"Супер Баха" фильмінің тұсауы кесілді

Кеше «Супер Баха» фильмінің премьерасы өтті. Салтанатты шара «Команда А» рок тобының шағын концертімен басталды. Айта кету керек, тұсау кесер рәсімге тыңғылықты дайындық болғаны көрініп тұр. Шоу-бағдарлама аясында бишілер тобының өнері де көрсетілді. Залдың ішінде ілінген фильмнің кейіпкерлері бейнеленген комикс стиліндегі суреттер шараның тақырыптың мазмұнын аша түседі. Көрсетілімге көп адам жиналыпты. Фильм қалай түсірілген, қандай баға беруге болады — оның бәрі бөлек әңгіме, бөлек жаңалық. Қазір фильм режиссерлерінің бірі Тимур Қасымжановпен жүргізілген шағын сұхбатты ұсынамыз.

Kinostan.kz:
— Фильмнің идеясы қалай пайда болды?

Тимур Қасымжанов:
— Идея авторы — Әділхан Ержанов (авт. Әділхан Ержанов — қазақстандық режиссер). Ал біз сол бойынша мейірімге жетелейтін фильм түсіруге тырыстық.

Kinostan.kz:
— Фильм үшін неге комикс стилін таңдадыңыз?

Тимур Қасымжанов:
— Қазір елімізде кино саласына бөлінетін қаржы әлі де жеткіліксіз. Аса бір күшті арнайы эффектілермен түсіруге қаржы жетпейді. Басында қалай түсірсек екен деп көп ойландық. Комикс жанрында түсірсек арзанға шығады. Сондықтан да осыны таңдадық.

Kinostan.kz:
— Фильмнің бюджетін айта аласыз ба?

Тимур Қасымжанов:
— Бұл сұраққа жауап бере алмаймын, бұған киностудия (авт. киностудия — Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы) жауапты.

Kinostan.kz:
— Екі режиссердің бірлесе жұмыс істегені қалай екен?

Тимур Қасымжанов:
— Ұрыстық, татуластық, бірақ бұның бәрі жұмыс барысында болды. Ол жарады, оның (авт. екінші режиссер — Төлеген Байтөкенов) жұмысына ризамын.

Kinostan.kz:
— Бұған дейін қандай фильмдеріңіз жарық көрді?

Тимур Қасымжанов:
— Бұл фильмді дебют деп есептеген дұрыс шығар, бұған дейінгі жұмыстарымды жоғары деңгейде деп айта алмаймын.

Kinostan.kz:
— Әңгімеңізге рахмет, табыстар тілеймін.

ПыСЫ. Фотоларды мына жерден көре аласыздар.
Бөлісу:

6 пікір

edige
Көру керек болды ше
patick
асықпаңдар, рецензиясы шықсын, сосын бару-бармасын өздерің шешесіңдер
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 18:05
edige
1 моментте Бәйтерек болатын кино болмаса болды…
Пікір түзетілген: 17 маусым 2011, 11:23
izbasar
Супермен сияқты ұшатн Бақа мекен әлде секіретін бе екен.
patick
ұшпайды, мопедпен жүреді
izbasar
пақ шіркіннің кешеден бастап көрсетілуде деген.