Менің кішкентай ханшайымым! (Фотобаян)

Өмір деген бір ғанибет қой!
Әйтпесе, мен жиырмаға келгенде әке-шешем шабыттанып кетіп қарындасты боламын деген ой он ұйықтасам да түсіме кірмепті. Туылғанда ары іздеп бері іздеп жүріп, Жасмин деген ат қойғанбыз. Шынында да Жасмин десе Жасмин. Иісіне басың айналады ғой приәм 
Кеше ауылдан Алматыға анам келді. Көріп біраз қуанып қалдым. Келгелі бері, басқа нәрсеге көңіл аудармай, кішкентай қарындасымның қасынан шыға алмай қалдым. Оны ойнатудың өзі өмірдің бір ләззаті ғой шіркін
Қуанышымды бөлісіп, осы бір фотобаянды ұсынып отырмын деп өзімше боп қалайын
1) Ұйқыдағы кішкентай ханшайым Ағасы келіп бетінен сүймегенше ұйқтап жата береді


2) Ұйқыдан тұрды. Әпшесі ойнатып жатыр


3) Ағасына қарап жатыр


4) Nokia. Connecting People


5) Қара Сақалды ағасымен


6) Аяғымнан қытықтай бермеңдер


7) Жігітке жеті өнер де аз. Сол өнерлердің бірі Памперс ауыстыру шеберлігімнің куәсі болыңыздар


8) Шалбар ауыстырудан да кенде емеспіз


9) Ұйықтар алдындағы ағасымен үнсіз диалог

Қайырлы түн, жаным сол Әрқашан да осылай көзіміздің қуанышы боп жүре бер
Бөлісу:

58 пікір

konvict
Мәдес! Мен тіпті кішкентай балаларға қарай алмаймын. Мен ұстағанның бәрі жылайды.
Суретті не үшін ілгеніңді ішім сезетін секілді
AKY
Кідай-ай, тәттісін-ай! Папа болуға дайын екенсің ғой
blackbeard
соны тағы біреулерге ескерте жүрсең болады ғой
TERISKEY
Вааааааааай Вайййййййй! Құдайым құтты ғұмыр берсін! Тіл көзден сақтасын!
VKM
 үлкен қыз болып өссін, жанұяларыңның мақтанышы болсын!
qisyq
Құдай тіл-көзден сақтасын. Тіпә, тіпә, жаман қыз екен
Ілмей-ақ қойғаның дұрыс болар ма еді суреттерді…
blackbeard
Көз тие алса, маған тисін
kirikpishak
Көзін тигізгісі келген адамның көзі сенің сақалыңа тиіп кете береді екен
Altygradus
жаман қыз екеуің көздерің ұқсайды екен
blackbeard
Менен аумайды дейді ғой
19852407
Шынымен де аумайды екен  класатули!
meirzhan
Тіфәй-тіфәй. Көз тимесін. Расында да саған ұқсайды екен. Демек гендарың мықты.
Simona
  балалар осындай кезінде иісі шынымен приәм хош болады  Тфәй-тфәй
AKA
МашАллаһ!!! Сүп-сүйкімді періште , Жаратқан Иеміз жар болсын!
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 16:37
patick
Тфә-тфә, тіл-аузым қара сақалға.
blackbeard
Маған жандары ашымайды бұлардың
asaubota
саған ұқсайды екен қарындасың, тіпә тіпә
blackbeard
рахмет Аршеке Сіздің мынадай комменттеріңізден бәһрә алу кез-келген блогшының маңдайына біте бермесі хақ
Zilola
суреттер керемет екен, тілім тасқа
дегенмен баланы ұйытап жатқанда суретке түсірмейді деп жатады
blackbeard
Рахмет!
Енді сол ырымды кішкене бұза тұруға тура келді
omarbirat
Өзіңе ұқсаған қарындасың тіл-көзден аман болсын. Зайып алғың Үйленгің келіп жүрген сияқты
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 09:58
blackbeard
Айипаңыз Омеке
Қыз дайын болса…
Aizhantabyn
АЛЛАм тіл көзден сақтасын!!!

