Компьютерге әуестік

Барі де, компы бар жұрт аз кезде үйге пайда болған компқа әуестіктен басталған еді. Ең бірінші қызық, атауы біртүрлі «виндоусты» орнатып, бүкіл файлды құртқаннан басталған. Өз компьютеріңді ашып, ішіндегілерді шешіп, құрылғыларын алып, қопарыстырып көру сондай қорқынышты емес. Себебі, өзіңнің меншігің. Нағыз тәжірибе осы ұсақ түйектерден басталған екен. Кейін туыс-туған, жолдас, таныстардың компьютерін жөндеп көру, сәтсіз болып жатса, бірден жаңадан «терезе» орнату операциясы орындалатын. Әрине одан алатын ақша маңызды емес, маңыздысы — көріп білуде ғой. Егер сынып тұрған компьютердің диагнозын барынша дәл айтып, қалай жөндеу керек екенін біліп тұрса, табыс өзі-ақ келеді. Айтпақшы, диагнозды дұрыс қою көбінде тәжірибесі мол компьютерщиктерге тән қасиет.
Компьютерщиктердің бастапқы баспалдағы осындай ұсақ түйектерді меңгеруден басталып, кейін тіл меңгеру қажеттілігіне алып келеді.
-Қанша тіл білесің?
-3 тіл! Қазақша, орысша, ағылшынша.
-Жоқ! Програмдау тілдері бар ғой? Паскаль, Си, ПиАшПи, Яваларды айтамын.
Бағдарламалаудың өз этикасы бар. Өз нормалары мен тәртіптері.
-Негізі, алдымен алгоритмін құрап, сосын барып бағдарлама жазу керек болса, біздің жақтың балалары бағдарламаларын құрып алып, соған қарап алгоритм сызады демекші, жалқау программерлер анау жерден бір, мына жерден бір код ұрлап, соларды құрастырып бірдеңелерін жасап жатады. Оларды кодерлер дегеннен гөрі, быдлакодер деген дұрысырақ.
Қазақша базалық білім алып, орысша бағдарламалаудың не екенін ұғынуға болады, бірақ, заманға сай өмір сүру үшін — ағылшын тілі маңызды.
Шегі жоқ, қопарса қазыла беретін бағдарламалау саласы өте қызықты. Бірақ қатты әуестенуге болмайды деп ойлаймын. Реалдағы өмірдің қызықтарынан құр қалмау керек.
Бөлісу:

9 пікір

KILYZAMAN
… Бірақ қатты әуестенуге болмайды деп ойлаймын. Реалдағы өмірдің қызықтарынан құр қалмау керек.
— деген тұжырымыңның ауқымы қаншалықты кең немесе тар екенін, яғни нені қамтып тұрғанын түсінбей отырмын…
Nurzhol
Мықты прогер ағатай бар. Әңгімесіне қарасам, өмірінің қызықты сәттері компьютердің алдында өткен-ау шамасы деп қалады екен тыңдап отырған адам. Тағы бір жігіт бар. Көп прогерлерді айтам, прогер болған соң, аға прогерлермен әңгіме дүкен құрып қалуға тырысқанда, әңгімесі темір-терсек, линукс vs терезе немесе тағысын тағылармен кете беретін бітпейтін әңгімелер. «Көзқарастың» авторы сияқты әңгіме айтса, бөлек әңгіме ара арасында))) Олардың бетіне олай айтпаймын ғой, ішімнен түйіп қалғандарды осында әкеп құсып тастадым.
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 17:57
KILYZAMAN
бітпейтін әңгімелер.
… Өз мамандығына шын берлудің бір көрінісі болар. Ал енді барғой, біліміне сәйкес білікті болса баға жетеме ондай прогерге?
edige
Дүние мен дінді қоса ала жүрсең…
ereke_enu1
Ей, айтишниктер, сендер ғана лайықсың, Хан сарайы патша тағына©

Амиго, тек қана алға. Жаңа жетістіктеріңмен қуанта бер.
Anar70
-Негізі, алдымен алгоритмін құрап, сосын барып бағдарлама жазу керек болса, біздің жақтың балалары бағдарламаларын құрып алып, соған қарап алгоритм сызады демекші
ereke_enu1
Әр жерден тапқан кодын ойланбастан проектке тыға салатындар да бар екен
bake
Жазбаны оқып отырып, "қандай заманнан келгенмін" деп жорамал жасап отырмын өз басыма. Компьютердің keyboard-дының суретіне қарап үйренгенмін. Бірінші рет компьютер қол созар жерде, екінші рет қасына келгенге мүмкіншілік болғанда бірден ориентир жасағасын ғой. Біраздан соң, программа коды деген түсінік қатайғанда, бірінші рет компакт касетаны магнитафонға қойып программаны жазып/жүктегенде айға барып келгендей болғанмын. Компьютерімде RAM 32 Kbyte дегенде «не деген үлкен» деп «естерінен танып жығылып калған». Заман-ай…
Соңғы түзету: