Домовой

Ощм, әңгіме былай, жер лай болып тұр. Кеше екі күн үйдегілер ауылға кетіп, жалғыз болдым. Содан тамақ ішіп отырсам музыкалық орталық өзінен-өзі қосылып кеткені. Не істерімді білмей қалдым. Сол комнатаға барсам ешкім жоқ. Бүкіл бөлмені аралап шықтым. Дым жоқ!

Өткенде осындай жағдай болып еді. Ол кезде мән бермедім онша. Ол кезде де үйде жалғызбын. Кино көріп отырған едім туалеттің суы өзінен-өзі ағып кетті. Үйде өзім ғана екендігіне сенімді едім. Түсінбей қалдым. Бірақ, ақауы шығып солай болған шығар деп мән бермеп едім. Одан кейін бір күні газет оқып болдым да столдың үстіне қойып кеттім газетті. Қайта келсем анадай жерде тұрған гүлдің гүлі жатыр газеттің бетінде. Түк түсіне алмадым. Өзім домовой дегенге сенбеуші едім. Енді не істерімді білмей қалдым.
Бөлісу:

111 пікір

qisyq
Тегтер өртейд на)))
Ол бар. Білгіш болып ақыл айтпайын, қазір небір дұға үйретер онсызда мұндағылар. Тек сақ бол… әсіресе ұйықтап жатқанда… қатты ұйықтап жатқанда… қараңғы бөлмеде…
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 03:10
konvict
Денем тітіркеніп кетті.
AKY
Ұйықтап жатқанда сені келіп бір қол сипауы мүмкін. Қол жүн-жүн болса, жақсылыққа, жалаңаш қол болса, жамандыққа.
konvict
Егер ол жүн-жүн болса, бірақ ол қол болмаса не істеу керек?
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 04:01
AKY
Егер ол жүн-жүн болса, бірақ қол болмаса
  онда сендердің үйлеріңде извращенец домовой қоныстанған.
не істеу керек?
Дереу дәл түбінен кесіп тастау керек
konvict
Тыртық болса да ма?
AKY
Цүнбедім
meirzhan
Регенерациядан қалған тыртықты меңзеп тұрған шығар, әлде шынымен көз алдында тыртық жүнді нәрсені көріп тұр
konvict
Дереу дәл түбінен кесіп тастау керек
Ол кесетін нәрсе емес, жүн-жүн, әрі жұп-жұмсақ тыртық болса ші?
meirzhan
Саған депиляция жаса деп тұрған шығар.
meirzhan
қай қауымдастыққа жатуыңа байланысты әрекет етуің керек
konvict
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді дегеннің кебі келді
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 04:09
meirzhan
меңгере алмадым ©
konvict
Кей жерлері қалжыңға айналып кеткені да
meirzhan
значит сен попал
konvict
Кімге попадать еттім екен
meirzhan
Сенің домовойыңныың портреті мынадай болды: мүйізді һәм тұяқты, кесіп тастауға келмейтін жүндісі тыртықпен. значит соған попадать еттің
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 04:11
blackbeard
лібәәә, мен сені бір гәзітте жорналист болып жұмыс істейд деп жүрм ғой
konvict
Меңгере алмағаным газет пен домовой арасында не қатынас бар?
blackbeard
за креатив +2
konvict
Мектепте оқып жүрген кезімде осыған ұқсас бір оқиға болып еді. Ол кезде де жалғызбын үйде, ауылда. Ол кезде де кино көріп отыр едім. Түн. Қорада сиырлар жатқан. Солар қайта-қайта бақшаға кіріп кетіп жүрген етін. Сол күні түнде терезенің түбінен солар бақшаға қарай өтіп бара жатқандай болды. Біраз тұяқтың дауысы дабырлап естілді, оған қоса ит те үріп кетті. "Әкең" деп үйден атып шықтым. Терезенің қасына барып фонарикті жақсам дым жоқ. Иттерім алдымнан шығып еркелейді. Қораға барсам сиырлар күйсеп жатыр. Қорыққанымнан үйге жүгіріп кірдім де, түні бойы светті жағып қойып отырдым. Ұқы далада қалды.
meirzhan
TV-4 мистиканы аз көру керек.
Менде де дәл қазір шкаф ішінде бір нәрсе құлап қалды. Бақсам физикалық заңдылықтан екен.
