Нұрғисаның Америкадағы "әріптестері"



Нұрекеңенен Америкадағы өмір қалай, сурет, видео жоқ па деп сұрап жатсам, біраз видео жіберген екен. Сөйтіп басын құрастырып қойдық. Нұрекеңнің қасында кімдер жүргенін біле отырыңыздар.
Бөлісу:

12 пікір

Abilakim
Нұрекең Угандалық қызды сындырған шығар))))
AKA
Германия мен Бахрейн мемлекеттерінің блогерлері орамалды әпкелер ұнады  Жақсы кездесулер көп болсын!
Abilakim
Кениялық блогшылар да біздің Нұреңнің «Хеллоу Кениясын» көріп отырған шығар
Nurgisa
Негізі әр елдің өкілі өз еліндегі жағдайларды айтып жатқанда, шыны керек, банальді түрде біздікі шүкір екен деген алабөтен сезімдер болғанын жасырмай айтайын, достар. Тарқатып жазуға тырысамын. Бір сағат бұрын Миннеалоиске жеттік, қазір қонақжайға орналастырылдық. Суреттер салам, нәсіп қылса, бірер сағат төңірегінде. Шыны керек, аса көп те сурет жоқ, мүмкіндігінше көзбен көріп, сезіну керек болды. Мұнда түнгі екі, бүгін тағы ұйқым қанбайтын болды. Осындағы адамдарша кофенің күшімен робокоп боп жүрміз, мінеки.
urimtal
@nurgisa демалып, тынығып алғаның жөн негізі! Бұрын мен де сапарға шықсам, бірден көргеніммен бөлісуге асығатынмын. Бірақ тынығып, демалмасаң ертесіне күні бойы мең зең боласың. Оның үстіне уақыт айырымына әлі бойың үйрене қоймаған да болар. Видеоны күшті түсіріпсің. Әлгі қытайлықтың тілегі қазық болды. Сосын Сюзанның
Nurgisa
Сюзан басында тартыншақтады. Қазақстан туралы Бораттан басқа ешнәрсені білмеймін дейді. Қысқаша экскурс болды сосын менің тарапымнан. Шымкенттің жақсы қала екендігі, Ордабасы футбол клубының нағыз чемпиондыққа лайықты екені туралы айтуға тура келді. Содан енді кәдімгідей Қазақстанды көріп кетуге қызығып отыр.
direct
Базарда жоқ видео екен!
huanysh
Мықты! Қыздардың бәрін күліп сөйлеткізген Нұреке
bazuka
Күшті! қызықты ақпараттармен қуантып тұрыңыз! Демалып алғаңыз жөн, әйтпесе сүтті шәй жоқ, кофе денсаулыққа зиян келтірмесін.
AKY
Күшті екен, бәрі емін-еркін әрі табиғи