Мінсіз әйел осындай
Мінсіз әйел қай жағынан қарасаң да мінсіз болады.
Оның сұлулығы еркектің барлық талаптарына сәйкес. Оның емшектері, оның көтені және басқа жерлері дәл еркекке қажетті пішіні мен көлемде болады, және барлығы табиғи болуы тиіс. Мінсіз әйел шашын боямайды, және солярий аралап сандалмайды.
Мінсіз әйелдің сезімталдығы мен ақылдылығы соншалық, еркекті сөзсіз түсініп, барлығын алдын ала біледі. Білгенімен мақтанып, білімділігін көрсетпейді. Ол өз ақылдылығын тек еркекке қажет боп қалған кезде ғана көрсетеді. Сөйте тұра өзінің еркегінен ақылды болмауы керек.Әрине ері қаласа, мінсіз әйел басқа еркектерден ақылды бола алады.
Мінсіз әйел қор қызындай сұлу, Эйнштейн мен Будданы ақылымен екі ораса да, өзінің еркегін тастап кетіп, одан мықтырақ нұсқасын табу туралы ойдың көлеңкесі де болмайды. Тіпті еркегі интернеттен шықпайтын, бір тиын ақша таппайтын, семіз, безеубет сілімтік болса да. Мінсіз әйел оны Брэд Пит пен Джонни Депптің өздері жеке келіп сөз айтса еріп кетпейді. Ергенің не, оларға тіпті бұрылып көзінің қырын да салмайды.
Сөйте тұра, ерінің басқа әйелдермен жымыңдасып, шүйіркелескеніне сабырмен қарайды — өзінің елден ерекше ақылдылығының арқасында ол зинақорлық — еркек табиғатының ажырамас бөлігі екенін түсінеді, керісінше ерін нағыз айғыр санап қуана түседі.
Мінсіз әйелдің қолынан келмейтіні жоқ: мәшине жөндеу, ремонт жасау, тігу, гүл өсіру, үйде тіске басар бір түйір нан жоқ болса да, ебін тауып ең мықты ресторанның аспаздарынша әр күні әр түрлі тағамдармен ерін таң қалдыра білу — бұлар мінсіз әйелдің ең кішігірім қасиеттерінің жинағы.
Мінсіз әйел кез келген жұмысты ерінің мазасын алмай атқара алады. Мәселен, үйді күніне екі рет еркегіне байқатпай, шаршамай-талмай жинайды. Еріне керек уақытта әрқашан қасынан табылып, қандай қиын шаруа болса да, ерінің миын жемей, өзі-ақ істей салады.
«Ақша таппайсың» деп ерін кінәламайды, өзі еркегінен артық ақша тауып, ортақ тірлікке жұмсауға тырыса тұра, ешқашан табысының ерінен артық екенін білдірмейді.
Мінсіз әйел еркектен өлсе де киім-кешек, туфли, сөмкелерге ақша сұрап тілемсектенбейді. Біріншіден, оның өзі ақшасы жетеді, екіншіден ол үлде мен бүлдеге мүлде қызықпайды. Бірақ бұл жәйт оның үнемі басқа әйелдерге қарағанда сәнді, моданың соңғы ағымына сәйкес және талғаммен киінуіне кедергі емес.
Егер еркек футболды сүйсе, мінсіз әйел барлық командалардың атын жаттап, соңғы жиырма жылда болған матчтардың нәтижесін және ең қызықты сәттерін есіне сақтауы тиіс. Алайда ері достарымен демалып, спорбарға футбол көруге кетсе, «бірге барам» деп балағына жабыспайды. Алайда еркек оны ертіп алғысы келсе, ол сіміре тойып алған еркектердің арасында матчты тамашалаудан ләззат алары анық.
Еркекке қанша ұл мен қыз керек болса, соншасын арифметикалық дәлдікпен туып береді. Және жүктілік кезінде оның көңіл күйі әдеттегідей үнемі керемет болуы керек. Бала босанған сайын денесі солып қалмай, құлпыра түсуі керек. Мінсіз әйелден туған балалар ешқашан шуламайды, сабақты жақсы оқиды, тәрбиелі және ешуақытта ауырып, әкесінің құтын қашырмайды. Әкесінің қолы тиіп, ойнағысы келсе, балалар әрдайым ынталы болады. Еркек балалы болғысы келмесе, мінсіз әйел де балаға аса құмар болмайды.
Мінсіз әйел өзі де ешқашан басы ауырып, балтыры сыздамайды. Тіпті «тұмау» дегенді білмейді. Ал етеккірі таңертең басталып, күйеуі жұмыстан келем дегенше аяқталады. Демалыс күндері мүлде келмейді. Еркектің оральды, анальды эксперименттерінің барлығын айырықша ынтызарлықпен орындап, сонысын мақтан тұтады. Тіпті еркектің қуат-жігері бір минутқа әзер жетсе де, мінсіз әйел тонналап оргазм алуға үлгереді.
Мінсіз әйелдің жеке өзінің сексуалды қажеттілігі мен қалауы болмайды, яғни еркегі нені қаласа соны бар ынтасымен қалап тұрады. Әрине еркектікі тұрмай қалса, я көңіл күйі болмаса, ол да секске немқұрайлы болады.
