250 MB тегін хостинг (Домен туралы посттың жалғасы...)



Бұл бүгін күндіз жазған "Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі" атты мақаламның заңды жалғасы. Жалпы айтқанда іздеу машинасына жүгінсеңіз әлемнің кез-келген нүктесінен сан мыңдаған тегін хостерлер тауып береді. Соның ішінде ірілеріне тіркелгенді дұрыс санаймын. Қызметтері сенімдірек.

Мысалы менің өз блогым www.000webhost.com атты хостерде орналасқан. Басқару панелі де ұғынықты (брондағылар үшін). Бірақ соңғы кезде «Блогың ашылмайды» не «Ашылып болмайды» деген арыз-шағымдар түсіп жүр. Негізі одан басқа тегіннен-тегін 1500 MB яғни 1 гектар орынды бере салған хостерді көрмедім. Ал мына менің ұсынып отырғаным 250 МБ орын береді. Блог не жеке сайт үшін тақияға тар келмейді. Ал ендеше іске сәт!
Бөлісу:

14 пікір

satibaldi
Изя Чемберленнің қолы жетпейтін жерде ме әйтеуір? Қорқатын болдық осы күні…
konvict
Рахмет, мен тіркеліп алдым. Енді, бір тәулік күту керек!  Айтпақшы, тел номіріңді жекеге жазып жібер. Домен ақшасын салып жіберейін
timurrr
Соны ойлап отырмын да… Егер "Қой жоқ, ақшасы нес?" десем, керекшілер түгел өшіретке тұрып кетпей ма екен деп…
konvict
Қойы нес? Сен істеп бердің мен үшін, яғни ақша сенікі. Мен саған оны өтеуім керек! Ощм, маған нөміріңді жеке жазжівер
serjan
Домен екінші еңгейде тіркеледі ғой сонда йә
timurrr
Әрине! Үшінші деңгей 95 пайыз жағдайда тегін болады
jambo
Бұл хостингті қанша уақыт пайдалануға болады? Уақытқа деген шектеу барма?
timurrr
Уақытқа шектеу жоқ. Бірақ қазір 10-20 долларға 250 емес, шексіз орын беретін шет елдік хостерлер көбейіп жатыр. Сондықтан бұл мақаланың маңызы біраз кеміп қалған сияқты.
satibaldi
Уаааа, ұятын-ай: timurrr -дың NUR.KZ сайтында поштасы бар, уаааа!!!
timurrr
Менің поштам екеніне сенімдісің бе? Хехе…