Негізі осындай әңгімелерді көп адам айтады. Бірақ сену, сенбеу әр адамның еншісінде.
konvict
Қандай физикалық заңдылық екендігін айта аласың ба? Тұяқтар туралы не айтасың?
meirzhan
Физикалық заңддылық — шкаптағы заттың салмағы ауыр болғандықтан құлап, есік ашылып қалды. Түнгі уақыт һәм «один дома» болғандықтан жамааан чошып кеттім даЧы.
Ал тұяқтар туралы не айтайын. Кей адамдардың сенсорлық қабілеті, яғни сезгіштігі жоғары болады ғой. Бәлкім, сен сол адамдар қатарынансың. Өзгелер көрмегенді көріп, естімегенді естіп жүретін адамдар болады өзі. Бірақ оларға сенетінде де шамалы. Сондықтан мына постың сәл күмән туғызып тұр. Бірақ сен бұны «ық-ық» үшін жазды деп ойламаймын. Мүмкін саған солай көрінген ғана шығар, мүмкін шын солай болды. Мүмкін… нашақорлықты тастау керек шығар,ә.
konvict
Мен болған оқиғаны жаздым. Ық-ық-қа жету қиындау болып тұр.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 03:41
meirzhan
Түсінемін. Қорыққаныңнан асығып жазып, әріптерің қисайып қалыпты.(қалжың)
Қорыққанға қос көрінер © Халық
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 03:49
satvaldo
бiр 3 әріп қыз саған «паткат» жасап жүрген шығар…
meirzhan
Жүрегін жаралаймын деп, жүрегін жарып жүрмесін.
AKY
3-класс оқып жүрген кезім. Үйде жалғызбын, сабақ 2-де басталады. Кітап оқып отырғам. Қызығынан бас көтере алмай қалдым. Бір кезде біреу аяғымнан нұқып қалсын! Селк ете қалдым. Ешкім жоқ. Сағатқа қарасам, 2-ге 15 мин. қалыпты! Асығыс киініп, жүгірдім. Кешке үйдегілерге айтсам, «домовой ғой, сабағыңнан кешікпе деватқан» дейд
AKY
Тағы бір инфо: домовойлар кейде ойнайды, бір затты тығып қойып. Мысалы сен қайшы іздеп таппай жүресің, бір кезде қарасаң, көз алдыңда жатады. Кейде ващще таба алмай бара жатсаң «шиш, ойна да, сосын қайтып бер» деп 3 рет қайталау керек. Әлгі затың дереу табылады. Тексерілген
konvict
Қараңғыда айнаға қарап «шайтан» деп үш рет айсаң келеді дейді. Тексерілмеген. Тексеремін деушілерді қолдаймын қос қолдап
AKY
 Кетші, мен де жалғыз өзім отырм бөлмеде…
Altygradus
иә іздеген затты таба алмағанда аузи билланы айтам дауыстап, содан қарасам дәл көз алдымда тұрған боп шығады
meirzhan
Демек сіз Ақ күштер тарапынансыз
konvict
Лібә, олар ақ, қара болып бөліне ма не?
meirzhan
Фэнтэзи әлемінде барлықтары Ақ, Қара күштер деп бөлінеді.
konvict
Асқабақ базама қосып қойдым
Gamk
АKY, мынауың агенттен алынған сияқты ғо
AKY
Бұрыннан бар сенім ғой. Орыстардыкі, әрине.
Gulistan
ондайда «көзіңді шайтан байлаған» дейді ғой
Altygradus
Арасында Бақара сүресін қойып тазартып отыру керек қой
AKY
Қалай қойып? Аудио? Әлде жаттап айту керек пе?
Altygradus
ойбай 2 жарым сағаттық сүрені жаттау нереальнону мен үшін нереально Аудиосын даусын шығарып қойып, тыңдаған жақсы. Пыросто Құранды қойғасын оны тыңдау керек. А так миың да, үйің де тазарып қалады.
patick
Пайдалы кино әдебиет: «Паранормальное явление: 1,2,3», «Паранормальная сущность».
Пайдалы кеңес: Бөлмелерге камера қосып қой. Ең болмаса рас-өтірігіне көз жеткізесің.
satvaldo
«fourth kind» деген әмірикан киносын көргем. Milla Jovovich ойнайды дегесiн. сүйтсем пашти док.фильм екен. көруге кеңес берем.
konvict
Бастарыңа келсіннен басқа айтарым жоқ
nurjanbay
жын-шайтан, пері, дию, періште деген нәрселер жоқ та, ал домовой, гном, иноплантяниндер бар ғой сонда? домовой, гном, инопланетянин деп жүргендеріңнің өздері сол жын-шайтан, періштелер.
nurjanbay
инопланетяндар, потусторонный мир, паранормальный явление, фотондар дегендер құдайға сенбейтін заманда адамның ақылына сыймайтын нәрселерді түсіндіру үшін ойлап табылған.
nurjanbay
«Корпорация монстров» деген мультикті, «Хроники нарни» сияқты киноларды қара. жындар әлемін күшті суреттейді.
a63a1
Бұл былай болған!!! 5-6 оқитын кезім, жазғы каникулда Қарағанды облысы, Мойынты деген станцияда тұратын нағашыларыма бардық, барсақ үйдегілер жәйлауға көшіп кеткен екен, 10 оқитын әпкем ғана үйде. Сонымен не керек әке-шешем ертесіне мені тастап алматыға тартып кетті қыдырып. Күндіз пират деген иттің күшіктерімен ойнап отырғанда көрші Данияр деген бала келіп, түнде сол ауылдың уйлерін аралап шай ішетін кемпірлер туралы әңгімесін айттығой атаңанәлет. Сөйтіп жүріп түнде батты. Әпкем болса дос қыздарымен сағат кешкі онға қарай дикотекаға кетті. Ұйықтауға қамданып жата беріп едім әлгі әңгіме есіме түсіп тұла бойымды үрей билеп кетті. Әйтеуір не керек ұйқыға кірістім. Бір кезде ас бөлме жақтан сылдырлаған шыны-аяқтар мен кемпірлердің дауысы естілгендей болды, қорыққаным соншалық үйден мәйкішң атып шығып пиратымның қасына барып құшақтап түнгі 2 ге дейін отырдым.
nurjanbay
ондай қорқынышты оқиғаларды бәріміз естідік. бәрін мына жерге жазсам тауыса алмаймын. бірақ менде ондайлар болған жоқ. ең қорқынышты болды дегендері жаман түс көру, ұйықтап жатып бастырылып қалу, түнде біреу түрткендей болып оянып кету деген сияқтылар.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 10:00
nurjanbay
ал мұндай нәрселер көзіне көрініп жүргендерге кеңесім тұмар жаздыртып алыңдар, аятул курси оқып жүріңдер (жатар алдында 7 рет), сосын үнемі таза киім киіп, таза жүріңдер (дәрет-ғұсылмен жүрсеңдер одан да жақсы).
Gastarbaiter
Интернетте көп отырғаннан амиго. Сыртқа шығып, тірі адамдармен сөйлесіп, тірі қыздармен танысып көр.
konvict
Ең ұтымды ақыл осы болды деп ойлаймын
madlen
Спанч Боб?
konvict
Бобби Чарльтон
madlen
Crazy Frog!
konvict
«Froggy» эври гиолз дрим!
madlen
oh, yeah!
konvict
Иоу, Иоу! Луки!
Хой зис гал эгри уиз ми,
Ит мейкс ми эвен крейзи энд крейзи
@blackbeard енді у іш, у іш иии
Gastarbaiter
"@blackbeard енді у іш, у іш иии"
— Лібә, бір досым почти туысқаным, "қыздардан смс алсам болды, эррекция болам" дегенінде таң қалып едім.
konvict
Маған шегуге болмайды екен ©
blackbeard
oh libaaa!
tezirek oswi @konvict © @VKM
konvict
Құйыма бұлай дедің?
Aizhantabyn
ой капец… менде солай болды же.
АҚШта тұрып жатырмын. Сонда студио бөлмеде тұрам, ыстық климат болған соң төбеде люстра мен вентилятор бірге, содан үйге түнде келдім кітапханадан. Сосын свет қоссам, қосылмайды. А ну лан, ақау кеткен ғой деп ойладым. Сосын досыма бардым, смотрю свет жанып тұр екен ода, айтам: Жан, үйде че то свет жанбайды деп. Келді, қосып көрді. Қосылмады. Сосын мен қорықпасын деп отыр жанымда, бір кезде бәрі бірден қосылып кетті, вентилятор қосылды, ваннадағы вентилятор қосылды, свет жанды. Өшірсек, өшпейді. Ужас болып, ваще ұйықтамадым ғой.
Мен сенем «потустороний мир», жындар дегенге.
Gastarbaiter
— Сен ақ пен қара түстен басқа түстердің бар екеніне сенесің бе?
— Кім айтты оны саған?
— Ешкім, кеше түсімде қожайынның астауға салған шөбі жасыл сияқты көрінді.
