Ауылға барып қайттым...

Бүгін ауылға барып қайттым. Керемет әсерде қайтты деп ойласаңыз — мүлдем олай емес… Күн бүгін ерекше ыстық болып, өзімді өте жайсыз/маңызсыз сезініп, басым ауырып, быт шыт болдым. Ауылға барып әке-шешемді, інім Исмайыл мен Шымқаладан жазғы демалысқа келген марқұм ағамның жалғыз ұлы Жанболатты көріп қайттым.
Үйде анамызды Апа деп, әкемізді Тәте (аға) деп өскенбіз.
Күннің ыстығы жақпай мазамды кетіріп бір бөлек, қарындасымның қалайша ауруханаға түскені бір бөлек қуырды мені… Ол жағын мен айтпайын, сіздер білмей ақ қойыңыздар… Құдайдан амандығын тілеп отырмыз…
Сонымен, бірнеше сурет түсіріп алғам ұялы телефоныммен, сонымен бөлісейін.
Біздің учаскеміз ауылдың шетінде, өзеннің шет жағасында орналасқан. Ауылдың сыртынан автобустан түсіп қалып, жаяу келе жатып мына балақайларды көріп қалдым))


Мына жүрістерін көріп балақай кезімді еске салды))) Сіздердіңде осылай қол ұстасып жүргендеріңіз еске түскен шығар?)))

Кезінде «Star Wars» деген сағыз шайнайтынбыз, ішінен түрлі робот жауынгерлер мен мынадай соғыс түйелері бар жапсырма сурет шығатын.

Сырдария өзенінен өтіп, ауданға кіреберіс жерге ескерткіш дейм бе, әлде басқа дейм бе, жалпы айтқанда сол 'Star Wars'тағы соғыс түйесіне ұқсатып мына бір «бейбітшілік» түйесін орнатыпты.






Дәл осы жерден Шымкентке дейінгі жол 200км.

Мынау Мақтарал ауданына кіреберіс жер. Сол жаққа жүрсеңіз — Атакент қалашығы, оң жаққа жүрсеңіз — Асықата кенті, екі қалашық арқылы да Жетісайға бара аласыз.

Дарбызсүйер сайттастар үшін)))) Биыл дарбыздың 1 келісінің орташа бағасы 30 теңге дейді мына інішек.

Солай сайттастар, бәріңізге тыныштық пен амандық тілеймін!
Бөлісу:

48 пікір

AKA
Қарындасыңыз тез жазылып кетсін ИншАллаһ! Ооо, қарбыыыз! Гүчті, быкуснааа болады…
direct
Аумин! Көп рахмет!
Altygradus
Қарындасыңа шипа берсін!
трансформер түйе екен
Бәрі бір үйдің балалары демеш токо
жайсыз/маңызсыз
мазасыз шығар???
direct
Рахмет!
Білмейм қай үйдің балалары екенін)))
маңызсыз — неважно дейтінге ұқсас бірдеме)
Саған суреттер көрінгеніне мәз боп отырмын, сурет ілсем басты уайым сол саған көрінуі)))
Altygradus
ой айтпаааааааа рақмет рақмет
сен ілген суреттер көру жаңалық болды
маңызсыз деген not important деген дұрыс емес сияқты, одан да мазасыз келетін сияқты, өзімді біртүрлі сезіндім, мазам болмады дегендей
Ал бізде қарбыз кг білмим даже қанша екені 400 теңге шығар тым қымбат
balzaminka
негізі маңызды емес болады ше
қарбызды аңсаааааааап жүрген жайым бар
direct
Altygradus@ солай болса солай шығар
balzaminka
түйе қатты ұнады ғо дим, ия?
Aizhantabyn
Алла шипасын берсін!

Мен ағама тәте деймін)))
direct
Рахмет!

