Бір көзді Ана...
Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде: «Мені осылай ұялқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Оған одан әрі шыдай алмас едім, қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы көрмеген мені көру үшін Сингапурға келді. Балаларым оны көріп күле бастады.
«Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет», – дедім.
«Ғафу етіңіз, мекен жайдан жаңылысқан болармын», – деп кетіп қалды.
Бір күні мектеп түлектерінің бас қосу кешіне шақыру келді. Әйеліме жұмыс бабымен кеттім деп, бұл кешке қатыстым. Кештен кейін қызығушылық басып ескі үйіме бардым. Көршілер анамның қайтыс болғанын, және маған бір хат тастап кеткенін айтты. Хатында:
«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным, Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін. Өмір бойы әрдайым сені ойладым. Және жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма да өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңе қатты қуандым, бірақ орнымнан тұрып, сені көре алар ма екенмін, білмеймін… Білесің бе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап көзіңнен айрылдың, анаң ретінде сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім, осылайша бір көзімді саған бердім. Және менің орныма дүниені көріп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым»
Саған деген сүйіспеншілікпен,
Анаң!
(Ғибратты әңгімелер кітабынан оқып едім. angimeler.wordpress.com/ мұнда да бар екен!
«Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет», – дедім.
«Ғафу етіңіз, мекен жайдан жаңылысқан болармын», – деп кетіп қалды.
Бір күні мектеп түлектерінің бас қосу кешіне шақыру келді. Әйеліме жұмыс бабымен кеттім деп, бұл кешке қатыстым. Кештен кейін қызығушылық басып ескі үйіме бардым. Көршілер анамның қайтыс болғанын, және маған бір хат тастап кеткенін айтты. Хатында:
«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным, Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін. Өмір бойы әрдайым сені ойладым. Және жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма да өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңе қатты қуандым, бірақ орнымнан тұрып, сені көре алар ма екенмін, білмеймін… Білесің бе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап көзіңнен айрылдың, анаң ретінде сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім, осылайша бір көзімді саған бердім. Және менің орныма дүниені көріп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым»
Саған деген сүйіспеншілікпен,
Анаң!
(Ғибратты әңгімелер кітабынан оқып едім. angimeler.wordpress.com/ мұнда да бар екен!
Я тебя породил, я тебя и убъю. Иван ГрозныйСамопожертвованиемен дұрыс тәрбие беру деген бөлек нәрсе. Кез келген Ана баласын жақсы көреді, ол үшін отқа күйеді.Олардың ішінде де неше түрлі мүгедек аналар бар. Барлығын баласы тастап кетпейді ғой Ойланшы, НЕГЕ?Осындай әңгіменің бәрі «основано на реальных событиях» емес ғой. Сосын, тіпті рас болса да, кейде адамнан аяуан туылып жатады. Ол факт! Тас жүрек, қатыгез адамдардың өмірге келуі, еш тәрбиеге байланысты емес.
Мәселен, Гитлердің «СиВи»ін қарасақ тұнып тұрған «положительный чувак», ал түбінде жауыз.
Алайда, жоғары жазбада ананың баласын шексіз сүюінің кесерінен, осындай болды деп есептеймін. Болмайды деп айта алмайтын аналар бар, майлы попкадан салып қалып, «урезонить» ете алмайтын аналар бар. Өз махаббаты алдында әлсіз, сол себеп балаларына зиян тигізеді.
Фууу, енді жазбаймын… хехехе,қазақшам тауыслды. Қажыдым©
Бірақ, жас мінген соң, өзі әке атанған соң қарапайым маған «анаға деген махаббатты» сезіне алмаған баласына көңілің ашиды. Не деген бишарашка!
… түсіне алмадым, ата-анасын тастап кету мәселесін қозғамап ем...Айтпағым, ұлының жасағаны дұрыс емес, бұл оқиғадағы АНА бейнесі үлгі аларлықтай. Ғибратты әңгіме болғандықтан, бізге ата-ана қадірін түсініп, бағалай білуді айтпақ болды деп ұғамосыны естен шығармауды ескертті. Дәл осы оқиғадағы АНАны өз ұлына жанарын беріп, қамқор болып, аналық махаббатын, мейірімін танытқаны үшін кінәлай көрмеңіздерші…Бірақ ананың махаббатын түсінбеуден шыққан емес, жәй, талдау ғой.
Тарас Бульба емес па?
ты что себя накручиваешь?кечре салш, түсінсем бұйырмасын. АКАмен жарты күн айтысып едім.Әбден қажыдым©сендерден.
