Орташа есеппен офис қызметкерлері

— Компьютері бұзылса еш нәрсе шұқымаған болып шығады
— вордта не ексель кестесінде ұяшықтармен жұмысты админнен сұрайды
— Олардың ойынша админ бәрін білу міндетті
— Автокадта масштабты қалай кою керектігін де админ білу қажет
Себебі, орнатқан админ
— Резюмесінде Ворд, Ексел, э-пошта, IE білемін деген пункт бар
— Ворд, Ексел, Поверпойнт, Аутлук офистік бағдарлама екенін білмид
— Ворд, Ексел, IE рабочий столға шығып тұру керек
— Телефон арқылы нұсқағанды орындау ақирет
— Флешкаларын пастаянны вирус жеп қояд
— үйіңізге антивирус алу керек десең, жұмыстағыны қобға болмайды ма дейді
— Админ ата жауы
— Сырттан сауатсыз компьютершик шақыруға әуес
— Бірдемесін істеуге бара қалсаң, менің баламның досы ИТшик ед, сол айтты деген әңгімемен мезі қылад
— Документтерін рабочий столда сақтайды
— Флешканы қатты диск ретінде пайдаланады
— Жанып кеткен флешкадағыны алып бер деп мезі қылыды
— Қажетсіз сайттарды жапқаның үшін ренжиді
— Пошталары мой мир арқылы ашылады екен
— порно сайттар өздігінен ашылады екен, проксиде 4000-ға тарта сондай ресурс жабық тұрса да
Бөлісу:

31 пікір

omarbirat
— Компьютері бұзылса еш нәрсе шұқымаған болып шығады
Мойындамасқа шара жоқ  
qisyq
лібә, кей пункттерді оқығанда бүйірім қылп ете қалды:))))))))))))))))))))))))
Nurgisa
Дәл өзі! Диагнозды бұлжытпай нақ қойыпсың, Сигеке!
serjan
1. mail.ru дан басқа почтасы жоқ, оны тағы біреуден: «маған майылру ашып берші деп аштырып алады.
2. Принтер бұзылып қалса „мынау неге істемей тұр“ деп қаныңды ішеді, кезек-кезек келіп.
3. „Компютерді қанша уақытта үйреніп алуға болады?“ деген сияқты сұрақтар қояды. Олар үшін компютер Ворд пен ехсел.
sigma
Бірде, жұмысқа келе салысымен, тел арқылы -„компьютерім қосылмай қалды„- деген тапсырыс түсті.
-Лібә,-жұмыс сегізде басталатын- блок питаниясы кеткен болса таңмен не қоям оған -деп бардым, содан баяғы жаттандыдан жіберді
-Көке ештеме қозғаған жоқпын, түймесін бассам қосылмайД, сол ғана
Көрдім, блокқа питание келмид, силовойды қарадым, орнында тұр екен. Сөйтіп тұрғанда монитордың да қосылмай тұрғанынна көзім түсті, қарасам УПС қосылмапты.
Бәрін қосып кетіп бара жатырсам, -Не болыпты?- дейді
— Действино ештеме қозғамапсыз- дедім
madlen
Орташа есеппен админ:
— дұрыстап бірдемені түсіндірсе, бір жер түсіп қалады
sigma
Жазсай Орта есеппен админ дегенді
madlen
осы жерге жаза салайыншы:
— көзілдірк таққан орыс жігіт
— күнімен өз компында супер задание орындап отырғандай серьезный түр жасап алады
— орнынан қимылдамай отыра береді, креслоға жабысып. Мониторында неге қарап отырғанын құдай біледі енді…
— бірдемеге жаловаться етіп барасың, уфффф деп ол келе қалса, компта бәрі өзінен өзі жұмыс істеп кетеді
— офиста барлығы оған қашан болсын әйтеуір келетінін білетін болған соң ба, әйтеуір ВИП болып сезінеді өзін.
— шынымен де, шұқылап жүріп, қолынан келмейтіні жоқ
Arnur
Бір пункт қосайыншы:
— Бірдеңені көрсетіп жіберуін сұрасаң, соны көрсеткен құрлы өзін Жер шарын ақырзаманнан құтқарған Брюс Уиллис сияқты сезініп әрең істейді. Лібә, әдейі жөндеп түсіндірмейтіндері бар. Себебі, бір көріп алсаң, әрі қарай өзің дөңгелетіп әкетесің ғо.
balzaminka
күн ұзаққа сисадминдер өз-өздері болып атыспақ ойнап, жарысып отырады
sigma
Если админ работает, предприятие не в состоянии зарабатывать деген бар ғо
Aizhantabyn
)) Мадлен, мен кездестірген сисадминдер бәрі ұп ұзын, очки киген, екі қасының арасына әжім түскен жігіттер. Сосын в клетку рубашка дегенді жақсы көретіндер. Маған көбіне А әрпінен басталатын есімділері кездесті: Асхат, Арман, Алмат))))
madlen
в клетку рубашка
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 10:49
Zilola
Арыстан, Амиржан дегендер де бар )))))))))
Delvara
өте дұрыс айтасың, солай. ))
19852407
қолдайм қос қолдап
alisha
Документтерін рабочий столда сақтайды
Біздің бастық сондай… отырады миы айналып, керегін таба алмай
omarbirat
— Автокадта масштабты қалай кою керектігін де админ білу қажет
Себебі, орнатқан админ