Мен де қарындастарыма тәтемін))
VKM
Біз жақта тәте деген мама, тетя)
direct
Білем)
Тәте, көке — біз жақта аға дегені, ал Талдықорған жақта керісінше, әпке деген мағына да айтады екен))
Шымкенттен Алматыға алғаш рет барған көп жігіттер жергілікті ағаларды «тәте» деп естерін шығарған) Қазір Алматылықтар үйреніп кеттіғой шымкенттік әңгімелерге)
VKM
Рахмет суреттеріңе. Қарбыз 30 тенге дейін тегін ғой))
direct
Рахмет суреттеріңе
Ас болсын))
meirzhan
Мынауың нағыз Star Wars қой.
direct
Иә, бұл бейбіт кезде осылай тұрады, соғыс басталса әскери режимге ауысып, лазерлі қарулары мен ракеталарын шығарып шабуылға шығады, деп қуып кетсем иә?))
edige
Той алдындағы сейілді тоқтататын балақайлардың суретіне келеді екен… Жарапазан айтатын кездерім ай дешиш…
Мен өткенде түйе жоқ сияқты еді.
Ауданның бас архитекторлығына кино, компьютерлік ойындардың фанатын қойған ау… Келесі барғанымда ЗЕРГ, Протос ескерткіштері болмаса… ))))))))
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 09:17
direct
1 ай алдын өткенімде түйе жоқ еді, жақында қойылыпты.
Архитектор компқа қаншалықты қызығатынын білмейм, бірақ Star Wars фильмінің көрермені болуы әбден болуы мүмкін)
Erkekyz
Қарыңдасыңыз сауығып кетсін!
Ал мына түйе қай жерде сонда? Мен де көрмеппін оны.
Асықатаға қарай жүретін суретті алып аламын, естелік болып қалсын ыстық ауылымнан.
Сосын, қарбыз пісіп қапты ғой, ия? Астанаға қарай кім артады білмейсіз бе? Алып қалайын.
direct
Рахмет!
Түйе өзендегі көпірге жеткен кезде оң жақта орналасқан, соңынан санағанда үшінші суретті көріңіз назар аударып.
Ия, қазіргі күндері дарбыз-қауын сатылып жатыр базарларымызда.
Астанаға кім артатынынан хабарым жоқ, хабар болса айтайын))
Janasil
Астанаға да келді дарбыздар. Кеше Шапағат жақтан көрдім.
Abilakim
Бізде де тұр, бағасы қымбат. Жеуге әлі ерте ғой дегенменен…
omarbirat
Дарбыз демекші, жолдың бойында қарбыздар пайда болыпты үжі.
Arhun
Балдардын 3-суреті және ең соңғы сурет ұнады
Ескерткіш жөнінед дөп салыстырып айтыпсың!!!
direct
Рахмет!
Ол түйені бірінші көргенде түсінбей қалдым «Star Wars-тың түйесі мұнда не істеп жүр?» деп))
Arhun
әлбетте ең бірінші пікір сезімі, соңғылардан қарағанда нақтырақ, дәлірек шығады екең…
Zilola
Қарындасыңның дені тез түзіелсін!
Анау түйе троялық емес пе?
Дарбызды абажаю, осы жылы Алматыға келер болсаң дарбызға тапсырыс беремін, өткен жылғыдай сонша күткенімде түк әкелмей жүрме ))
direct
Аумин! Кәттә грасиәс! Дарбыз жегіш Холибор чиройли қиз)
Троялық түйе?))) Ондайды естімеппін, сізден оқып тұрмын))))
Өткен жылы күтіп қана қоймай — азғана әрекет қылу керек еді, әрекет, мен айттым, өзің айтқан жерге келмедің))
Zilola
Троялық ат болғанда, троялық түйе болмау керек пе деген заңсыз сұрақ туылып қалды
direct
Троялық түйе туралы риуаятты студияға алып келсеңіз жақсы болар еді деген кәдімгі дарбыздәме келіп қалды))
Abilakim
дәзіргі дарбыздардың дәмі әлі кіре дойған жоқ шығар, Сен далай ойлайсың Далдықыз?
omarbirat
Дәмінен бұрын, селитрасы көп қазір. Тым болмаса шілдеге дейін шыдай тұру рекоменделеді.
direct
селитрасы көп қазір
селитрасы көп екендігі ТООшны, бірақ күнде дарбыз жейтіндер түк болмағандай томардай-томардай болып жүрғой))
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 12:53
omarbirat
Лобби? ))))))))

Былтырдан бері дарбыздардың көлемі кішірейіп қалды. Селитрасыз піскендігінен бе екен…
saken
балақайлардың суреттері КҮШТІІІІ екен!
direct
Рахмет! Балақай кезде бәрінің суреттері күшті боладығой, оны өткенде балақай кезінде түскен суреттерін жариялаған сайттастардікінен көруіңізге болады)
omarbirat
Шынымен де түйе «Жұлдыз соғыстарындағыға» ұқсайды екен. Джордж Лукастың фанатының қолынан шыққан туынды ма деп отырмын
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 12:48
direct
Түйе орнатылғанымен — көріп тұрғаныңыздай айналасын қоршау, көріктендіру жұмыстары әле бітпеген, солар бітсе бұл түйе туралы мәліметі бар тақтайша қойылса керек, өзгеріс болып жатса толықтырамғой ақпаратты.
bazuka
қарындасыңыз тезірек сауығып кетуіне тілекшімін!

дарбыз ұнап тұр)))
direct
Рахмет тілектестігіңізге!
edige
Кеше арман айтып дарбыз жеп алдық. Менің кескенім тәтті шықты. Бір тіліктен тиді.
Әңгелек, колхозница пісіп па?
direct
Әрине, бірінші кезекте әңгелек піседіғй, ал колхозницаны күніге Камазға артып жөнелтіп жатыр жұрттар.
Zilola
тууууууууй сіз де бір, адамның ауызының суын құртып!
әңгелекті тіліктеп кесіп, еріннің екі шеті тілініп кеткенше жеуші едік ))
bazuka
әңгелек және колхозница деген не? әңгелек деген қауын ба?
direct
сіз үшін екеуінде арнайы суретке түсіріп, жеке постқа ілемін)))
bazuka
рахмет, жақсы болар еді))