Бала шопырдың байкалары: Қараторғайдың ұясы

Таңертең бір шаруалармен аэропорт жаққа барып, содан қайтып келе жатқанда жолдың шетінде тұрған қараторғайдың үйшігіне ұқсайтын камераға 80 км/сағ жылдамдықпен түсіп қалдым, нақтың. Райымбек даңғылының бойында, Қарасай Өтеген батыр (Мате-Залка) мен Емцов көшелерінің арасындағы еш қиылысы жоқ жерде тұрған сібетапорда жасыл жанып тұр екен, үлгеріп кете қояйын деп едім ғой. Өтерін өтіп алып, жылдамдықты түсірмей басып келе жатқанда, вспышка жарқ-жарқ-жарқ ете қалды. Сонда ғана есті жидым, енесстің. Көшеде менен басқа бір Камри 40 бар еді, ол менен қалып келе жатқан. Енді минимум 10 мың теңге шытырап төлейтін шығармын деп отырмын.
Бөлісу:

29 пікір

VKM
туууй, байқамадыңыз ба? Типа білмей жүре беріңіз, көлікті сатқан кезде не айлық тексеру кезінде шығады
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 00:07
omarbirat
Негізі, жылдамдықта 60-тан асырмайтын адаммын. Таңертең бір жігіттен мәшине алған едік. Сабазың енді мәшинені айдайды екен қаланың ішінде. Қалып қоймайын деп, 120 км/сағ жылдамдықпен артынан еріп отыруға мәжбүр болдым. Орган қызметкері, қанша дегенмен. Сонымен жарысамын деп шабыттанып кетсем керек
VKM
 байқасаңызшы)))
boztorgai
жиек сызықтан тысқары алсаңыз назарға ілінбейсіз
omarbirat
Фотоаппараттың объективі қозғалмалы болуы да ғажап емес. Назарға ілінбеу үшін 50-60-пен жүрсем де жеткілікті еді.
konvict
Сенің айтып отырғаның қарама-қарсы жол жолағы ма?
omarbirat
Кейбіреулер камераға түсіп қалмау үшін оң жақ қатарда бордюрге жақын өтіп жатады. Типі, камера өзіне жақын 2-3 м ауқымды түсіре алмайды. Сол деп түсіндім.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 00:47
konvict
Встречный полосаға шықса да түсіре алмайды емес пе? Сосын фотоапарат пен камераның айырмашылығы бар шығар деп ойлаймын.
boztorgai
лауазымды шенеунікпен қала сыртында жүйткіп бара жатып осыны айғақтадым
скоростомер жолақтардың ішін ғана қамтиды
тағы бір тексеріп көру керек негізі
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 10:18
qisyq
Қарасай батыр (Мате-Залка)
Өтеген батыр?
Altygradus
бәсе со жерін мен де цүнеалмай отыр ем
omarbirat
Дәл өзі. Қуып кетіппін
qisyq
Әлгінде Мате-Залка батыр көшесі дегенді естіп едім
Gastarbaiter
Ештеңе етпейді, Леонардо Да Винчиді жаңылысып Дикаприо деген кездер де болған, Камеронссс
qisyq
Біздік қатігез жады бұл қателігіңді ұмытпасы анық
Gastarbaiter
Ал менің мейірімділігім соншалық, жұрттың қателері мен қастандығын есімнен шығарып ала берем. Сол үшін компьютерге сақтап қойғанды дұрыс көрем.
just19
Тілендиев көшесінде 40 тан асқан үшін түсіріп алатын фотоаппарат бар екен. 50мен түсіріп алды. Дәл бағдаршамның жанына қойып қойған. 7..6..5..4… деп жасыл азайып бара жатқанда газды басып келіп жарқ-жарқ еткізіп фотоға түсіп қалдым. Ұмытып кетіппін, соның алдында жататын қара төсеніш бар, ол бірінші қатардағы жолға жетпейді, сол рядтан 120мен періп өтсек де түсірмейд)))
Ottegin
Ыыыыы. Бізде Көкшетауда ондай хаттаратқыш бақыт құсы-қараторғайдың үйшіктері жоқ
just19
епт Көкшетауда Тілендиев те жоқ!)) Астанадағы Тілендиевті айтам.
Ottegin
Ыыыы. Астанадағы Тілендиев көшесімен жүйткігеніңді түсіндім, мен фотоскоростомердің Көкшетауда жоқ екенін айтқан болатынмын, сөзіме көтеніңнің бүрісіп қалғанына қарағанда «бақытты» фотосурет жүйкеңе тиіп отырғандый
just19
just19
Лібәд сол Тілендивтің өне бой фотоаппарат қой, әрі қарай жалғасатын Бөгенбайы да сол өне бойы қаптаған фопоаппарат.

СуммаСчастье жургізушілер сол жағалауға барып ызғытуды пландаса, рульге отырмас бурын шаштарын тарап, костюм киіп шығуларына кеңес берем. әр қадам сайын фотоаппаратыңдысс жарқ еткізгенде ішің күйед.
omarbirat
Тілендиев көшесінде 40 тан асқан үшін түсіріп алатын фотоаппарат бар екен
Алматыдағы Тілендиев көшесінің қай жерінде бар еді деп еске түсіре алмай отырмаймын ба бағанадан бері
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 16:03
just19
Астаналықтар Тілендиев ағамызды қатты сыйлайды екен.
omarbirat
Алматыдағысы — кішкентай көше. Бір бағытта ғана жүруге арналған.
Gastarbaiter
Астанада мынадай мақал бар екен тіпті:
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның… Тілендиев Нұрғиса»
omarbirat
Алматыда оншақты жерден көрдім. Негізі, мен түсіп қалған камера кейде істемей тұрады. Қасына жақындасаң, орны үңірейіп тұратын. Соған қарағанда, әртүрлі жерлерге апарып, кезек-кезек орнататын сияқты. Ақша жоқтық не істетпейді десейш
a63a1
менде өті ашып жүрген шопырдың бірімін лібә, кеше түнде менде түстім, 60 пен өтетін жерді ойланып отырып 70 пен өтіп кетіппін