Менде осындай болып еді. Опшым, бұрынғы жұмыста компьютерге Традос деген программа орнатып берді. Содан ананы қалай істейді, мынаны қалай жасайды деген сұрақтармен бір аптадай админнің қанын іштім. Кейін оның жұмысы тек орнатып берумен шектеліп, онымен қалай жұмыс істегенде шемішкеше шағуы міндетті емес екенін түсініп, мазаламайтын болдым. Өзім шұқылап жүріп үйреніп алуыма тура келді
asaubota
— Телефон арқылы нұсқағанды орындау ақирет

келіп кетшиш дейді. барсаң элементарный нәрсе болып шығады, ааа былай екен ғой дейді сосын. қажып жүрмін.
Nurgisa
Бәсе, кеңселеріңнен ары-бері өткенде атша кісінеген бір дауыстарды естуші едім. Лажсыздықтан екен ғой.
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 16:27
Aikona
 Енді бәрін білуге міндетті ғой.
Құрысын бірақ ананың біразын өзім жасап алам, менікі тек ана компьютерім құрғыр өшіп қала беред
madlen
Енді бәрін білуге міндетті ғой.
аха, өздерін солай ұстайды, соны да білмейсің ба дегендей. Сосын отырасың сұрауға да бата алмай
Zilola
мен орта есепке кірмеймін-ау ))))))
менің жағдайымда системотехниктер болмай қалса, қасымдағылар мені шақырып қанды ішеді, ексельде бір строкадаға жазбаның бәрі көрініп тұруын да түсіндіру қажет )
AKY
Бірде жұмыстасыма майл-агентпен ворд құжатын жібергем. Біраздан кейін қайта жіберші дейді. Неге десем, майл-агент терезесінде файл қабылданды деген ссылкасы кейінгі келген хабарламалардың әсерінен көрінбей қалып, әлгі файлды аша алмай отыр екен. Барып мои документы папкасынан тауып берсем, «оны ол жерге кім салып қойған?» дейді.
balzaminka
әріптесім есіме түсіп кетті ғой, тақырыптан ауытқып кетсем, сорри. Жобаны тапсыратын кезде компы ұшады да қалады, болмаса сол файл жоқ болып кетеді  Сосын сисадминнің отырғаны компты шұқылап біздің кабинетте
serjan
Қандай ғажапсың!!!
Serzha
— ms onenote, project, access, outlook деген программалармен ешқашан жұмыс жасамаған, незатқа керектігін де білмейтін
konvict
access, outlook мықты программа! Анау екенін білмейді екенмін
konvict
— порно сайттар өздігінен ашылады екен, проксиде 4000-ға тарта сондай ресурс жабық тұрса да
Өлтіріпсің Сигма! Кэшті қарасаң порно видиолар толып тұрады. Өзі түк көрмеген болып мүләйімсиді дегенде қосып қой