандарын толықтай жоққа шығарамын. Алысқа бармай-ақ бір-екі мектептің мысалдарын келтірейін:

1. Көп бөлігі әйелдер.

Мысалы, Қызылоба орталау мектебінде 13 еркек, 4 әйел қызмет ететін. Бұндай мектеп біздің ауданда жалғыз емес. УПК-ларда тіптен "әйел" деген ұғым болмайды.

2. Жоғары білімді сырттай оқу арқылы алған.

Жоғары білімді сырттай алған бір мұғалім есімде екен. Ол да қазір мұнайшы болып кетті.

3. Компьютерді білмейді, білетіндерді қатты сыйлайды.

Компьютер білмейтіндер бар шығар, ал білетіндерді қатты сыйлайды дегенге келіспеймін. Мысалы, информатикадан беретін Рахмет ағай сенің тұжырымың бойынша крокодил терісінен тігілген жұмсақ креслода, қолында алтын жалатылған сақинасы бар кубалық сигараны бұрқыратып қойып, монитор алдында отырар еді. Бірақ, мектепте лампочка ауыстырушы, мектептік дискотека кезінде тәртіп қадағалаушы, түрлі мерекелік шаралар кезінде актер лауазымдарын қоса атқарып жүр. Және де «Рахмет, рахмет саған» деген бір адамды көрмеппін. Есесіне, целкасын Рахмет ағай алып қойғандай, барлық мұғалімдер соған өшігіп жүреді. Бір мұғалім үйіне қонақ шақырса, шақырусыз қалғандардың ішінде сол информатика ағай болады көп жағдайда.
Бұл бір ғана адамның мысалы.

4. Информатиктері Windows – тың стандартты бағдарламалары мен Offiсе – ден ары аса алмайды.

Тағы да Рахмет ағай. Ауылға компьютер алдыртқанда, Интернет қосқанда басы-тасында жүрген осы адам еді. Әрі, ауылдың компьютер жөндеушісі, прогалар орнатушысы қызметтерін қоса атқарады. Жалпы, талай ішіп едік информатиктермен. Ешбірінен сен айтқандай стандартпен шектелуді байқамадым. Тіпті олар универсал болып келеді. Мысалы, 71-жылғы Гүлнар апай мұғалімдер азайып қалғанда Құқық негіздері, Тарих, География сабақтарын оқытып алып, алтыншы сабақта Информатикадан беруге тағы келіп тұратын біздің сыныпқа. «Алтыншы сабақтан кейін кетіп қалмаңдар, дисктотека болады» деп қояды еще…

5. Комиссиядан өлердей қорқады, себебі білім аз.

Бірде комиссия келді республикалық. Әр сөзге жабысып алып, бір кемшілік табуға тырысып баққан кілең қатал адамдар. Біресе мұғалімдерге, біресе оқушыларға тиіседі. 1 апта жүрді сөйтіп. Сонда біздің мұғалімдердің арасынан бұты дірілдеген біреуін көрмедім. Нәтижесінде, комиссия мүшелерінің өздері мәмбет болып кетті. Зияткерлік шабуылдарға шабуылмен жауап берген біздің мұғалімдер оларға ұнамапты. Қайтсін енді, физик апайдың өзі бір теорияны жоққа шығарып, өзінің тұжырымын ұсынған ғой. Комиссия мүшелері қарсы ештеңе айта алмай, мыңқылдап қалыпты.

6. Өз білім деңгейін папкаларға компютерде терілген қағаздарды жинаумен өлшейді.

Бұның өтірік енді. Ойға сыймайтын тұжырым.

7. Оқушыларға: «жұмыс дәптерін толтырыңдар» — деп қақсайды, бірақ ол оқушының білім алуы үшін емес, тексеруші комиссияға көрсету үшін қажет.

Бізде жұмыс дәптері деген нәрсе мүлдем болмапты, болды дегенді де естімеппін. Рас пән бойынша дәптерлер болатын, бірақ «комиссия тексеру үшін» деген сөзді мұғалімнен естімеппін.

8. Олар ешкімге керегі жоқ «Сабақ жоспарын» жазудан әбден қажығандар. (тым болмаса өзімізге қажет болсашы сол бір бет қағаз)

Сабақ жоспары деген журнал-дәптерлер болатын. Белгілі бір мерзім сайын жаңадан толтырып отырады. Мектеп директоры үнемі тексеріп отыратын сол жоспарды. Есеп беру кезеңдері де болады. Және сол жоспарларды өздерімен үнемі алып жүреді. Сол бойынша сабақ өткізеді. Егер ол жұмыстарының бір бөлігі болса, қалайша ол қажетсіз нәрсе?

9. Еркектері мереке сайын бірігіп арақ ішеді.

Лібә, теңселіп-шайқалып жүрген еркек мұғалімдерді көзіме елестете алмай отырмын.

10. Оқушының бұзықтық жасағанын көрген кезде, өзінің де кезінде осындай қылық жасағаны есіне түсседе, ол оқушыға ұрса жөнеледі.

Ұрыспайтын мұғалім кемде-кем шығар. Тәрбиелік жұмыстары олардың қызметтерінің ажырамас бөлігі екенін әрбір педагог жақсы біледі. Әлде, «Лібә, ондайды біз де істегенбіз, қойна ғо, істей бер сен де» деген мұғалім көрдің ба?

11. Формалды нәрсеге әбден еттері үйренген, өтілуге тиіс тәрбие сағатының жоспары тек қағаз жүзінде өтіліп папкасының ішінде сақтаулы тұрады.

Өтілуі тиіс деген бұйрық болса, өткізеді ғой. Рас, жоспар бойынша өтуі тиіс кейбір ашық сабақтар өтпей қалады. Бірақ, сен айтқандай «тек қағаз жүзінде» деген ой артықтау.

