Жігіт қызды ұнатса...
Бұл түріммен нағыз жауыз қыз мен болатын сияқтымын бұл дүниеде.
Барлығы айтады: «неге сен сондайсың?», «неге тырысып көрмейсің?», «неге дереу өзіңнен адамды алыстатасың?» — деп…
Ал мен айтам: «А жақындатқаннан не пайда?»… «Жақындағысы келетін адам өзін өзі олай ұстамайды...». Сосын барлығы бірден: «А, қалай ол солай ұстамайды деген?» — деп қызығады…
Жігіт қызды ұнатса, оған бір құшақ раушангүл береді…
Жігіт қызды ұнатса, ешнәрсеге қарамай, жан-жақты пікірлерді елемей ұнатады…
Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады.
Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады.
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді
Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді.
Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды.
Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады.
Жігіт қызды ұнатса, оны шексіз құрметтейді.
Жігіт қызды ұнатса, оған сенеді, еркелігін көтереді, жылағанын көтере алмай, ол үшін барлығына дайын екендігін көрсетеді.
Жігіт қызды ұнатса, оны жылатпайды.
P.S. Әрине, бұл менің ойым енді. Сенікі дұрыс емес десеңдер, өздерің біліңдер. Бірақ ішімде жиналып қалған заттар бұл, так что переубедить не получится.
Барлығы айтады: «неге сен сондайсың?», «неге тырысып көрмейсің?», «неге дереу өзіңнен адамды алыстатасың?» — деп…
Ал мен айтам: «А жақындатқаннан не пайда?»… «Жақындағысы келетін адам өзін өзі олай ұстамайды...». Сосын барлығы бірден: «А, қалай ол солай ұстамайды деген?» — деп қызығады…
Жігіт қызды ұнатса, оған бір құшақ раушангүл береді…
Жігіт қызды ұнатса, ешнәрсеге қарамай, жан-жақты пікірлерді елемей ұнатады…
Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады.
Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады.
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді
Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді.
Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды.
Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады.
Жігіт қызды ұнатса, оны шексіз құрметтейді.
Жігіт қызды ұнатса, оған сенеді, еркелігін көтереді, жылағанын көтере алмай, ол үшін барлығына дайын екендігін көрсетеді.
Жігіт қызды ұнатса, оны жылатпайды.
P.S. Әрине, бұл менің ойым енді. Сенікі дұрыс емес десеңдер, өздерің біліңдер. Бірақ ішімде жиналып қалған заттар бұл, так что переубедить не получится.
Біреудің хатын басқа біреу оқыған дұрыс емес
Оның үстіне бұл идея алмасу хаты
ия, барлық жігіттер кино/кітап/мөлтік/риуаят/әпсанадағыдай жақындай бермейді қыздарға))))))))
ал негізі ғашықтық деген намаз сияқты болу керек, ниет еткеннен соң жан жаққа қарауға болмайды ©
«я себя в мусорке не нашел» деген фразаны пір тұтатын адамды құлай сүйгем өзім.
мен бұл жерде ақтарылып жазып жүрген постым жоқ.
жасыма сай/сай емес жазбаларым жеке пырталым дайын болған кезде сол жаққа ілемін.
Кезінде Зере шақырып еді осы жерге, содан жоқтан бары деп жәй бірдемелерді түртіп жүрмін))
«Адамның жандүниесі терең тұңғиық...» деп жазыпты бір аптыр, так ышто
түрік тілін білетіндерді жақсы көрееем, респектНегізі, жігіт қызды сүйсе, жоғарыдағының бәрі келеді!
Әсіресе, кино туралысы супер))))))) (өзекті сұрақ)
Мен уже біліп тұрмын шамамен не жазуға болатынын
@Dinara құлаватырым ана афоризмге)) статусыма қоям
light шегіп ешкім рахаттана алмайды, бәрібір крепкийді аңсап тұрады.