НЕГЕ БӘРІМІЗДЕ 1 ПІКІР БОЛУ КЕРЕК? Соны түсінбей-ақ қойдым.
Осы тақырыпқа енді 1 пікір жазсам-Малика атым құрысын.
ДОСТАЛИАна ештеңе екпеген еді. Мүмкін бар кінә анада емес сол еккен адамда шығар
@VKM бұл шын болған оқиға! Пікіріңді құрметтеймін.
Бірақ қосылмаймын!Бұл сенің өмірлік принципің емес деп үміттенем
Қырлыс үшін рахмет
Баланың тәрбиесіне көптеген факторлар әсер етеді. Үйдегі тәрбиесі қанша мықты болса да, по стечению обстоятельств, араласатын ортасы жағымсыз болса, солай қарай ауып кетуі мүмкін. Немесе керісінше. Гендік негіз де соңғы рөл атқармайды.
Адамның қалыптасуы үш негізде жүреді:
1. Гендік. Жеті атам жақсы, әулие болып, сегізінші атаң қанқұмар болса, мен соол сегізінші атама ұқсап кетуім бек мүмкін.
2. Ата-ана тәрбиесі. Баланың жолында құрбан болу, менің ойымша, ақымақтық. Кейде осындай көзсіз жанкештіліктің кесірінен бала өмірде қажетті білім-тәсіл, әдістерді үйрене алмай, құр қалып жатады.
3. Адамның жеке тәжірибесі. Ең мықиы әсер ететін осы фактор. Жоғарыдағы "ғибратты" әңгімені алатын болсақ, жігіт анасынан хат алу арқылы өзіне сабақ алды, өмірлік тәжірибесі толыға түсті.
Жалпы, @blackbeard, нақұя ілдің осы бір «лжеплаксивый» әңгімені?
Пы.Сы. Ілмек өртейді на…
Жоғары оқу орнында оқып жүргенімде ата-аналар күніне жақсы оқитын студенттердің ата-анасына «Алғыс хат» берді. Мен ол қағазды алдым да көп қағаздың арасына тастай салдым. Қаншама уақыт өткенде Анам тауып алып өте қатты маған ренжіді де кейін райынан қайтып көрші дос келіншектерді шақырып шәй беріп бір марқайып қалды.
Менің мән бермей лақтырған қағазымда: "Өнерлі, өнегелі ұл тәрбиелегеніңіз үшін сіздерге мың алғыс" деген сөздер жазылған еді. Енді ұлдарымнан сондай нәтиже күтіп отырған түрім мынау… сол күн қайтып келмейді бірақ…
Бар ғой, қалайда үлкен адамды сыйлап өту ақылды адамдардың арасындағы шыдамды, сабырлыларға тән қасиет. Дінде сабырлы адам Жаратқанның сүйіктісі деген мағынада айтылған жерлері бар еді ғой. Болар іс болған екен, ұялып қалған екен, бірақ сол жағдайды жуып-шаю үшін анасының жүрегін ауыртпаса да болатын еді ғой. Бәрібір ештеңе өзгерген жоқ, бар болғаны шыдамсыздық танытып қойды.
Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым-деп, жақсылыққа өзі жетіп, анасы тек өмірінде кедергі келтірумен жүрген сияқты сезінеді-ау мына бейбақ. Ай адамдар-ай!
«Нағыз өзімшіл адам екен мынаның авторы» деген сөзіңізге айтқан едім. Автор, тек мысалдың авторы боп қалуы мүмкін, еш жеке басына қатысы жоқ, ал сіз әділетсіз оны жамандап жатырсыз.
Мен АНА қадірі дегенді жақсы білем. Бірақ, мәселе, түптің түбінде жазбаны жазған адамды, не болмаса мысалдың авторына тіл тигізуге болмайтынында!
my.mail.ru/cgi-bin/my/audiotrack?file=15aad45e81d7f0418cfa5e1d8272c962&uid=131286737
my.mail.ru/cgi-bin/my/audiotrack?file=15aad45e81d7f0418cfa5e1d8272c962&uid=131286737 осыдагыны калай коширип алам озиме?
Бұрындарыыыыыыыыыыыыыы бір өлең бе, ән бе бар еді ғой: анаңның жүрегін алып бер деген сүйіктісіне жігіт анасын өлітіріп, жүректі алып келе жатыпт сүрініп қалады да, сонда жүрек сөйлейді екен…
осымен оныншы рет оқып отырған шығармын