Саған бір керемет практика болды ғой))))

АЛЛА жазып, әке атансаң осындай қарындасыңның арқасында ұятқа қалмайсың)))))
blackbeard
Практика көкесі болғалы тұр Таңертеңнен үстіме от души бүлдіріп, көңілі жай тауып қалды
Gastarbaiter
нағыз заманауи мэн болайын деп тұрсың үйленсең) Жұғысты болсын саған да
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 10:37
blackbeard
Рахмет Алыс емес шығар ол күн де Гәстеке
Gastarbaiter
Сендей жақсы жігіттерді қағып кетеді ғой бір пысықай қыз))) Оған күмәнің болмасын.
asaubota
айтпақшы пикаперлер бала және жануарларды қолданатын еді, сенің тұжырымың не бұл тұрғыда?
Gastarbaiter
Білмеймін, менен тәуір пикапер шыға қоймас.)) Бірақ Қарасақалдың жағдайында менің тұжырымым, ешқандай тәсіл қолданбау, қыздардың өзі ақ амалын тауып сындырып алады Тек белортада ештеңе бүлдіріп қоймаса болды.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 13:35
alisha
Бұл баяғы бәріміз жабылып ат іздейтін қыз ғой, иә Сенің сақалсыз түрің екен тек, аумайды Жаратқан ұзақ ғұмыр берсін оған! Тфә!
blackbeard
rahmet)) dal sol kyzdyn ozi
alisha
Сендей ағасы бар ханшайымнан айналмайсың ба???
blackbeard
Жьіләдім ғой мына сөзіңізге. Сөзіңіз жай сөз емес дастан болып еніп жатыр мына біздік көңілге
alisha
Сыйластықтан айырмасын!
Dinara
и түрі бар болсын, машаллах
Саған да жұғысты болсын енді жақын арада
Erkekyz
Ох, қандай сұлу ханшайым! Өзіңнен аумай қалыпты шынымен де. Алла өмірін ұзақ қылсын!
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 12:27
blackbeard
Өзім сияқты әп-әдемі, сүп-сүйкімді ма сонда?
Рахмет Erkekyz
zafar
Приәм-приәм, осындай да мақтанып қалады да жұрттар)) А так сенен де әдемі, и кудаааа суйкімдіііі гой мына кішкентай періште)) Алла ұзақ және бақытты ғұмыр берсін! жын-шайтандардан, бәле-жаладан, тіл-көзден сақтасын!
P.S по традиции түкіріп қояын да: тіпәй-тіпәй))
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 23:28
Arhun
Өте сүйкімді ханшайым екен
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 13:41
serjan
Қарындасың да өзің сияқты жас болсада елге бас болсын.
madlen
Тууууу, қандай тәтті
blackbeard
хмммм, әңгіме кім туралы екенін ашықтай кетсеңіз
Maya
Аллахым тіл көзден сақтасын, балапанды. Қатты ұқсайды екен, аумайды...
Gulistan
Алматыдағы кездесуде әңгімелеген қарындасың осы екен ғой Тіл-көзден аман болсын, ақылды қыз болып өссін!
blackbeard
Дәл өзі
Айтқаның келсін Әмин!
guljainat
Бәлі, бұл қыз модельер болам деп жатыр ғой…  суретке тусісті көрмеймісің… сен де сақалды алсаң бір журналдың мұқабасын жарқыратуға жарап турсың, братан , қарындасыңа көз тимесін…
blackbeard
Playgirl-дан шақырған еді бір жалдары
balzaminka
Өмір жасы ұзақ болсын қарындасыңның, ерке қылығымен сендерді бақытқа бөлей берсін де артынан племянницалары мен племянниктері көптен болсын