Дас ист техно радио енессстің

Тақырыптың үтірін керекті жеріне өздерің қойып аларсыңдар
Қан ішіліп кеткесін, 90-жылдардағы техноларды тыңдап отыр едім ғой. Жалықпай тыңдай беретін әндерімнің ішінен мынау қалмайды, әйтеуір  

Осы әндегі Мелани Торнтонның (Melanie Thornton) вокалына риза болам да. Негізі, карьерасын осы әннен бастаған екен. Осы әннің демосын тыңдағаннан кейін германиялық продюсер Фрэнк Фариан оны La Bouche тобына шақырыпты. Содан, Лэйн МакКрэй деген репірмен бірігіп, Евродэнс жанрындағы үздік топтардың біріне айналған. Бізде мына өлеңмен танылды ғой деймін:


Ля Бушта жүргенде вокалист жетіспеуіне байланысты Le Click тобында да ән айтқан екен. Екі топ та бір студияға қарайды.


Сөйтіп Le Click тобына вокалист қыз табылғанша екі топта қатар ән айтып жүріпті. Жеке шығармашылықпен айналысу үшін La Bouche тобынан 2000 жылы кетіп қалыпты. Оған дейін топта мынадай әндер шығарып, радиодағы хит-парадтарда жүрді.



Соло шығармашылықпен айналысып жүріп, 2001 жылы «Ready To Fly» деп аталатын бір ғана альбом шығарып үлгерген екен. Тағы да альбомдар шығарар ма еді, дәл сол жылы қараша айында мінген ұшағы апатқа ұшырамағанда…

Опшым, 2001 жылдың 24 қарашасы Мелани Торнтон мінген ұшақ Швейцариядағы Цюрих қаласына жақын Бассерсдорф деген елді мекенге жақын жерде апатқа ұшырап, әнші сол апатта қайтыс болып кеткен екен. Қайтыс боларының алдында «Кока-коланың» жарнамасына бір ән жазған екен. Өзі қайтыс болса да, «Кока-кола» жоспарын өзгертпепті. Рождествоға жақын жарнамаларына әлгі әнді шығарған екен. Содан бері жыл сайын Европада радиодан сол ән беріліп тұрады екен. Ол әні — мынау (әуені таныс шығар):

Мынау — жарнамадағысы:


Опшым, осындай әңгіме
Бөлісу:

7 пікір

asaubota
саған ұнайтындар өле береді екен, Джезаны өлтіріп алмашы құрдас
omarbirat
Сагопаның фанаты боп кетем ғой деймін
AKY
Ля-ля-ля-ли-ля-ля-ля-ля деген әнді айтатын емес пе?
Arhun
Қайран балалық шағым есіме түсіп кетті…
Aizhantabyn
рахмет! супер әндерді еске салдыңыз) әсіресе СОС әнін қатты жақсы көрем, ал be my lover ең танымал әні шынымен)))))))))))))
chimaq
kore algham joq,iraq jaqsy ekeni sozsiz...
direct
Биздан хам битта еврохит: La Cream