12. «Нұр-Отанның» мүшесі.

Сен мектепті Жоғарғы оқу орнымен шатастырып отсың. Сонымен сен орташа мұғалім туралы ма, әлде оқытушы туралы айтып отсың ба? (мұғалім мен оқытушының айырмашылығы бар)

13. Сайлау бола қалса барлығы бір ауыздан, бір адамға дауыс береді.

"Құрсыншы, сайлауға бармаймын, бәрібір белгілі ғой кімнің жеңетіні" — Биғайша апай.
"Қыздар, ертең сайлауға барасыңдар ма? Мен де бармаймын онда" — Гүлнар апай.
«Жігіттер, ертең қораны бұзып тастайықшы, просто ертең сайлау ғо, ағайындардың қолы босамай тұр» — дене шынықтырушы ағай.

14. Өз еркінен тыс екі республикалық, бір облыстық, бір аудандық басылымға жазылады, (көбісі пайдаланар алдында оқылмайтын газеттер)

Газетке көп жазылатын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін білемін. Сосын деректір көп жазылады. Ал еркінен тыс мұғалімдердің жаппай жазылғаны тарихта дәлелденбеген нәрсе.

15. 3 ке жауап берсе 5 қояды. 0 ге жауап берсе 3 қояды.

Сөйтіп көтермелейтіндер бар. Бірақ сараң мұғалімдер де соншалықты көп екенін алға тартқым келеді.

16. Жеке веб сайт ашқандары «Қызыл кітапқа» тіркелген. (деп жыртылсаң ә)

Веб-сайты бар мұғалім көрмеппін. "Қызыл кітапқа" тіркелгенін тем более.

17. Сайт пен Е-маіl ды ажырата алтындар өсіп келе жатыр.

Бұл мұғалімдерге ғана қатысты нәрсе ма? Қоғамдағы проблеманы бөлек қарастырған дұрыс сияқты.

18. Жалақыларын айтуға ұялады.

Керісінше, жалақының аздығын айтып зар қақсап отыратындары көп десем, мынаны оқып отырған көпшілік растайтынына сенімдімін.

19. Барлығы интернетке басқа біреу дайын қазақша материалды салып қойса деп ойлайды.

Тошны барлығы ма? Интернетке кіре алмайтындары ше?

20. «Білім туралы» заңды бірде бір рет оқып көрмеген, есесіне папкасында тұр.

Заң кітапшасын ұстаған мұғалімді тек Құқық негіздері пәнінен көргенмін. Өтірік тұжырым.

21. Шілдеден бастап жалақысы 30 пайызға өседі.

Ойдан шығара салған сөйлем. Мұғалімнің орташа сипатын жасауға ешбір қатысы жоқ.

Өздеріңіз көріп тұрғандай, айтылған ойлар ешбір негізсіз құрастырылған немесе қарама-қайшылықтарға, риторикаға толы. Сондықтан біз бұдан Орта есеппен қазақ мұғалімінің бейнесін көре алмадық.
Бөлісу:

13 пікір

Beytanis
«Керекинфо — нағыз пікірталас ордасы!» десем псевдопафосты болып кете ме?
Gastarbaiter
Патя, сен дұрыс түсінбегенсің ғой. Өзінің мұң-мұқтажын айтқан мұғалімге бұлай тиіскенің жарамас. Ол постта барлығы дұрыс, тек тақырыбы ғана қате.)))
serjan
Атың кім еді а а Патих па? сен тек өз мектебіңнің айналасынан шыға алмапсың бауырым. Ананы көрмеппін, мынаны естімеппін дейсің сонда сенің естіген көрген нәрселеріңмен өлшенеме бәрі. Жалпы көлді зерттеп жүріп шөл туралы жазылған сандырақ.
Есіңде болсын Қазақстанда жалпы 7775 мектеп бар ондағы мұғалімдерді сен де мен де дәл сипаттап бере алмаймыз.
patick
Білем, сипаттап бере алмаймыз. Иә, бір-екі мектептің мысалдарымен жауап бердім. Бірақ, орташа сипаттау үшін де негізделген нәрселер айту керек еді. Сенікі, жәй сөйлемдердің бей-берекет жинағы ғана болып қалып отыр.
serjan
Байқаймын Ерболдың Ізгілікке жазған хатынан шабыттанып кеткенсің-ау.
patick
Бұл жерде Ізгіліктің де, Ерболдың да еш қатысы жоқ.
sigma
Сен де өз басыңдағыны жазғансың
edige
Жалақыларын айтуға ұялады.
Жылына 1 алатын отпускной мен +13 алған мұғалімдер «Базарды жекелешендіріп» алуға шақ қалуда…
Gulistan
Ай, «жазса осы Патик жазар» деп отқам…
gaukhar
orta eseppen degennin ozi aytip tur emes pe, yagni orta eseppen alganda mugalimder kazir serjan aytkanday bolip tur, ogan kosilamin. 10,000 mindagan mekteptin ishinde 3-4 mektep patick aytkanday bolsa, ol statistikaga balendey ozgeris bermeydi.
Makhabbat
Есесіне, целкасын Рахмет ағай алып қойғандай

мынау біртурлі екен, баскаша сөз тіркесін таба алмадыңыз ба?!
Gastarbaiter
Білә, маған әркімді аяқтан шалып, сөйлемінің құрамынан бастап аватарының ішқырлығына шейін кір іздеп, тіміскілеп қате табудың қажеті болмай қапты.
Ол тірлікті өздерің ақ менен он есе асырып атқарады екенсіңдер)
Амплуамды (Абайдың жазбаларында кездеспесе де, жаман сөз еместігіне бәстесем) өзгерту керек)).