Орташа есеппен қазақ бухгалтері
1. Жұмысшылар – оның сорына жаратылған мақұлықтар. Оның ойынша, барлығы – арамтамақ, айлықты текке алып жүрген ептібайымайттар.
2. Ол, өзінің жер бетінде қандай да бір миссиямен келгеніне сенімді. «Әйтпесе, Құдай маған осынша жұмысшыларды берер ме еді?» деген топас риторикалары болады. Сондықтан, көбіне жұмысшыларға пайғамбарсып: «құрттыңдар ғой», «шаршаттыңдар осы!» деп сөйлейді. Және оның ойынша, жаратылыстанудың альфасы мен омегасы – баланс шығару.
3. Аванс беруді – садақа беру деп қарайды. Бұл жерде аванстың айлық есебінен шегерілетінін ескермейді, құдайға бергісіз понт қуады.
4. Экономикадан жұрдай келеді. Оның ойынша – қазір компьютер мен ксерокс және қағаз турайтын аппараттар сатып алып, болашақта мекеменің бланкілерін және т.б. қажетттіліктерін өз бетінше басу – жастардың қитұрқы фантазиясының өнімі. Капитал салу деген ОЕҚБ-ға – тек телевизорда айтылатын нәрсе.
5. Іссапарда болып келген жұмысшының қонақ үйден әкелген шоттары – ресми құжат болып табылмайды. Оның ойынша – жұмысшы, мекеменің ақшасын шашу үшін ең қымбат қонақ үйге тоқтап, ең қымбат кафелерден тамақ ішкен. “Ақша жету керек еді ғой, вокзалдағы демалыс бөлмесіне қона салмадың ба?” деген сықылды ашу айтады. Сенің :“ау, апа, ядролық бомбаның схемасымен қалай вокзалға түнеймін?” деген уәжіңе құлақ аспайды. Бірақ, СаянҮштің денсаулығымен ант етейін: өзі іссапарға барғанда люкс қонақ бөлмелерде жатып, қара уылдырық жейтініне күмәніңіз болмасын, нақтың!
6. Жұмысшылармен субординацияны бастықтан бетер сақтайды. ОЕҚБ ешқашан қоғамдық көлікке мінбейді, себебі ел қатарлы қорланып, көлікте тұрып тұрғанымды жұмысшылар көріп қалса, беделім түсіп кетеді деп санайды. Магазинде де олардың кір сабын, иіс сабын және шампунь алып жатқанын көрмейсіз. Ал қымбат бутиктерде сұмдық бәлекеттерді тамашалап жүргенін көруге болады. Қорықпай-ақ қой: ол сен кетіп қалғаннан кейін, оны алмай кетеді.
7. 40-45 жасқа дейінгілерінің есімдері әдетте Айнұр, Айгүл, Динара, Элеонора болса, 45-60 арасындағылары әдетте Жәмила, Күнімай, Зылиқа, Бәтес, Гүлзипа, Әзима болады. Оның үстіне Серік, Абзал сияқты, әдетте ер адамның аты болатын еімдерге ие болатын көбінесе осы ОЕҚБ-лар. Қыс айларында соңғыларын түйе шархатсыз және қосымша жылыту агрегатынсыз елестету мүмкін емес.
8. Жұмысшылар әкесінен әрі лақытырып жіберуге апара жатқан Сталин уақытынан қалған шкафты жарты жолдан тоқтатып алып, “есігінен тақта жасауға болмай ма, нақтар кілең!”, «шуруптарын ағытып алмадыңдар ма, енесстер!» деп, қанды ішеді. Алайда өзінің үйіне қолданыста болған тұтқа салып көр, әжеңнің түбіне жетеді.
9. Денсаулығын мықты күтеді. Әсіресе дәрілік шөптер, пайдалы массаждар туралы әңгіме айта алатын адаммен қарым-қатынасы жақсы болады. Ондайлар көбіне қазақ болмағандықтан, неліктен осы біздің бұғалтыр кәріс-орыс-неміске үйір деп, түсіне алмай жүресің.
10. Мекеме ішіндегі қаржылық жаңалықтарды өтірік ақымақтанып, бірінші рет сенен естіген сияқты болып тұрады. Бұғалтырды таң қалдырдым деп өсек айтуға асықпай тұра тұр: ол жаңа тәртіп бойынша есептерді осыдан бір апта бұрын шығарып тастаған!
11. Мекемедегі жаңа мебель алу, жаңа терезе салу, кондиор қою сияқты жаңалықтар бірінші ОЕҚБ кабинетінен басталады.
12. Ешқандай да саяси көзқарасы болмайды!!! Оның саяси көзқарасы – ағымдағы жүйенің есеп-қисаптарын дұрыс жүргізіп, финконтроль мен финполдан аман алып шығу – бітті! Ендеше, небір төңкеріс болып, мекеме басшылығына ультрасолшыл сексуал-террористтер келсе де, жалғыз орнында қалатын кадр – осы ОРТАША ЕСЕППЕН ҚАЗАҚ БУХГАЛТЕРІ болмақ.
Жалпы айтқанда, енессс дегеннен басқа эпитет келмей тұр бұл жандарға байланысты, әнасстың.
© satibaldi

-Админ 1C білуі міндетті
Арасында кабинетке келіп ап компыңа қарап тұрады да не істеп отсың деп сұрайды
Бұғалтыр сұмнан шығады нақ!» деп соғып жіберсем ия? )))
Ия, шайды просто так іше салмайды, дастарханды гүлдей жайнатып тұрып ішеді)))))))))))
наурызда ше, ващще әлі жыным келеді сол есіме түссе.
Еее, жалақымды, еее отпускнойымды түсірмеген ғо күйдіргілер, вицеге барып шаңдарын қақтырып алып едім, неге бірдеңе болса басшылыққа барасыңдар деп ренжіп қояды.
8 наурыздың мейрам қарсаңында жындарына жақсылап тиіп алдым )))
Қазіргі компаниямдағы негізгі бұқалтырлары ауылда. Бұл жақтағысымен жақсы қарым-қатынаста сияқтымын.
Бір ай бұрын дәл осы оқиға басымнан өтті.
қашан тастайды екен деп, осы жазбаны есіме алып оқып болып отыр едім.
орташа есеппен сөзін көпшілік түсінбейтін сияқты.