Видео түсіруді үйрендік

Бүгін өзі қызық күн болды мен үшін))) пресс клубта видео сюжет жасауға сабақ бойынша Асхат спикер жіберіп еді. Мен ерте барып қойыптым. Пресс клубта сөйлейтін 4 спикер және мен залда отырмын))) көзім банка, маған 14:00 де басталады деп айтып еді қасымдағы 2 қыз. Тырп еткен пенде жоқ.))) 10-15 мин небір ойлар келіп кетті))) Прес клубқа алғашқы баруым, лекцияларда алдына барып отырғанды жақсы көрем, себебі артта отырғанда қалған адамдар тыңдауыма кедергі жасайды деп ойлайтынмын. Пресс клубта алдыға отырудың керегі жоқ екен. жарқ жұрқ етіп, камера очм сондай))) сосын, артта даусы ұлғайтылған қондырғыда тұрады екен ғо, диктафон қоюға ыңғайлы кіргенде қалай көрмегенмін деп қойдым.
пресс клубта Фотоапарат+камера+диктофон бәрі өшіп қалып қырсық шалғанда((( ешқандай тапсырма орындай алмай қалдық(((

ПС: үйде бугын кундіз кешке дейн свет болған жоқ тоқ қуат алуға(((
зато барған теманы түсініп келдім. шынымд айтсам түнде о чем идет речь* деп инеттен инфо жыймак болғам))) бірақ гугл көп инфо беріп, оқуға зауқымда соқпады))) ужас

***
сабаққа кешігіп келдік. практикалық сабақ. елдер видеомен уже түсрілу алаңдарын жасап алған. Сюжет, сюжет деп айтып, қасымдағы 2 қыз және мен. басыма түк идея келмей қойды. келген идеяны қағазға жаздым. бірақ түсірілім уақыт аз болып, және камерада жетіспей, үйге тағы қуаттайтын құрығылар тастап кетіппін((( сонымен не керек түсірдім. бірақ жасағымыз келгенді көрсете алмадық кажся))) бірақ гүлді ұстап тұрған Айконтай жақсы шықты кажся, мағанда ұнады

***
Сабақтан шығып, біраз жүріп келе жатып, көйлегімнің сол қолымдағы бауы шешіліп кеткені((( қарсы алдымнан жас жігіт шықты, осы балаға байлап бер десем))) қой, мүмкін… шығар, болмайды дедім, әлі ығайсызданып келемін, ужас бау осыншама ұзын болады екен ау))) тағы бір бала, көзі күлімдеп келе жатыр))) бұғанда болмайды, сосын көп сөйлеп кететін сияқты)))
ух қыздар отыр екен. қуанып кеттім де бауымды айттым))) байлап беріп жатып, 3 қыз 3 жақтан менен инфо ала бастады))) бірінші қыз көйлегіме комплимент айтты, рахметімді кеш айттым))) себебі сұрақтар көп қойлып кетіп, басымда пока переварит))) содан не керек аттарында сұрап үлгермедім))) қайда келе жатқанымды не оқып жатқанымды сұрады. Бірден медианет жайлы сұрақтар қойып, очм асығыс едім сау болыңыздар, бірдеме сұрағыңыз келсе мынау менің контактым деп визиткамды таратып кеттім 3 қызға))) очм сол бүгінгі күнім
Бөлісу:

11 пікір

AKY
Видеоңды ілмедің бе?
monti
видео Асхат ағайдың секретный папкасында болмаса, корзинасында жатса ғо деген тілегім бар негізі)))
blackbeard
Бәрекелді деуден басқа сөз аузыма келмей тұрғаны!
just19
Тақырыбына дәмеленіп келсем, мен күткендей әңгіме баяндалмапты. Өмір біз ойлағандай бола бермейді екен.
qisyq
Өмір жалпы ауыр ғой. Кешегі күннің нәтижесін білесің, бірақ пайда жоқ, ертеңгі күнді білгің келсе де біле алмайсың. Тағдыр, жазмыш деген бар…
just19
Өткен күн — тарих, ертеңгі күн — ол жұмбақ, бүгінгі күн — үлкен сый. Дұрыс айтасың.

Өмір неғұрлым ауыр болған сайын, соғұрлым тәтті. Бал татып тұрад.  
Асар белестер болмаса, қызықсыз болып қалмай ма.
just19
Негізгі дүние мынау ед: әлсіздікті осы жерден байқатып қояйын, студиода видео монтаждап редакторлап, оған эффекттер қосып дискке, кассетаға басудың шет жағасын Степа ағайдың арқасында білетін едік. Енді, жеке камера алып, той домалақтарды түсіру идеясы жалт ете қалмай ма төбеден. Профессионалдық камералар сұмдық қымбат. Жарайды, алармын. (Қаражат болмаса да, армандап қою артық болмайды) Оларды түсіру үшін де талан керек қой, әйтпесе, қисық түсірілген видеоны монтаждап керегі де жоқ болып қалады. Есекке алтыннан ер салған сияқты былайша.
manshukn
Хе-хе, кеше өзі бір қырсық шалған күн болды. Мен «Фотограф Аида» деген видео түсіргем.