Мінсіз әйелдің құрбылары ең мейірімді, ең сүйкімді жаратылыстар. Егер еркегі оны ресторанға шақырса, құрбылары қуана-қуана балаларға қарап, жұбайлар Түркияға демалысқа кеткенде үйіндегі мысықтың қалдырып кеткен «кәкәсін» жинауға дайын болады. Той-томалақ бола қалса, мінсіз әйелдің құрбылары 200 адамға үстел дайындап, көмектесуге үнемі келісіп, қол ұшын береді. Бұл қыздар да өте әдемі, және мінсіз әйелдің еркегінің қырындауын қабылдап, құрбысына ол туралы жарты сағат телефонда отырып, тіс жармайды. Еркек риза болмаса, олар ешқашан қонаққа келмейді. Тіпті мінсіз әйелдің еркегін құрбысынан артық көріп тұрады.©Копипаста
Себебі үйдегі мамыражай жаз сияқты өмір жалықтырып жібереді кез келген адамды. Кейде шелектеп жаңбыр жауғанын қалайсың, кейде аяз, қарлы боранды қалайды жаның. Қанша жерден сен мінсіз әйелмен мінсіз өмір сүруді қалап тұрсаң да
Ал осындай ауа райын реттеп, ашығы еркекті жалықтырмай, кезекпен нешетүрлі жаңа мінез көрсетіп отыру тек қана әйелдердің қолынан келеді
Shrek Forever After?
Менікі арабтардың әнек айтқанындай боп кетті-ау деймін. Олар алдымен анекдот айтып береді екен де, артынан тәпсірлеп түсіндіріп береді екен. Тыңдаушылар содан кейін барып күледі дейді.
Керісінше, автор жатып ішер, тек талап еткенді білетін, әрбір әйел мінсіз болу керек деп ойлайтын боскеуде еркектерді мазақ қылып отыр. «Ей, мәмбет ау, арманың орындалмайды бәрібір, өйткені бір пунктің екінші пунктке қарсы келеді» деген меседж айтып отыр жігіттерге. Әйелдердің жоғын жоқтап отыр былайша айтқанда.
Бәріне үлгеруге тырысып жүріп, еркекпен бірдей сегіз сағат жұмыс істесе де, бір қолында бала, бір қолында пылесос, белі бүгіліп, күйеуіне шаршағанын білдірмей күлімдеп тұрғанда күйеуінің түнгі үште масаңдау боп келіп «Лібә, достарым келе жатыр кәне жүзграм ұйымдастырып жіберш, тез-тез-тез болшы» деген әңгімелерінен, оны орындай алмай жатса «Лібә, әйел болып қарқ болмайды екенсің» деп сынауынан зайыбы шыққан нәзік жанды әйелдің жан айқайы.
Қап менікі де арабтардың анекдотындай болды.))
минус қоям деп байқамай плюс қойып жіберіппін, сен де келесіде менің ұнамаған постыма плюс қойып, плюсімді қайтар.
Адамзаттың 95 пайызы қойғұрлы логикасы жоқ деп еді бір жігіт, соған сенімім нығайып келе жатыр. Әжептәуір гуманист едім әйтпесе))
релакс, тэйк ит иииииизи деп Мика секілді әндеткім келеді)
Ипать маған тап сол сәтте «прозрение» келіп көзім ашылып қалд нақ,))) рас айтам, оған дейін үш ұйқтасам түсіме кірмейтін, түсіме кірсе миым жетпейтін ақиқатты бетіме басқанын қарамайсың ба?)))
Сен сондай «сурьезный» және «больной» теманы қозғап, көпке тиіп кетті)
Енді Бейтанысқа менен памятник) За особый дар)
«Сен сондай «сурьезный» және «больной» теманы қозғап, көпке тиіп кетт»
Тфуй, мына даланың ақсақ интернетінде сурет қарау да, минус-плюс қою да, адам сияқты үзінді қыстыру да мүмкін емес. Әйтпесе менің «ударымның» салмағы әжептәуір))
Сосын Айжанатабын тағы былай деп жымиыпТ:
«Енді Бейтанысқа менен памятник) За особый дар)»
— Көр де тұр бұны да Бейтанысқа айтылған комплимент деп түсінеді жұрттар))
— ВКМ былай деп қыстырыпТ:
«Мен осы Бейтанысты Гастаға ұқсатамын»
Ал мен сені үш ай тамақ ішпеген шошқаға ұқсатамын деп айтуға еш негіз жоқ, бірақ оскорблениең сәтті болды. Құттықтаймын)))
Бір мұғалім бар еді бізде (георафия пәнінен беретін жас үлкен апай), сол кісі айтатын: "Үстеріңе көйлек алуға барғанда қастарыңа інілеріңді не ағаларыңды алып барыңыздар, олар ер адам көзімен қарап, дұрыс баға береді". Менімше, бұл сөйлемде терек мағына бар...)))
әйелге берген білінбеид
лібәд нестим… жЪлайн ба күлейін ба?..
Мына постта менің де айтарым еркек осындай әйелге қол жеткізгісі келсе өзі де сол талапты орындай алатын болу керек. Бірақ мен дәл осында әлгі әйелге жазылған талап сияқты мінсіз еркек болса одан мүмкіндігінше қашар едім. «Слишком правильная» өмірді сүргіштер мен сүргісі келетіндер ғана ызыңдай алады. Яғни Гаста 100 пайыз дұрыс айтады: