жай өлең

Тұнжырау кабинет іші,
Жағдайы мүшкіл бір мұңым.
Басады сезімнің мысы,
Көзге ілмей өмірдің құнын.

Айнала қаптаған адам,
Тас жүрек. Сезімсіз. Қатты.
Іздеген мұңымда қалам.
Ол да кеп адаспай тапты.

Жан-жағым қаптаған уайым
Мен ғана жападан жалғыз…
Мен ғана бір сертке дайын,
Ал мұңым менсінбес паң қыз.
Бөлісу:

13 пікір

Abilakim
Тұнжырау… кабинет іші,
Жағдай мүшкіл, бар мұңым.
Тартады сезімнің күші,
Сезіндім дүние тарлығын.

Айнала қаптаған адам,
Тас жүрек. Сезімсіз. Қатты.
Жазады мұңымды қалам.
Ол да кеп адаспай тапты.

Жан-жағым қаптаған уайым
Мен ғана жападан жалғыз…
Едім ғой сертіңе дайын,
Тыңдашы менсінбес паң қыз.

Ептеп түзегеніме ренжімессің… Бір-бірімізді түзейтін дәрежеде болмасақта…
zhazular
Әбеке, сенікі жақсырақ шыққан ба деп қалдым
Abilakim
жоға, бұл сенікі ғой. Ойыңды өзгеріссіз қалдырдым, демек сенікі
AKY
Буын санын бұзып жібердің, 1-шумақта.
satibaldi
Поэзияның бетіне тартылған шапалақ, Музаның атына айтылған балағат. Әдебиет өнеріне деген қиянат. Шықпағыр көзім мұндайды да оқыды-ау!
Abilakim
арасында көзіңізге қияр басып алуыңызға кеңес беремін
Beytanis
Дуууу қооооол шапаааааалақ!!!