Пионерский, Октябрьский

Әкем салған үй орналасқан райондағы көшелер Рабочая, Пионерский, Октябрьский, Малая, Строительная, Молодежная т.с.с. пролетериаттық болып кете беретін. Тек екі ғана көше М. Мәметова және Ақтөбе болды. Бұрын еш мән бермеген екенмін, қазір ойлап отырсам, осы екі көше атауы еш логикаға бағынбаған екен. Сіздердің пікірлеріңіз қандай екен, ортаға салсаңыздар

ПС: Қазір көше аттары өзгерді әрине, тек жоғарыдағы екі көше өзгеріссіз.
Бөлісу:

43 пікір

balzaminka
хгмм, ешкімде ешқандай пікір болмағаны ма?
sammita
Ақтөбеліктерден басқамыз пікір білдіру қиындау бұл жерде
Маған өз қаламыздағы жаңа аталған көше аттары ұнап жүр, ежелгі жер-су аттары. Кеше түнде келе жатып ойлағам, орыс тілділер әлі күнге дейін ул. Джабаева, Абая, Кюйши Дина, Малдагулова, Ауэзова деп айтады/жазады деп((
qisyq
Кеше түнде келе жатып ойлағам,
Алда, айналайын-ай…
sammita
«Неге дұрыс емес дейін деп жатырсың, Дос? Ғү» ©СаянҮш
balzaminka
Алматыға барсам менде сөйтіп сөйлеп кетем ше
Beytanis
Сіздің айтайын дегеніңіз 2 көшенің ребалутсийаға қатысының жоқтығы ма?
balzaminka
қалай ғана сол екі көше қазақша болды екен деймін сонша пролетарийлердің арасында
Beytanis
Соғысқа да бір-екі көше атауын берейін деген де, олар…
saken
Тәуелсіздік алмағанымызда, ол екі көшеде өзге тілде болып кететін еді.
balzaminka
Кеңестерден ол екі көше солай аталады, басынан
saken
оны түсіндім ғой.
Менің айтқым келгені Тәуелсіздігіміздің арқасында көше, жер-су атаулары қаншалықты қазақшаланса, Тәуелсіздік алмағанымызда соншалықты орысшалана берер еді дегенім етін.
asaubota
4-5 жыл бұрын Рудный қаласына футболға бардық. көше аттары сол баяғыдай Карл Либнехт, Роза Люксембург көшелері. үйлері де сол баяғы СССР сияқты. пластик терезені бір қонақүйден ғана көрдік. дүкендерде разливной сыра толып тұр, 60 теңгеден 0,5. тамағы да арзан, әзер деп бір кафе таптық 8 адам тамақ іштік первый, второй, салатымен. сосын кола алдық шәй орнына. жалпы есеп 1800 тг деді. бір жігіт өзі төлеп тастады бәрімізге. сыра алушылардан басқа ешкімге керек емес қала болып көрінді маған.
Abilakim
/Карл Либнехт, Роза Люксембург/ Бұл көшелер біздегі Берлин ауданында бар
balzaminka
мұнай көшелерді бұрын естімеген екенмін
sammita
жас кезімізде жұмыстас қыз соткасын ұрлатып, УВД-ға звондап, адресін алдық арыз жазуға. Әлгі қыз адресті: «Даулет дүкені жанында, 3 қабатты үй, кезекші Роза деген әйел» деді. Кезекшіге барып Розаны сұрады. «Ондай жоқ» деді. Қағазды көрсетті «Роза Люксембург» деп жазылған екен
Бұл көше әлі бар.
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 11:57
sammita
Петропавл, Қостанай жақта сондай ғой. Баяғы үйлер. Кеңес дәуірін еске түсіреміз барғанда. Тіршілік, дүкен-кафелері, көшелері сол қалпы.
satibaldi
Карыл Бликнехт қостанайға баратын жолдағы қиылыстағы көше ғой, есімде — бітіватр.
balzaminka
Ендігі өзгерген шығар…
satibaldi
қазір ойлап отырсам, осы екі көше атауы еш логикаға бағынбаған екен.
Логикаға бағынған көшелер қандай болуы керек сонда? Отелло-Дездемона?
balzaminka
бәрі де пролетарский болуы керек еді
Beytanis
балзаминка, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні не болды, сонымен?!
balzaminka
өзім де білмеймін, сол Сіздердің пікірлеріңізді білгім келген. Шамасы, сол районды реттеп жатқанда облком, горком жақта бір ақтөбелік болған шығар, әйтпесе түсіне алмаймын
Beytanis
Жер-су атаулары жайлы әңгіме айтыла-айтыла, жазыла-жазыла сүйелдей болды.
boztorgai
қармақшы ауданы III интернационал(ауыл аты да өзгеріссіз) елді мекенінде ленин көшесі сол өзгеріссіз қалпы
saken
содан әріректе Ақтөбе дегенде ауыл бар. Бірде жұмыстағы бір жігіт Ақтөбеге кеттім дейді. Содан ойлап қоямын, бір аптаға кеткен шығар. Ертеңіне ауылда жүр деп. Сұрасам Ақтөбеге бармадың ба деп, барып келдім ғой дейді. Сөйтсем Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылына барып келіп жүр екен ғой )))
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 20:39
Gamk
Сәулет м/а Астана даңғылы, Алматы, Көкшетау, Түркістан, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған деген көшелер бар және тұрғындары
— Қайда барасың?
— Алматыға.
— Қайдан келесің?
— Астанадан.
— Қой, мен Көкшетауға барып қайтайын.
— Түркістанда тұрамын, — деген сияқты диалогтарға әбден үйренген.
KeSHa
Жазатын дым жоқ болғанда жазылғандықтан, оқитын дым жоқ кезде оқитын пост екен…
balzaminka
әркімнің ойлау шегі мен жазу мүмкіндігін реттеп жүрген бе едіңіз?
KeSHa
Ғафу етіңіз! Постқа қатысты өз ойымнан бөлек, жеке басыңызға қатысты ештеңе жазбадым.
balzaminka
Жазатын дым жоқ болғанда жазылғандықтан
байқап қарасаңыз, Кеша, бұл жерде ешкім ешкімді бірнәрсе жазуға мәжбүрлемейді. Бұл менің ойымда кішкентайымнан жүрген сұрақ, бірақ сыртқа шығуы үшін піскен уақыты сол жазылған уақыт болып тұр. Әркім әрқалай, мен мысалыға осындай болмашы нәрселерге бас қатырған күндерім болды , мысалыға, бесінші қабаттағы пәтерге дейінгі баспалдақтар санын да жаттаған күндерім болған, әр қабатта нешеден екеніне дейін.

