Қоғам болайын десең...
Адамдар туғанынан әр-түрлі жағдайларда өсіп-өнеді. Бірінің пешенесіне бақуатты, психологиялық ахуалы жақсы отбасында туу жазылса, екіншілері Мегамозгтай онша емес ортаға түседі. Сөйтіп түрлі адамдардан түрлі тәрбие көреді. Осы орайда туған қияли ой: болашақта үкімет (сірә, бүкіл әлемдік үкімет) жаңа туған сәбилерді бір жерде, бір ортада өсірсе. Балалардың барлығына тең, шынайы адам болуына жақсы жағдайларда өседі. Бұл арада мынадай мәселелер тууы мүмкін: 1) қай ата-ана өз баласын «инкубаторға» берсін; 2) балаларға көз алдында көріп жүретін отбасы моделі керек. Болашақта өздері жанұя құру үшін. Сондықтан да осы ойды тек қиял деп қабылдау керек.
Сурет мына жерден ұрланды
Мен жоғарыдағы ойды тек қиял ғана деп атап өттім. Пікір алуандығы әрқашан да болуы керек себебі.
Сіздің айтқаныңыз болашақта шынымен-ақ болуы мүмкін. Клондар сияқты.
Жоқ, бұлай болмайды. Қанша жаман десең де, өз әкесі мен шешесінің жанындағы бала — ең бақытты бала. Ал оның жақсы азамат болып шығуы/шықпауы өзіне байланысты. Жаратқаның ақылды басыңа құя салмағанымен, ақылды болуға мүмкіндік берді ме?! Берді… Демек артық сөздің керегі жоқ.
Сөз жоқ, келісуге тура келіп тұр.