Жалпы постта мен келіспейтін заттар көп екен. Мәселен, жігіт қызды ұнатса деген пункттардың барлығын орындаудың логикалық нәтижесі қыздың жігітті ұнатуы сияқты. Алайда, махаббатта логика болмайды. Тфуй елки, осы жолы, тап нақ осы жолы зануда болғым келмей қалды аяқ астынан. Ступор боп қалдым кәдімгідей))) Шынайылық жетіспейді көп қыздарға. Төсті, көтенді қыз болмағаны әрине қалың минус, алайда ол минусты ішіндегі қазынасымен, және сүйкімді күлкісімен плюс қыла білетін Мадлен «маған ұнайтын қыздар/адамдар типі» деген тізімге бүгін бірнеше пунктті қосып, бірнеше пунктты сызып тастап, шаң басқан тұжырымдарды қайта қарастыруға мәжбүрледі.
«Бойдақ жігіттер, сендерге алтын сырға» деп өзімше сасық жеңгетайлық жасамай-ақ қойдым. Мадленге лайық жігіт менің ақыл-кеңесіме мұқтаж емес. Ол Маржанды идеал қылып таққа отырғызбайды, ол Маржанды кемсітіп, майдалық танытпайды. Ол бұл қыздың бойындағы тереңдікті еш публиканың қолпаштауын күтпейді, әсерлі подход таңдап әлек болмайды, ол қыздың жылтыр қабатының арғы жағындағы тереңдікті өлшей алады, өлшей алмаса, лайық емес…
«сен жазғандай барлық амалдарды көңілі нұсқаусыз істеп жүріп, қыз оны бағалай алмай, бетін қайтарып тастап, жүректі қатты ауыртқаны.»
,
Мәселе сонда, сен сол жасаған амалдарыңа қыздың жүрегін сатып алғың келеді. Ал қыздың жүрегі ол көт не басқа мүше емес, ол ешқандай логикалық амалға сатып алынбайды, ол эволюциялық селекция заңына бағынады.
Сосын басталады мұрнының боғын жеңіне жаққан әңгімелер ол мені бағаламады, мен оған ананы, мынаны істедім, ол менің кереметтігімді көре алмады -деген.
Қыздардың да жігіттердің де шатастырып ала беретін екі қасиеті бар.
Біріншісі ұната білу. Оны Мадлен жазды.
Екіншісі ұнай білу. Оны я құдай тумысыңнан береді, ия тренировка Качалкада емес, өмір өзенінде.
Мен кейде әдейі конфликтке барам. Бұл да тексерудің бір түрі
Маржан айтқандай қызды шексіз құрметтеп кетсең де болмайды, қызыңның алдында тряпка-подкаблучник болып, соңында далада қаласың.
Надо держать маркуБұл фактіні қыздар да мойындайдыМы любим тех, кто нас не любит и губим тех, кто любит нас©фууууу. Сосын сүйіктіңнің бетін сүйесің… капец!
ұшынып қалам ғой дим))))
«Давай» деп қалса өмір бірсыдырғы сияқты болып қалады ма бірнәрсе…
Жеке өзім жігіт ұнатса болды, соңынан еріп кетемін деп қырта беремін, менің де ол кісіні ұнатуым керек.
«Пысықсынып берген бағасымағың үшін өзіңе қалың минус, айналайын»
— Минустан бұрын, @Madlen -ге арналған комплимент деп қабылдадым өз басым.
Әттең сендей джентельмен болу менің басыма жазбаған екен.
«Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады» дегендеріңізге қос қолымды көтеріп қолдаймын. Шыны керек, кейбір кісілер (көңілдеріне келмесін) осы төзімділік, қыз жауабын күте білу дегенді білмейді.
Шынымен де, адамның көздері оның жан дүниесінен сыр аңғартады.Ақылды жан ең әуелі қызды сылдыр сөзбен емес, көздерімен (жанарымен) баурап алуы керек деп ойлаймын.
Осы орайда Мадленге сұрақ қойғым келіп отыр, Мадлен өміріңізде осы келтіріп кеткендеріңіздің бәріне сай келетін жанды кездестірдіңіз бе?
Мен жігіттерден жазғанымның барлығын күтпеуге үйрендім. Так легче!
