Бүгінгі кемпірқосақ (сурет)




жаңбырдың астында қалдым, бірақ соңынан осындай көрініске қарық болдым. Қалтафонмен спонтанно түсіріп алдым…
Бөлісу:

33 пікір

meirzhan
Даст ист фантастиш демеске шара жоқ.
Janasil
Керемет! Бұл қай жер екенін айта отырсаңыз. 
TERISKEY
Германия ғой деймін.
Simona
Германияның солтүстігінде бір қалашықта. Әлгі жасыл алқап, біреудің «бақшасы», күнде ала сиырлар жайылып тұратын, күйіс қайырып.
Erlan
Керемет табигат, керемет Қалтафон, суретке бейнелегіші жаксы екен.
just19
Дүрдараздар қандай тыянақты халық. Кемпірқосақ пен табиғат көрінісі тамаша үйлесіп тұр.
Simona
Дүрдараз деген немене?
Altygradus
екі қабатты кемпірқосақ екен, керемеееетттт
жәй мобайлмен тұсірсең де түстер әдемі шыққан.

пысы Сим CUT функциясын пайдалануға не кедергі деген жарнама жүр еді мынада
Алғашқы бетке ұзыннан-ұзақ қып шықпауы үшін ортасынан қиып қойсашы, бірінші суреттен соң
Simona
Екі суреттің ортасында қию дегенге басам ба сонда?
Altygradus
аха бірінші суреттен кейін қайшыны бассаң CUT деп көрінеді,өзгерістерді сақтау деп сақтай саласың
Altygradus
уже жасап қойыпсың ғой
Simona
  бәрінен де мен чәйнік мұнда  тағы бір сұрақ, бағаңыз саналды дей ма? Оны не қыл деп санап жатыр?
Altygradus
ұнаған пікірге, постқа баға бересің плюс деп, содан рейтинг қалыптасады. Немесе ұнамағанға минус қоясың. Бағаңыз саналды дегені қабылданды деген сөз
Erkekyz
әдемісін-ай. Керемет көрініс
Dinara
kushtisin ayyy  rahmet böliskenine Simba
qisyq
Әдемі екен. Тура осындай кемпірқосақты кеше Құлжа жолдың бойында, үйден келе жатып көрдім. Өте үлкен және толық түскен сондай кемпірқосақты бірінші көруім. Сұмдық әсерлі екен.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 12:07
Makhabbat
керемет әдемі екен, табиғат кушті, ауасы да керемет шыгар…

озім отырган жердегі кукірт пен газ араласқан иісті есіме алып камығып қалдым
Lyaila
Табиғаттың әсем көрінісін «тамашалап», бір демалып қалдым))
Рахмет, керемет көрініс!
Janasil
Ол жақта жүру себебіңізді білуге болады ма?
satibaldi
Қазақстанның әскери атташесі.
asaubota
кемпірқосақ дегеннің орнына оңайлау сөз таппады ма екен қазақтар. кеше ұлыма көрсеттім, тек атын жаттатқыза алмадым. қолымен ауаның бір сызып өтіп, Домалақ деді
ken
шынымен де бұған кемпірдің қандай қатысы бар?
araika
«кемпірқосақ»-тың нағыз қазақша мағынасы—«әшекейлі күмбез». Бұл жерде сөздердің орын ауыстыруы да болған (кемер//кемпір — күмбез, қосақ — әшекейлі). Уикидің айтуы бойынша
Simona
)) Осы сұрақ мені де мазалаған сурет қояр алдымда. Ешқандай логикалы түсіндіру таппадым.
a63a1
неткен керемет көріністер, табиғаттың тылсымы біздей қарапайым пенделердің санасын зорлайтын жұмбақ болып келеді. Кемпірқосақтың түстері неліктен үнемі бір түстер деген сұрақ көкейімді шұқылап тесіп барад
ademi_alem
Қандай әдемі көрініс! Бала кезімде жауыннан кейін шыққан кемпірқосақты қуып, ақыры жете алмай жылап қайтқаным есіме түсіп отыр. Сондағы ойым: кемпірқосақтың үтіне шығып, аяғымды салбыратып отырып, туған жерімді төбесінен тамашалау болатын.
Marationok
Несі керемет? Несі әдемі? Ылғал ауа мен тамшыларға түскен күн сәулесі ғой.