Ғафу сұрғаныңызға рахмет, бірақ мен ешнәрсені көңіліме алмаған болатынмын. Көңілшек болсам бұл жерге келмес едім, мен өз ойымды, Сіз өз пікіріңізді білдірдіңіз
Abilakim
мысалыға, бесінші қабаттағы пәтерге дейінгі баспалдақтар санын да жаттаған күндерім болған, әр қабатта нешеден екеніне дейін.


Кіре берістегі тепкішектерді есептемегенде барлық қабаттың баспалдағы бірдей болар?! Әлде бір өзгешелік бар ма?
balzaminka
жоқ, бірде тоғыз, бірде он, бірде он бір. Жаңа үйлерде бірдей шығар, әйтеуір бұрынғыларда біркелкі емес
Gamk
Тасбөгетте Ленин көшесі әлі бар. Сосын қалада «Пионерский паркте» қасқабас атам әлі тұр.
balzaminka
тұра берсін, тарихымыз ғой
AKA
Бұрынғы «Теміржолшылар», қазіргі «Димашок» балалар паркінде де ол кісінің ескерткіші сақталыпты.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 23:08
Gamk
Гүлшат, Гагарин мөлтек ауданының қазақша атын білесің ғой?
balzaminka
ол деген қазір мөлтек аудан?
Gamk
Заңды бекіткен аты «Сыр сүлейлері ауданы». Көшелерінен аңдауға болады.
balzaminka
Бәрі сол қызылордалықтар ма?
Gamk
Ия, Кете Жүсіп, Еснияз сал, Балқы Базар деп кете береді. Біріңғай жыраулар.
saken
Титовтың қазіргі атауы қалай?
Gamk
Титовтың қазіргі заңды аты солай екен.
Delhi
Әжемнің ауылы Қайыңды деп аталады, неге олай атаған деп сұрасам қайың ағашы көп болған соң қойған дейді. Сол сияқты Ақтөбе ауылында да ақ қыр бар шығар, соған байланысты Ақтөбе болып шыға келген да. Сол ауылдың адамдары тұрған көше Ақтөбе болып аталып кеткен ғой. ))))