Өзбекше 2 рэп. Шахрух

Қазақша рэп дегенде — шынымды айтайын, ойыма ешбір қазақ ойыма келмейді. Бәлкім, қазақ рэперлерін тыңдамайтындығымнан, немесе олардың шығармашылығы ұнамайтындығынан, немесе басқа себебі бар шығар, білмедім. Ерболатты айтпағанда.
Түскі асқа асығып отырмын, шынын айтсам)) Содан қысқа қайырайын)

Өзбек елінің ең алды рэпері — Шахрух (Шохрух).
1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.
Ресми сайты www.shoxrux.com
Сонымен, осы рэпердің мен ұнатқан 2 клипін қабыл алыңыздар.
Екі клипте де қоғамның өзекті/актуалды мәселесі айтылып, көрсетілген.
1-клип. Қате (Хато). Отбасылық мәселе.

сілтеме www.youtube.com/watch?v=jlRBGpG81YU
2-клип. Балалығым (Болалигим. Жетім балаларға арнаған әні.

сілтеме www.youtube.com/watch?v=OQocB4llBHI
Екніші әннің сөздері:

Балалығым
1.
Кім келеді ертең арғы күн, мені сұрап,
Деген сұраққа – жауап әле жоқ, бәлкім, алдайды
Кезекпен кезек өтеді, күндерім тыныш өтеді
Назарым менің көшеде, жолдарда.
Өткен кеткендерге қарап, әуес қыламын
Олар жанұя, олар әке-бала
Дүниедегі ең жақын адамдар бірі-біріне
Жалғасады, өмір жалғасады
Киноны қайта қойғандай, ниетпен күнде өтеді
Назарымда, босағада ата-анам:
«- Ұлым бүгін үйге қайтамыз!», сағындым анашым…

Хор:
Аспандағы шуақты күн, әрқашан болсын жолдас
Балалығым…
Сол бір ғажайып күндер, ата-ана бауырында
Балалығым…
Көз жас төгілген күндер, мәз мейрам болған түндер
Балалығым…
Бақытты сәтті санап, түні күні еске алып
Балалығым…

2.
Және қаншама балалар дүниеде, есте болуы керек
Құдайдың пендесі олар
Айталмағандар анашым және мама.
Әке сөз жәрдемін білмегендер де.
Айыпсыз, бейкүнә жетім болғандар,
Жылап, шарасыздарға арнап.
Бағыштадым бұл әнімді.
Әке батасын алмағандар
Аға мейірімін сезбегендер
Қарындас еркелігін білмегендер
Ана сүтін ембегендер

P.S: Мен түскі асқа кеттім, келген соң гәпләшәмыз)))
Бөлісу:

13 пікір

omarbirat
Өзбектерге рэп жараспайды екен ))))) Абиді болмасын
Мынау біздің қазақтардікі:
www.kerekinfo.kz/blog/hiphop/24.html
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 13:50
direct
а енді қозоқ әкәларға жету қайда))
omarbirat
Айтпақшы, бұларда Шахриор екеуінен басқа репір бар ма?
direct
бұлардан басқа репірлер көп — просты оларда екеуінікіндей демеуші жоқ)))
Өзбектерде Шерзод деген балақай бар, жасы енді оннан асқан шығар, ресми клипі интернетте жоқ, былай тв-да көргем, жақсы. Сол балақайда мықты айтады репті.
Мына клип қаранәсілділердікі, әні Шерзодтікі
omarbirat
Негізі, сондай андеграундтағы репірлерді тыңдағанды дұрыс көрем өзім. Шахрухты да, Шахриерды да қабылдай алмадым. Таза попса ғой ))) Біздегі Ерболат та сондай — таза репір деп айту қиын.
omarbirat
Мына балақай да екі Шахтың жолымен келе жатқан бала ғой )))
direct
Ол жағы енді сіздің бкусыңыз бен көзқарасыңыздың нүктесіғой)))
Көп адамдарға Шахрухтың шығармашылығы ұнайды.
Қоғамға маңызды деген тақырыпта реп айтады, андерграунд стиліне салайын десе — саясат рұқсат бермейді. Сондықтан қиыннан қиыстырып, өздерінің мақамына салып аз да болсын шындықты әдемілеп айтады астарлап, сонысына риза боласың.
omarbirat
Шахрух өзі былай ақшасы бар жігіт қой деймін. Бұрын бір дискіден Шахрухтың кәдімгіжей шығармашылық кеш өткізіп жатқанын көрген едім. Қойылымдары ниче былай. Бірақ көрермендері тапжылмай отыр залда. Кәдімгі әншілердің шығармашылық кеші сияқты. Концерттерін клубта өткізбейтін не қылған репір деп ойлайтынмын )
Ол кезде қазақша рэптің бар екенінен бейхабар едім. Кейін қарасам, оқу техникасы жағынан өзбектер біздікілерге ілесе алмайды екен. Текстері тым қарапайым сияқты көрінді. Өзбектің рэпін мойындамайтыным содан ғой.
direct
Шахрухтың беделі жоғары, сондықтан кешті концерт залда салихалы өткізген. А так эфирден тыс жерде достарымен клубта тойлағанғой.

оқу техникасы, Текстері тым қарапайым
осы жерін ұқпай отырмын Омеке?
omarbirat
Өзін рэпшімін дейтіндердің көбі тақпақ сияқты айтатыны болады. Ал кейбіреулері болады, рэп айтқанда ырғағына қарай қалай бас шұлғып кеткеніңді білмей қаласың. Рэпперлер өз арасында флоу дейді оны. Соны меңзеген едім.
Пікір түзетілген: 14 маусым 2011, 10:56