Кейде қыз сені ұнатып қалады, ал сен бәрін бүлдіресің. Тым жиі звондау арқылы, ойыңды айт деп қысым жасау арқылы, ішпыстырарлық әңгімелер айту арқылы, мәмбеттік движениелеріңді қоймау арқылы қыздың алғашқы пайда болған керемет әсерін туалетке ағызып жібересің. Сол кезде, өыздың іші ашиды.
Біріншіден тым жақсы ұнап келе жатқан сені отшивать етуге мәжбүр болғаны үшін өзіне жыны келеді, екіншіден сен соны болдырмау үшін, қызды өзіңе құлату үшін түк істемегенің үшін, немесе мүлде қажет емес нәрселер істегенің үшін саған жыны келеді.
Мысалы, қыз сені ешқандай понтыңсыз ақ, сұмырай болсаң да, сөзшең болсаң да, кедей болсаң да ұнатып тұрады. Жай ерекше мінезің үшін, адам тартар сүйкімің үшін. Ақылың үшін в конце концов. Ал сен қай-қайдағы стереотиптердің әсерінен жасанды әрекет жасап, өзіңде жоқ нәрселерді дәлелдеуге тырысып жатасың. Бірақ бұл басқа тақырыптың әңгімесі.
Мынау қиын емесқо
Осы қиындау енД
пы.сы. Бұл осындай болыңдар дегенің ба? Оны алдын-ала ескертіп алып, кейін адамдардың өзіңе сондай жасанды мінез көрсетуі мүмкін деген қорқытпайды ма?! яғни, өзің айтқан адамды қандай болса, солай қабылдау керек дегенің жігітке де қатысты деп ойламайсың ба? ой, шо-то сұрақ көбейіп кетті
Былайынша қараса, Мадленнің мына креативінде жеке басындағы мәселе ғана емес, көп жігіттерге жақсы подсказка берілген. Ұнатқан қыздарыңа әрқашан жағымды сюрприз болыңдар.
Бірден ашылмаңдар. Жақсы қасиеттеріңді біртіндеп ашыңдар. Қыздан да бірден ашылуын талап етпеңдер.
"Қыздың бар айтқанын істедім, ол мені тастап кетті" -демеу үшін, ол қыздың бар ойлағанын айтқызбауға тырысыңдар. Ауызбен айтып қойған нәрсесін істемеңдер. Айтылып қойған нәрсені любой топас істей алады. Айтылмаған нәрсені сезе білу, міне жүрек қасиеті қайда.
Сен оған «не істейін енді (саған ұнау үшін)?»- дедің. Ол саған сол сұрағың үшін ақ жыны келіп. «Бриллиант алып бер!» -деуі мүмкін. Бірақ асыл тас алып берсең де, әлгі ақымақ сұрағың үшін, сені ұната қоюы екіталай.
«Та-а-ак, қайда барамыз» -деу арқылы, сен өзіңнің бос қауашақ екеніңді білдіресің. Іші мазмұнға толы адам болсаң, сен міндетті түрде баруға тұратын, өзіңе ұнайтын жерлерің болуы керек, мейлің ол сквердің көп адам біле бермейтін бір бұрышы болсын, немесе қалаға/табиғатқа/тауларға керемет көрініс ашылатын ескі үйлердің шатыры болсын. Кештің жоспарын алдын ала ұйымдастырмаңаның, сол кештің нәтижесіне немқұрайдылығыңды білдіреді.
гуру, мына пункт туралы не дерің бар?
Сұрағыңа келсек, меніңще, автордың бұл тұжырымы таза шындық. Жігіт ұнағысы келсе, көбіне солай ететіні рас. Бірақ ол әрекеті оған қалаған нәтижесін беретініне ешқандай кепілдік жоқ.
біздің түркістандық қыз алып қашқыш кейбіреулерге осыны (компетентті қыздың пікірі ретінде) айтып, көңілдерін орнына түсірейін
Әуре болма, Абзалжан! Онда VKM жоқ екен өкінішке орай Болғанда әлдеқашан біз де кіріп кететін бе едіііік?))
Ортада қанша тілдесулер болды?!