— Кет-ей нақ, есіңнен ауысайын дегенсің ғой. «Жасыл» түс деген адамдардың сандырағы ғой".
Сиыр мен өгіздің әңгімесінен.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 10:53
satibaldi
Өшірсек, өшпейді.
Еш тылсымдық көріп тұрғаным жоқ. Сол түні ENRON корпорациясы берешекетрін сібетпен өтеген болатын.
Aizhantabyn
қазір күлкілі действительно, а ол кезде ваще қызық емес еді....(((
nurjanbay
ал сен атомдарды айналып жүрген электрондардың бар екеніне сенесің бе?
satibaldi
Исматолла ағзаммен дәмдес болу бақыты бұйырмапты, сондықтан сенем.
konvict
Жоқ, мен сенбеймін!
Атомды ешқандай электрон айналмайды
nurjanbay
протон мен нитронды айналады десейш
konvict
Атом ядросы және электрон болып екігі бөлінетінін естен шығарып алған тәріздісің
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 00:43
Qojeke
Атом электрон, протон және нейтронға бөлінеді.
konvict
ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D0%BE%D0%BC осыны бір оқып шықшы
Qojeke
Дұрыс. Мен қуыппын, Кешір. Зарядты айтыппын ғой.
satibaldi
Лібә, SULPAK-тан қытайдың электроникасын сатып аласыңдар да, шегетіндерің соншалық, прозаик болып шыға келесіңдер, нақтың! Әншейін варистор деген құралы ішіп кеткен центріңнің, мыңнан бір мезетсстің!
konvict
Кетнақ! Оның свет өшіп жанғанда қосылмайтыны, муз.орталыққа двд, ал двд тВге, твге флешканы жалғанып тұрған кезде бұрын қосылып тұрған музыканың өзі айтпай қалатынын төрт көзіммен көрдім.
Erkekyz
Қорыққанға қос көрінеді.
Бірақ, жеңғем айтады ше үйде домовой бар деп, ии қойыңызшы, өтірік бәрі, түнде просто қорқып қалғансыз ғой деп айтам мен. Сөйтіп, бір күні түнде бір өзім отырмын компта, бірден туалеттің трубасы шаңқ ете қалды, балкон жақтың шкафы сықыр-сықыр. Құрысын деп ұйықтауға зытып кеттім ғой.
satibaldi
Адам өзі бар мақұлықтың өмір сүру аясын тарылтып бітті ғой тегі. Үндістан әне анау — пілдер ауылдарға шабуыл жасайд.
Домовой да шыдап келген болса керек осы уақытқа дейін.
konvict
Бұл пікірің көңілге қонымды екен
TERISKEY
Конвикт, саған тез арада үйлену керек!!!
konvict
Енді жетпегені сен едің. Сайттың артына құсатын жер дайындап едім ғой
Dinara
қорқынышты нәрселер жазып тастапсыздар ғой…
Бір рет екі үш күн үйде жалғыз қалғам мен де. Сол кезде бір әйелдің сөйлеген дауысы шығады. Көршілер ма дедім де елемедім баста, бірақ кәдімгідей анадай бөлмеден шыққандай болды.
Бір кезде қайтадан сөйлеп жатыр сол әйел, тағы да өзі қазақша  
комп ашық тұрғаны есіме түсіп барып қалсааамм, азаттықтың сайты ашық қалған, ҚЗ сағатымен 19.да тікелей эфирде жаңалықтар басталады екен автоматты түрде
Басқа ондай оқиға өтпепті басымнан, Аллаға шүкір
bazuka
ауруханада жұмыс жасап жүрген кезде, демалыс күні түнге таман жұмысқа бардым, бір қағаз алу керек болып. кабинетім 3-ші қабатта болатын, шофер аға гараж жаққа барып келем сен алып шыға бер деп кетіп қалды, содан кіріп алдым қағазымды, шығып бара жатқанда туалеттің қасында қатты ысылдаған дауыс шықты. безіп кеттім ғой)))) машинеге міңгеннен кейін ойлап отырсам далада қатты жел болып тұрғанды сол трубаларды арасымен өтіп ысқыра ма сол екен ғой)))
just19
100 мектеп 100 аурухана программасының ғимараттарынан сондай дауыс шығад
Gastarbaiter
Пай-пай шоудың әзілдерін ұрлағанды қою керек.
just19
лібә осы мемлекеттік программаның қызығын пай пай шоудың жігіттері ғана көріп жатса әңгіме бөлек қо. Пайпайлықтардың бұндай приколдары туралы бірінші рет естіп тұрм.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 17:27
Gastarbaiter
Резюмеңді тастап көрсейш, маған неғылдейсің енді)))
just19
Епта. Жүрейн резюме тастап қай жылы қай прикол көргенімд))) Народный тізесі шыққан приколыңдысс
Gastarbaiter
Біздің үйде бір полтергейст бар. Дамбалыңды шешіп қойып, бір айналып келсең жоқ болады.
