Қатипаш,балалар аман ба?

Қопал негізі жаман жігіт емес. Біреудің ала жібін аттапты дегенді де ести алмайсыз ол жайлы. Тек аңда-санда ақаңнан сілтеп жіберетіні бар. Онда да ешкімнің басын жарып,қолын сындырмайды. Тек түні бойы өлең айтып ұйықтамай қоятыны бар. Шанағы сынған домбырасын сабалап не болмаса бес-ақ струнасы қалған гитарасымен барқылдайтынын есептемесек жаман емес. Әйелі Қатипаш бір күні күрт құбылды. Кезекті кәнсерттен кейін екі баласын жетектеп төркініне тартып отырды. сол кеткеннен келмеді. Қопалда бармады артынан.
Арада бес-алты жыл өтті. Қопекең қайтадан үйленген.Бір ұл, бір қызы бар. Кейінгі әйелі де жақсы адам. Кәнсерт қоюын тоқтатқан.Жекеменшік Газ-53 мәшинесімен ауданда көмір сатады Қопекең. Бір күні көмір тиеп тұрған бұған өзі қатарлас жігіт келіп,«Мына мекенжайға апарып төк мына көміріңді. Ақшасын келіншегім береді»-деді.Қопекең рөлде қопаңдап отырып жетіп барды. Бұның келуін күтіп тұрғандай үйден әлгінің келіншегі де шықты…
...-қалың қалай Қатипаш, балалар аман ба?..
Бөлісу:

13 пікір

Zhanylai
Сосын…
Abilakim
сосын көмірін түсіріп қайтады да…
Zhanylai
Шарықтау шегіне келген соң аяқталып қалыпты…
konvict
Қайта ең тұздығы соңғы сөйлем болған. Ары қарай не болатыны түсінікті!
Zhanylai
Маған оқып алып жылайтын жері жетпей тұр ғой
meirzhan
сен 180 градусқа кері түсініп тұрған сияқтысың
konvict
Біздің Айсекең драматург емес секілді еді…
meirzhan
Қайта сол жақсы ғой. Әйтпесе әркім өз деңгейі бойынша ойлайды деген мақалсс бар.
Gamk
«Екі езу» театрында осыған ұқсас қойылым бар. )))
TOTY
@Abilakim қоймай-қоймай осылай елдің әйелін, күйеуін… жазғыш боа барады...
Abilakim
Бұның бәрі өмірден алынған оқиғалар…
dark_nazgul
Сонда, сол уақытқа дейін… әйелі алып кеткен екі баласын іздемеген, амандығын білмеген болып тұр ма?