Zilola
менің тәжірибемде бұндай болмаған екен. Дегенмен мен осындай түсініксіз нәрселерге сенемін. Бала күнімде мың бір мезет газетін көп оқығаннан болар деп өзіме диагноз қойғанмын
saken
далаға жүгіріп шығып, өзіңді айналдыра шеңбер сызып отыра қалу керек еді. «Піссіміллә, піссіміллә» деп үш рет айтып. Бала кезімізде көмектесуші еді. )
ken
шамалы өс, сосын өздері-ақ үйіңнен кетіп қалад
Gastarbaiter
Басқалары келед бірақ оған уже таңқалмайтын боласың))))
ken
немесе сол басқалар туралы көбірек ойлау керек Конвиктке. сонда домовойлар жәйіна қалад))
konvict
Бүгін түнде жалғыз өзің отырғанда арқаңнан бір қол ұстап алса көрер едім ақыл айтқаныңды
ken
артым діррр ете қалды)))))
guljainat
Алматы қаласындағы бір детдомда өріп жүреді ондай пәлелер, сондықтан да сенемін, оларға тиіспесең тиіспейді дейтін сол жерде қырық жылдан жұмыс істейтіндер, компьютерді өшіріп тастау, шкафтрадың есігін ашып тастау, терезе, есіктерді шиқылдату, соларға тән ғой деймін өзі. Қорықпа бужәәәәййләәәр әйәй балдарға тиіпейдіііі
just19
Қыс. Түн іші, боран соғып тұр. Көрші ауылға келткен Жылқыбай достарымен ерегісіп, үйме кетем деп тұра қашты. Ашуға булығып, көлігін оталдырар оталдырмастан ауылдан тайып тұрды. Жол ортасында көлігі өшіп, сыртқа шығуға қатты қорқып тоңа бастаған соң, шығып капотын ашуға бел буды. Асығып-үсігіп есікті аша сала капотын көтеріп қалса — моторы тұрмақ, сшайтан да жоқ!

запарожыңдысс
Gamk
Абай інім, шаршағандыкі ғой. Қорықпа да, уайымдама.
boztorgai
один дома (қассақша нұсқасы)
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 07:49
Erlan
кішкене кезімде қорыққанда есіктің аузында тұрушы едім қолыма спичка ұстап, кірсе өртеп жіберемін деп )), артынан бірнеше пышақтың біреуін есіктің жактауына, бірін көпшіктің астына салып жататын болдық )) Батыл ойлап қыймылдасаң үрейіңді жеңесің!
Aizhantabyn
мама, көпшік дегенді алғаш естіп отырмын басқа адамнан)
ай мин, біздің үйде көпшік дейді де, жаттан естімегем (жастық, подушка). удивительно!
Nurkoke
Елес, дыбыс есту туралы дәрігерге айтушы болмаңдар, олар бірден Ш.деген диагноз қояды.Діни тұрғыдан Аятул Курси және Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыңдар немесе жандарыңда ұстаңдар.Жалпы түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыған адамға ешқандай пәле, жамандық жоламайды.
bireumin
домовой бiздiн уйде де бар. Ок шкафтын iшiнде кок папкада жатыр
temir1986
Кішкене кезіміз. Үйде жын-шайтан туралы әңгіме болған. Ет жеп болып үйдегі екі апамыз қол жуамыз деп далаға шықпайма. Үйдің бұрышын айнала берсе көзі шатынаған нән екі мүйіз тіп-тіке келе жатыр дейді. Екі інім, әке шешем бар үйде сорпа ішіп отырғанбыз. Екі апамыз шыңғырып кіріп келді шайтан деп. Біз қайда деедік. Үлкендер жиылғанша үшеуміз қолымызда қалақ, көсеу, оқтау (мен және екі інім) әлгі бұрыштағы шайтанға жетіп барсақ, өзіміздің шытырабет сыйыр жайбарақат бұрышта огородты жайпап жүр. Сөйтіп шайтанға шабулымыз аяқталмай қалды.